Бөлім тақырыбы: Қазақстанның XIX-XX ғасырдағы мәдениеттің дамуы.
Сабақ тақырыбы: XIX ҒАСЫРДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ ІСІ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы
Қазақстан тарихы
7-сынып
Оқу мақсаты:
XIX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру.
Бағалау критерийлері:
- XIX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіре алады.
1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды. Кейіннен ол Сібір және Орынбор Неплюев кадет корпустарына айналды.
Қазақ өлкесіндегі зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы
Омбыдағы кадет корпусы
Орынбор Неплюев кадет корпусы
Казак станциаларында, бекініс-қамалдарда діни шіркеулер және казактардың балалары оқитын мектептер болды. Олардағы оқыту деңгейі тым төмен еді. Мұғалімдердің басым көпшілігі шала сауатты дьяктар, сондай-ақ қызметтік міндетін өтеген солдаттар мен казактар құрады.
Онда хатшылар мен аудармашылар даярланды, орыс тарихы, математика, география, геометрия негіздері оқытылады.
Кейін осындай мектеп Омбыда ашылды.
1850 жылы Орынборда оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды.
1861 жылы Троицкіде , басқа қалаларда орыс-қазақ мектепері ашылды.
1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалары енгізілгеннен кейін зайырлы мектептердің саны арта түсті.
1879 жылы Торғай облысында алғашқы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі пайда болды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында мұғалімдер мектебі ашылды.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Омбы, Семей, Ақмола қалалары халыққа білім беру орталықтарына айналды.
Қазақстандағы орыс тілді халықтардың арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсетті. Атап айтқанда халықтың 8,1 пайызын сауатты деуге болатын еді.
1885 жылдан бастап барлық уездерде ауылшаруашылық мектептері ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшін ауылдық көшпелі мектептер ұйымдастырылды
Дала генерал-губернаторы Сухотин Ақмола және Семей облыстарының әскери губнернаторларына орыс-қазақ мектептерін ашуға ұсыныс жасады.
Дала өлкесінде ауыл мектептерінің пайда болуы
Ақмола облысындағы Халық училищесінің директоры А. Е. Алекторов ел арасында жаңа мектептерді ашудың мақсат-міндеттерін түсіндірді.
«Олар қандай мақтауға да лайықты, білімді тез меңгеріп алады, оқуға қабілетті келеді»
Ф. Собысевич
Шетелде білім алған қазақ жастары
1789 жылы Омбыда Азия мектебі ашылды. Ол шенеунік кадрлар даярлаумен айналысты. 1872 жылы Омбыда мұғалімдер семинариясы ашылды.
Ол іс жүзінде бүкіл Қазақстан үшін мұғалім кадрын даярлайтын орталыққа айналды. Онда бастауыш училищелер үшін мұғалімдер даярланды.
Омбыда, сондай-ақ Көкшетау мен Ақмолада қазақ балалары үшін сол жерде жатып оқитын интернаттар ашылды.
1882 жылы Омбыда техникалық училище ашылды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Омбының оқу орындарында қазақ халқының көрнекті өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері бітіріп шықты. Олар Әлихан Бөкейхан, Айдархан Тұрлыбаев, Отыншы Әлжанов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Қошке Кемеңгеров, Дінше Әбілов, Смағұл Садуақасов т.б. болды.
Қазақ жастарының Ресей империясы мен шетелдердің жоғары оқу орындарында оқыған қалалары
Санкт-Петербург
Қазан
Мәскеу
Томск
Саратов
Киев
Тарту
Каир
Бомбей
Стамбұл
Варшава
XIX-XX ғасырлар тоғысында тек Қазан қаласының өзінде ғана 100-ге жуық қазақ жастары білім алды.
Санкт-Петербург университетінің заң факультетін М. Шоқай мен А. Тұрлыбаев бітіріп шықты.
М. Шоқай
А. Тұрлыбаев
Ә. Бөкейхан Санкт-Петербург Орман институтын, С. Асфендияров Санкт-Петербург әскери медицина академиясын, А. Сейітов Томск университетінің медицина факультетін, Ж. Досмұхамедов Тарту университетінің заң факультетін, М. Ғабдолғазизов Каир университетін, О. Тұрмағанбетов Бомбей университетін, Х. Нұржанов Киев университетінің заң факультетін бітірді.
Білімді қазақ жастарының тұтас бір тобы туған өлкесінің тарихы мен этнографиясын зерттеді. Атап айтқанда М. Шорманов, М.С. Бабажанов және басқалар жемісті еңбек етті.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанды ғылыми тұрғыда қарқын алды. Қазақстанды зерттеумен орыс ғалымдары
П. П. Семенов-Тянь-Шанский
В. В. Радлов
Г. Н. Потанин
Ә. Диваев
А. И. Добромыслов
А.И.Левшин
т.б. айналысты
Достарыңызбен бөлісу: |