Абылай хан атындағы №4 орта мектеп
Тәрбие сағатының жоспары
Тақырыбы: «Бірлік – түбі тірлік»
Сыныбы: 4 «А»
Мұғалім: Абжаппар А.Е.
Есік қаласы 2020 жыл
Тәрбие сағатының жоспары
Күні: 17.01.2022 ж
Сыныбы: 10 «Б»
Тақырыбы: «Күшіміз бірлікте»
Мақсаты: Оқушыларға бірлік – түбі тірлік ұғымы жайлы түсінік беру. Мемлекетіміздің өркендеп, ілгері басып келуінің бір себебі – елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының нық болуын жалғастыру, татулықты дәріптеу.
Оқушыларға адам бойында болатын достық сезім қасиеттері қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу,балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету.
Міндеттері: а) оқушыларға еліміздің бүгіні мен келешегі үшін бірлікте болу басты борышымыз екенін ұғындыру, бірлікпен жасалған жұмыстың тірлігі артатындығы жайлы білімдерін қалыптастыру;
б) дамытушылық: оқушылардың ұжымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту, еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту, арттыру;
в) тәрбиелік: Оқушыларды мемлекетіміздің достық пен бейбітшілік қарым-қатынасын, тарихын білуге және татулыққа, ауыз біршілікке, достыққа, ұжымшылдыққа , адал дос таба білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, ынталандыру, түсіндіру
Көрнекіліктер: видеоролик, тақырып жазылған плакат, бірлік-түбі тірлік жайлы суреттер, А4 форматтағы қағаздар, интерактивті тақта, ватман, түрлі-түсті бояулар, фломастер,
Формасы: сөздік
Барысы:
І. Кіріспе:
Ұйымдастыру кезеңі:
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Күшіміз бірлікте» деп аталады.
Балалар, сендер «Бірлік – түбі тірлік» дегенді қалай түсінесіңдер?
Бірлік дегеніміз не?
Әрбір істі ұжымшылдықпен жасау үшін адамға не қажет?
(балалармен тақырыпты талдау)
Достарыңызбен бөлісу: |