1–4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
6 САБАҚ
Сенім арту – жетістік кепілі
Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз?
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың әртүрлі жағдайларда балаға тиімді көмек көрсетуге дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
ата-аналардың баласына қандай да бір қиын жағдайда дұрыс және жедел көмек көрсетуге деген ұмтылысын ынталандыру;
ата-аналардың қиын жағдайлардың түрлері және оларға тап болған балаларды қолдаудың тиімді тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту;
қиын жағдайларды шешу кезінде ата-аналардың баланың күшті тұстарына сүйену дағдыларын дамыту.
Жоспар
I. Ұйымдастыру бөлігі
Сәлемдесу
Мақсаты мен міндеттері
Күтілетін нәтижелер
II. Негізгі бөлігі
1. «Социометрия» ширату жаттығуы.
2. Қиын жағдайлары бар кейстер.
3. Мәселе туындаса не істеу керек? Ата-аналарға арналған кеңестер.
4. «Чемпион картасы» чек-парағы.
5. «Жақсылықты бірге жасайық» жаңа қысқаметражды фильм.
6. «Мен не сезінемін?» жаттығуы. Талқылау.
7. «Бас қатырғыш» эмоциялар туралы фильмді көруге арналған ұсыныстар
III. Қорытынды бөлігі
Күтілетін нәтижелер.
Сабақтың соңында ата-аналар:
қиын жағдайларда баланың жағдайын айырып танитын және ден қоюдың оңтайлы тәсілдерін таңдай алатын болады;
баласының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жедел және психологиялық негізделген қолдау көрсету әдістерін меңгереді;
қиын жағдайларды шешу үдерісінде балаға сергек қарауды және оның күшті тұстарына сүйенуді үйренеді.
Қажетті ресурстар: презентация, бейнероликтер, бағандар, маркерлер, А3 және А4 парақтары, қаламдар.
Достарыңызбен бөлісу: |