Сабақ тақырыбы: Ауыз су, тұщы су проблемасы Білім беру ұйымының атауы



Дата01.03.2024
өлшемі49.31 Kb.
#493528
түріСабақ
request (1)


Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ тақырыбы: Ауыз су, тұщы су проблемасы


Білім беру ұйымының атауы

«Абай атындағы №31 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Пәні:

Экология және біз

Бөлім:

Экологиялық мәселелер

Педагогтің аты-жөні:

Турешова Құралай

Күні:

01.03.2024ж

Сынып: 7 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ауыз су, тұщы су проблемасы

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары

3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және диалог құрап,
түсіну және олардың ойын толықтыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған материал бойынша сұрақтарға жауап береді, сюжеттің даму желісін мұғалімнінің қолдауымен мазмұндайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, сюжеттің даму желісін мазмұндайды.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, сюжеттің даму желісін мазмұндайды және диалогқа қатысады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған
кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 10 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасамын. Топқа бөлінулерін сұраймын.
Оқушыларды топқа бөлу.
«Балқаш көлі» тобы
«Қапшағай көлі» тобы
«Іле өзені» тобы
«Ертіс өзені» тобы
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
«Мен саған тілеймін» тренингі
Әуен ойнап тұрады. Оқушылар орындарынан тұрып, бір- бірінің көздеріне қарап тұрады. «Мен саған ... тілеймін!» - жанындағы адамға лебізін айтады.
Сынып оқушыларының өзара бір-біріне деген жақсы қарым- қатынасын, сенімін арттыруға көмектеседі.

Слайд
текшелер




Ой шақыру
«Су» сөзіне ассоциация жаса.
Мұғалім шағын бір ыдысты суға толтырып, ортаға қою арқылы оқушылардың ассоциация жасауын сұрайды.

Сабақтың тақырыбын болжау Сабақтың мақсатымен таныстыру




Сабақтың ортасы 25 мин

Мағынаны тану
Тыңдалым алды тапсырмасы:
Жаңа сөздерді меңгерту

Бу

Пар

Айнала

вокруг

Өрт

Огонь

Сұрауы бар

Есть запрос

Айналым

Оборот






  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін қайталайды.

Тыңдалым тапсырмасы:

  1. Мәтінді мұқият тыңда.

Көп тамшыдан су пайда болады. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып оралады.
Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.
Су - тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз. Сонымен қатар егін суғарамыз, өрт сөндіреміз. Жан - жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Балалар, мына ғаламшарға қараңдаршы, жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр.
Суды ғаламшарда көк түспен белгілейді. Ал ауыз су сол сулардың 2,5 пайызын құрайды. Сондықтан ауыз су тапшы. Суға қоқысты тастауға болмайды, жазда теңізге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кетуіміз керек. Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз"Суды бекерге төкпе","Судың да сұрауы бар"деп айтатыны сондықтан.
«Конверттегі сұрақ» « әдісі арқылы мәтінге қатысты сұрақтар қоямын
Сұрақтарға жауап бер.

  1. Біз ішу үшін қандай суды пайдаланамыз?

  2. Судың пайдасы қандай?

  3. Суды ғаламшарда қандай түспен белгілейді.

  4. Суды үнемдеу үшін не істеу керек?



Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
«Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы тақырыпқа қатысты әртүрлі тапсырмалар беріледі.

  1. Берілген сурет бойынша диалог құрастырыңдар.

  2. 10 сұрақ. иә немесе жоқ деген жауап.

  3. Сурет бойынша мәтін құрастыр.

  4. ВЕНН диаграммасын пайдаланып, құдық суы мен ащы суды салыстырады;

Қолданылатын сөздер:
өзен, ағза, айнала, пайда, ағады, су, қоқыс, ластайды, демалыс, үнемдеу, қоршаған орта.

Слайд

видеомәтін




Сабақтың соңы 5 мин

Рефлексия

Бағалау
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.
Үй жұмысы

  1. Қазақстандағы өзендер туралы ақпарат дайында.

Слайд



Тексерілді:_________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет