Сабақ негізделген оқу мақсаттары



бет1/2
Дата18.05.2022
өлшемі29.95 Kb.
#457110
түріСабақ
  1   2

Сабақтың тақырыбы:
Әлихан Бөкейханов және оның қызметі

Күні: 13.12.2021ж
Сыныбы:11

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және
қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру

Сабақ нәтижесі:



Оқушылардың барлығы Әлихан Бөкейхановтың Алаш қайраткері екенін біледі. Оқушылардың көбісі Әлихан Бөкейхановтың Алашорда үкіметін құрушы тұлга екеніне сипаттама береді.
Оқушылардың кейбіреуі Әлихан Бөкейхановтың және Алаш зиялыларының еңбектеріне талдау жасайды. Дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

1. XX ғасырдың 20-30 жылдарында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ
зиялыларының тарихын зерттейді.
2. Ә . Бөкейхановтың және Алаш зиялыларының қазақ тарихындағы орнына баға береді, саяси портретін жасайды.
3. Ә . Бөкейхановтың публицист және ғылымдағы жолына талдау жасайды .

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, география, дүниежүзі тарихы

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы



Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Аялы алақан» тренингі
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады.




Жаңа білім



Білу және түсіну.
Алаш зиялылары және Ә. Бөкейхан туралы қысқаша баяндаймын, осы тақырып бойынша оқушылардың не білетінін не білгісі келетінін айқындаймын. Осы негізде топқа жеке тапсырма беремін.
1 тапсырма. «Постер қорғау»
Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. Сол арқылы әр топ постер қорғайды.
1. «Жазушылар» тобына «Ақпан төңкерісінен кейін құрылған саяси партиялар мен ағымдар»
2. «Тарихшылар» тобына «XX ғасыр басындағы ұлттық баспасөз» (Қазақ, Үш Жүз газеті, Айқап журналы)
3. Суретшілер тобына «Алаш зиялыларының рухани мұрасы»
ҚБ; «Өзара бағалау»
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі мекемелерде, өкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды.
Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше, қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді. Ал XIX ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын- аулақ мектептер мен гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің «зиянды әсерінен» сақтау және далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін Санкт-Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә. Бөкейханов (Орман шаруашылығы институты), Мұхамеджан Тынышпаев (Темір жол көлігі институты), Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров(Дәрігерлік академиясы), Б.Қаратаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай (Санкт-Петербург университеті) сияқты ұлт-азаттық қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлер білім алды. Қазақ жастары, сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды. Алаш партиясының құрылуы
Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды». 1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...».
«Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды.
Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12—20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.

Оқулық,
мәтіндер.

Әр топ берілген тапсырмалар-ды «постер әдісімен» қорғайды


Карта, слайд, сурет





Ортасы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет