Сабақтың мақсаттары:
Келешек ұрпақтың көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру, ата – аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту.
Сабақтың формасы: Сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекіліктері: «Мен және отбасым» атты қабырға газеті, мақал – мәтелдер, нақыл сөздер.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар!
Бүгін біз келешек ұрпағымыз көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру, ата – аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Өнегелі отбасы» тақырыбында сайыс сабақ өткізгелі отырмыз.
Адам артына із қалдыру үшін жер бетінде, басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде, жүрегінде із қалдыру үшін туады демекші, ата – ана өмірге ұрпақ әкелген соң оның жақсы азамат болып өсуіне, тәрбиесінің дұрыс болуына мән беріп, аса бір ілтипатпен қарайды. Ал осындай саналы да тәрбиелі ұрпақтың өсуіне ата – анамен бірге мектеп ұжымы да бірдей ат салысады.
Балалық шақ – адам өміріндегі қайталанбайтын маңызды шақ. Балаға деген қарым – қатынасымыз о бастан қандай болса, баланың жеке басы соған қарай қалыптасады. Баланың жеке бас қасиеттерін дер кезінде байқау – келешекте оның жақсылыққа жақын болуына, ата – ананы қадірлеп, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Сіздерді бүгінгі сабағымыздың қонақтарымен таныстырып өтейін: (отбасылар)
Сайыс шарттары мынадай:
-
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» - таныстыру.
-
«Білгенге – маржан...» - сұрақ-жауап.
-
«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» - қолөнер бұйымдарын қорғау.
-
«Тәрбие тірегі отбасында» - жағдаят сұрақтарына жауап беру.
-
«Өнерлі өрге жүзер» - отбасылар өнері.
-
«Баланың бас ұстазы – ата - ана» - тірек – схема құрастыру.
Бүгінгі сайысымыз екі түрлі жолмен бағаланады:
-
Әділ қазылар алқасының көмегімен: (Әділ қазылармен таныстыру).
-
Тәуелсіз сарапшы көмегімен (Қорапшаны көрсетіп, түсіндіру).
-
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» - таныстыру.
-
«Білгенге – маржан...» - сұрақ-жауап.
№1 отбасына қойылатын сұрақтар:
-
Үш би - Әйтеке, Төле, Қазыбек.
-
Адасқанда бағыт көрсететін жұлдыз – Темірқазық.
-
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары – Домбыра, қобыз, жетіген.
-
ҚР мемлекеттік рәміздерін ата - Әнұран, елтаңба, ту.
-
Бала өмірге келгенде болатын той – Шілдехана.
-
Сынған сүйекті салушы – Сынықшы.
-
Мұсылман дінінің пайғамбары – Мұхаммед Пайғамбар.
-
Ұясы жоқ құс – Көкек.
-
Оралхан Бөкейдің туған жері – Катонқарағай.
-
Бала – балың,
Немере ...(жаның).
№2 отбасына қойылатын сұрақтар:
-
Жеті күн – Дүйсенбі, сейсенбі,...
-
Бір мүшелде неше жыл болады? – 13 (12).
-
Қырық өтірікті айтқан бала – Тазша бала.
-
ҚР мемлекеттік тілі – Қазақ.
-
Қуанышты хабар үшін сұралады – Сүйінші.
-
Қажымұқан Мұңайтпасұлы кім? – Палуан.
-
Ағаштан жасалған су тасуға арналған құрал – Иін ағаш.
-
Жылқыда өт жоқ, құста ... (сүт жоқ).
-
Ш. Уәлиханов қай облыста дүниеге келген? – Қостанай.
-
Әке – асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ, Бала - ... (жағасындағы құрақ).
№3 отбасына қойылатын сұрақтар:
-
Қазақтың киелі сандары – 3,7,9,...
-
Қазақтың атақты күйшілері – Құрамнғазы, Дина, Қазанғап.
-
Қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер – Алдар Көсе.
-
ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? – 1995 жылы.
-
Балалр дүниеге келмей жатып екі жақтың құдаласу салты – Атастыру.
-
Қазақта халық емшісін кім деп атайды? – Тәуіп.
-
Талқан түюге арналған көне құрал –
Келі, келсап.
-
Бақыт құсы – Аққу.
9. Абай мұражайы қай жерде орналасқан? – Семей.
10.Бала тілі - ... (бал).
Музыка пәнінің мұғалімі Нұрлы Бағдәулетқызының орныдауында «Ұрпаққа өсиет» термесін қабыл алыңыздар!
-
«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» - қолөнер бұйымдарын қорғау.
А) Өздері жасап келген заттарын қорғау.
Ә) Киіз үй бөліктерін құрастыру. –
Осы кезде 5 «Б» сынып оқушыларынан құралған шағын оркестрдің орныдауында Дәулеткерейдің күйі «Қос алқа».
Тақтадағы мақал –мәтелдердің мағынасын ашу.
-
«Тәрбие тірегі отбасында» - жағдаят сұрақтарына жауап беру.
№1 отбасына қойылатын сұрақтар:
Ата – анаға:
Балаңыз кішкене дауыс көтерсеңіз болды, «үйден кетемін» деп ашулана бастайды. Мұндай жағдайда қандай шара қолданар едіңіз?
Балаға:
Ата – анаң қатты дауыс көтерсе немесе ұрса сен қандай әрекет жасайсың?
№2 отбасына қойылатын сұрақтар:
Ата – анаға:
Балаңыз мектепте сынып жетекшісімен келіспей қалды. Жағдай ушығып барады. Бала, тіпті мектепке барғысы келмейді. Сіз қандай жол табар едіңіз?
Балаға:
Сынып жетекшісімен келіспей қалсаң, не істер едің?
№3 отбасына қойылатын сұрақтар:
Ата – анаға:
Сіз балаңыздың өзінен үлкен балаға ақша беріп жүргенін көршіңізден естідіңіз. Сіздің әрекетіңіз?
Балаға:
Жасы үлкен бала сенен ақша талап етеді. Осы жағдайда не істер едің?
Қазақ халқының ұлттық биі «Қара жорғаны» назарларыңызға ұсынамыз.
-
«Өнерлі өрге жүзер» - отбасылар өнері.
-
«Баланың бас ұстазы – ата - ана» - тірек – схема құрастыру.
«Тәрбие көзі не?»
«Ата – ана алдындағы борышым»
Көрермендермен сұхбат жүргізу: Қай отбасы жеңіске жетеді деп есептейсің?
Қорытынды: Мұғалім жалпылама қорытынды жасап, әділ қазылар алқасы берген бағасысмен таныстырып мынадай номинациялар бойынша марапаттаулар жүргізеді:
-
«Өнегелі отбасы»;
-
«Ең өнерлі отбасы»;
-
«Ең білімді отбасы».
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
«Өнегелі отбасы»
Өткізген: 5 «Б» сыныбы.
Сынып жетекшісі: Тулегенова Г.Т.
2013 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |