Сабақ тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау Мақсаты



Дата04.07.2016
өлшемі44.82 Kb.
#177872
түріСабақ
Ақмоншақ Әйіп,

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,

Қоскөл ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Сабақ тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау

Мақсаты:


Білімділік. Қазыбек би мен Бұқар жыраудың өз заманындағы елінің тыныштығына,халқының бірлігіне белсене араласқаны туралы мағлұмат беру

Тәрбиелік.

«Шешеннің сөзі ортақ» деп қастерлеген халқымыз ұшқыр ой, зерделі сөзді бағалай келе жас ұрпақты тапқыр сөйлеуге, ұтымды жауап беруге тәрбиелеу

Дамытушылық.

Оқушыларға шешендік өнердің мән-мағынасын ашуға, ата-бабадан қалған асыл сөзді қадірлеуге баулу

Сабақ түрі:Жаңа білімді меңгерту

Сабақ әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау

Көрнекілігі: Қазыбек би мен Бұқар жыраудың портреттері, шешендік кітаптар, «Көшпенділер» кинофильмі, слайд

Ұйымдастыру бөлімі:

Үй тапсырмасын сұрау.

«Байдалы бидің көңіл айтуы» шешендік сөзі.

Сұрақтар:

1.Ханы өлген, қара жамылған Айғанымға кім көңіл айтуға келді?

2. Неліктен жаназаға келе алмады?

3. Шоқан туралы не білесіңдер?

4. Байдалының келуі қайғылы ордаға қандай тіршілік әкелді?

5. Айғаным Байдалы биге қандай ізеттілік көрсетті?

Жаңа сабақ

І. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазыбек би мен Бұқаржырау».Назарымызды кино фильмге аударайық..

- Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымызды ақтай білген елміз.Атадан ұл туса құл боламын деп тумайды,анадан қыз туса күң боламын деп тумайды.Ұл мен қызын жатқа құл-күң ғып отыра алмайтын елміз.

1. Бұл әйгілі толғау қай би-шешеннің сөзі?

2. Оны кімге айтқан?

3.Толғау қандай киноға енгізілген?

ІІ. Мағынаны тану.

«Қазыбек пен Бұқар» шешендік сөзінің мәтіні таныстырылады.

Қазыбек бидің жауабы:


  • Бір дегеніміз- бірлігі кеткен ел жаман.

  • Екі дегеніміз-егесіп өткен ер жаман.

  • Үш дегеніміз-үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

  • Төрт дегеніміз-төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

  • Бес дегеніміз-білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман.

  • Алты дегеніміз-аймағын билей алмаған хан жаман.

  • Жеті дегеніміз-жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

  • Сегіз дегеніміз- серкесіз бастаған қой жаман.

  • Тоғыз дегеніміз- толғаныңыз.

  • Он дегеніміз- өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.

Қарт жырау бидің жауабына риза болыпты.

Қазыбек би кім?

Қазыбек Келдібекұлы-18 жасынан бастап қазақ елі басынан кешірген тағдыр тауқыметінің,алмағайып замана оқиғаларының куәгері, орта жүздің төбе биі, шешендік өнердің маңдай алдыөкілі ретінде еліміздің тарихында мәңгілік орын алған аса ірі тұлға.Ол Тәуке ханның кезінде «Жеті жарғы» әдет-ғұрып заң кодексін жасаушылардың бірі.Ол қазақ халқының бір тұтас, дербес мемлекетін құруға және оны нығайтуға қатынасқан ірі мемлекет қайраткері. Сонымен бірге Қазыбек өз тұсындағы қазақ хандарының ақылшысы, мемлекетаралық шиеленістерді бейбіт жолмен реттеуді жақтаған парасатты елші-мәмлегер де бола білген.

Қаз дауысты Қазыбекті үш қырынан қараған жөн. Ең алдымен ол асқан шешен, ақын болған. Екіншіден,ел басқарған дау-жанжалды шешкен әділ қазы. Үшіншіден,ол халықаралық дәрежедегі елші, қоғам қайраткері.

Халық аңызы- Қазыбектің даусы қоңыр қаздың даусындай болып қарсы алдындағы жотаға естіледі екен.Сондықтан оны Қаз дауысты Қазыбек деп атаған,-дейді.Қазыбектің баласы –Қазымбеттен Қанай би туған.Бабамыздың мәйіті Түркістан қаласындағыҚожа Ахмет Иассауи кесенесінде жерленген.

Екінші тарихи тұлға-Бұқар жырау Қалқаманұлы.Бұқар-ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында хандық құрған Абылайдың тұстасы, ақылшы-кеңесшісі. Заманында сыншылар жырауды «көмекей әулие»деп атаған.Сөйлеген кезде көмекейі бүлкілдеп сөйлейді екен.Қара сөз жоқ,, аузынан шыққан сөзінің бәрі жырлауменен шығады екен.Абылайдың кемшіліктерін қаймықпай бетіне басып,ханға дұрыс бағыт-бағдар беріп отырады екен.

Сөздік жұмысын жүргізу.


  1. Егесіп- ерегесіп, шекісу, араз болу.

  2. Үш бұтақты шідер-аттың алдыңғы аяғымен артқы бір аяғын қосып салынатын тұсау. Шідер үш аяққа бірдей салынады.

  3. Төскей- таудың қия беткейі, биіктеу баурайы.

  4. Толғау-заманындағы әлеуметтік ірі мәселелерді қамти алатын үгіт өлеңдер.

Бабаларымызға кейінгі ұрпақтарынан хат.(Хат жазу стратегиясы)

Ойтолғаныс. (INSERT) түртіп алу стратегиясы.



Ү Білемін

+ Мен үшін жаңалық

- Мен онымен келіспеймін

? Білгім келеді.










































































Бес жолды өлең құрастыру (Синквэйн)

  1. Зат есім.

  2. Сын есім.

  3. Етістік.

  4. Сөйлем.

  5. Синоним.

Бағалау.

Қорытынды.

Бүгінгі сабағымызда Қазыбек би мен Бұқар жырау арасындағы мағыналы да, ұлағатты, қасиетті сөз асылын оқып ұғындық..Сабағымыздың соңын Қазыбек бидің ғибратты батасымен аяқтаймын.

Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма-

Кесапаты тиер еліңе!

Елім өссін десең,

Өршіл болма-

Өскеніңді өшірерсің,

Басына іс түскен пақырға

Қастық қылма-

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға

Жәрдемші бол асыға,

Қиын қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба!


Үй тапсырмасы.

«Қазыбек би мен Бұқар жырау» шешендік сөзін жаттау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет