Сабақ тақырыбы Электрохимиялық потенциалдар қатары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет1/3
Дата11.11.2022
өлшемі25.59 Kb.
#464595
түріСабақ
  1   2   3




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
10.3C Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Мектеп: №10 орта мектеп

Күні: 13.01.2020

Мұғалім: Худашева М. Р.

Сынып: 10 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Электрохимиялық потенциалдар қатары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.3.3 Стандартты электродтық потенциал түсінігін сипаттау



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Сутектік және металл электродтарындағы үрдістерді түсіндере алады;

  • Электродтардағы реакция теңдеулерін құра алады

Көптеген оқушылар:

  • Электрохимиялық потенциал мәндерін ескере отырып белсенділік қатарын құрады;

Кейбір оқушылар:

  • Күрделі сұрақтарға жауап бере алады;

Бағалау критерийлері

- негізгі терминдер мен түсініктерді біледі;
- электродтарда болатын жартылай реакция теңдеулерін құра алады;
- электрохимиялық потенциалды есептеуге есептер шығара алады;
- стандартты электродтық потенциал қатары туралы қорытынды шығарады;

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
-ауызша немесе жазбаша түрде деректерге сәйкес қорытынды жасай алады
Пәнге қатысты лексика мен терминология
анод, катод, электролиттік қаптау, электролиз, ток, элементтер (батареялар), реакция өнімі, үлгілер, тұтану, иондар, болжау, арқылы өту
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Иондық қосылыс суда еріген кезде, онда …
Ток ерітінді арқылы өтетін кезде, X болады
X болды, сондықтан Y болуы керек/ бола алады Z
Біздер X болжадық, бірақ Y болды

Құндылықтарды дарыту

Өз ойын айта алу және сыныптастарына сыйластық

Пәнаралық байланыстар

Физика

Бастапқы білім



Атом құрылысы, Ерітінді мен ерігіштік, Металдардың белсенділігін салыстыру, Еру және ерітінділер, Тотығу және тотықсыздану




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу. Сабақтың тықырыбын және мақсатын талқылау.
Сабақтың тақырыбы:
Потенциалдардың электрохимиялық қатар;
Оқу мақсаты:
Стандартты электродтық потенциал түсінігін сипаттау

Презентация

Сабақтың ортасы


Оқушыларға презентация бойынша «Катион мен металл қабаты арасындағы тепе-теңдік» түсіндіру. Қосы электрлік қабаттың пайда болуын және металдың электродтық потенциалын түсіндіру.
Электродтық потенциалдың неліктен оң және теріс болатынын түсіндіру.
Сутек электроды мен металл электродының жалпы теңдеулерін түсіндіру;
Гальваникалық элемент пен электродтық потенциал арасындағы байланысты көрстету.
(W) Тапсырма 1.
1. Қай металдың электрон беру қабілеті жоғары?
2. Қай электродта электрондардың концентрациясы жоғары? Неліктен?
3. Егер электродтары бар ерітінділерді тұзды көпірмен жалғаса не болар еді?
Жауаптарыңызды жартылай реакция теңдеуімен түсіндіріңіз.

(W) Тапсырманың жауаптарын мұғалім оқушыларға түсіндіреді.
Мұғалім оқушыларға электрохимиялық тізбекті қалай дұрыс құрастыруды түсінідіреді.
Кейіннен стандартты электродтық потенциалдың жағдайлары мен ондағы оның мәнінің тотықсыздандырғыш және тотықтырғыш қабілетіне әсерін түсіндіреді.
Оқушыларға стандартты электродтық потенциалдың абсолютті шамасы ретінде сутек электролды алынғанын, ал қалған мәндер салыстырмалы екендігін түсіндіреді.
Стандарттық электродтық потенциалды мырыш мысалында түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет