Автор: Кадырова
Эльмира Абдикамаловна
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 9-сынып
Бөлім: Адам жанының құпиясы
Тақырып: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасының көркемдік ерекшелігі
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
9.2.2.1-автор бейнесінің идеялық стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау; 9.3.1.1-
шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстыру
Сабақтың мақсаты:
Барлық :шығарманың
мазмұнын біледі,кейіпкерлерін біледі. Көпшілігі: автор бейнесінің идеялық
стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды; Кейбірі: шығарманы басқа өнер
түрлеріндегі осы мазмұндас
туындылармен салыстырады
Тілдік мақсаттар:
Күтілетін нәтиже:
Жатқа білу
Бағалау критерийлері:
Автор бейнесінің идеялық стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды;
Шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырады
Құндылықтарды
дарыту:
Жатқа білу
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
презентация
Пәнаралық байланыс:
қазақ тілі
Бастапқы білім:
І.Жансүгіровтің шығармасымен танысамыз. Шығарма желісі бойынша топтық жұмыстар
жүргізу.Оқушылар үш топқа бөлінеді. Топтық жұмыс жеке бағаланады.
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
І.Жансүгіровтің шығармасымен танысамыз. Шығарма желісі бойынша
топтық жұмыстар жүргізу.Оқушылар үш топқа бөлінеді. Топтық жұмыс
жеке бағаланады.
Сабақтың
ортасы
Оқушыларға сұрақтар қойып,жауап алу . Буын, бунақ, ұйқасқа талдау
(дәптермен жұмыс) ( 20 мин) І -топ .. Менің атым сұрасаң Ақан серің а
Ғазірет Ғали дүлдүлі тұлпар керім, а Дүниеде оған жетер ат бар ма еді, б
Өлді
ғой мен қайтейін, Құлагерім... а 4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды
қара өлең ұйқасы. Өлеңге талдау жұмыстарын жүргізу. Әсірелеу: «Көмбе
қайда ?» -десеңіз, Көзді салып көрсеңіз: Өркеш-өркеш көрінген, Орғылап су
төгілген, Балдырғаны білектей, Балаусасы жібектей Қайталау:
Кей-кейде
жауын болып, жылап ақты, Кей-кейде дауыл болып, соқты қатты, Кей-
кейде күңіреніп, көлдей толқып. Кей-кейде қу ағаштай құлап жатты.
Дамыту (градация) Күйіндей домбыраның құлдырласын, Суындай
Алатаудың
сылдырласын Сөздердің асыл, көркем тасын қала, Ұйқысы
өлеңімнің сыңғырласын. Ассонанс: Адуын алып көк бөрі Арыста талай
бәйге алып, Айқасты талай көп көрді Айқайда талай түсе қап. Асқынғанды
бөктерді Теңеу: Көк орман,көркем
тоғай маужыраған, Сұлудың көзіндей
көп жаудыраған Малта тас, маржан, ақық, меруерт тас, Төгіліп көл жиекке
саудыраған. 5. «Құлагер» өлеңіне сатылай кешенді түрде өлең
құрылысына талдау. ...Құлагер, шешең-сұңқар,
әкең-тұлпар, Соғып ең
дөненің сегіз арқар. Сен өлсең орның басар көк бесті бар, Болады құдай
қосса, о да тұлпар...
Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың соңы
«Құлагерім,пай пай!» деген тақырыпта шығармашылық жұмыс жазып
келу. І.Жансүгіров
туралы ғалымдардың пікірлерін,зерттеу еңбектерін
тауып,шағын шолу хабарламасын дайындау. «Ойлан-жұптас-талқыла»
әдісі
Рефлексия
«ББҮ» кестесімен жұмыс Білемін Білгім келеді Үйрендім