Модуль /пән атауы:КМ 03. Білім беру процесін әдістемелік қамтамасыздандыруы
ОН 3.3. Табиғат құбылыстары мен процестерінің арасындағы байланысты сипаттау
Сабақ тақырыбы: Ересек және даярлық тобында күзгі табиғатты таныстыру
Педагог Жайлаубаева И.Ж дайындады 2024 жылғы " 31.01 " Курс, топ МДТ 03
1. Жалпы мәліметтер Сабақтың түрі: Лекция
2. Мақсаты: Студенттерге орта топта балаларды күзгі табиғатпен таныстырудың формаларына шолу жасату арқылы білімдерін толықтыру.
Жоспар.
1.Бағдарламаның мазмұны
2.Ауа-райын бақылау
4. Қажетті ресурстар: кітап, кеспе карточкалар,техникалық құрал жабдықтар
5. Сабақтың барысы: Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.
Жаңа сабақ: Лекция мен жұмыс
Бағдарламаның мазмұны: Балалар бағдарлама бойынша ауа райын (жаңбырдың жаууы,желдің соғуы, күннің сәуле шашуы) байқай білуге үйренуі тиіс, кейбір құбылыстар (мысалы, жаңбыр жауса- жерде шалшық су пайда болады) арасындағы байланысты түсінуі керек; ағаштарды
шөптерден ажыратып, өсімдіктердің гүлі мен жапырақтарын көрсете білу; тағамға пайдаланылатын жеміс-жидектерді (сәбіз,қияр,пияз,шалқан) сыртқы түрі мен дәмінен тани білуі;көкеністердің қайсысын шикілей, қайсысын пісіріп, ал қайсысын пісіріп те, шикілей де, піскен күйінде де жеуге болатынын білуі керек.
Сәбилердің екінші тобындағыбалалар ағаштың жапырақтары жасыл және сары болатынын білуі тиіс. Сары жапырақтар ағаштан үзіліп түседі.
Екінші топтағы балаларды еңбекке баулиды: олар тәрбиешісімен бірге құстар мен балықтарға жем береді, өсімдіктерді суарып0 олардың үлкен жапырақтарын сүртеді, жер учаскелерін жинауға көмектеседі. (күзде түскен жапырақтарды жинайды)
Ауа райын бақылау: Тәрбиеші тамаша, ашық күндері балалардың назарын ауа райына аударады; күннің жылы және жарқырап тұрғанын айтады.
Желді күндердің бірінде сәбилердің екінші тобындағы балаларға зырылдауық береді, балалар онымен ойнап жүріп, желдің қалай соғатынын түсінеді.
Жаңбырды серуен жасалмаған жауынды күндері бақылатуға болады. Балаларды бір-біріне бөгет жасамайтындай етіп терезе алдына орналастырады. Тәрбиеші олармен бірге терезеден қарап,шыныдан сорғалап аққан су жолдарын, жаңбырдан пайда болған шалшық суларды көрсетеді, көшеде сулықпен және қол шатыр ұстап бара жатқан адамдарға балалардың назарын аударады.
Тәрбиеші жаңбырдан кейінгі серуен кезінде балалардың назарын шалшық суға аударып,топырақтың дымқыл екенін айтады
ЕСТИЯРЛАР ТОБЫ
Балаларға күзгі ауа райының өзіне тән құбылыстарын (күн суытуы, жауын-шашын, жел), жапырақтың тү-суін бақылай білуді; күзде гүлдейтін кейбір гүлдерді (алтын шар, георгина, қырмызы гүл), өздері білетін ағаштардың (үйеңкі, емен, қайың және т. с. с.) жапырақтарын, овощтар мен жемістерді ажы-ратып, оларды атай білуді; олардың өздеріне тән ерекшеліктерін (түсі, пішіні, дәмі, сыртқы беті) бөліп көрсетіп, овощтардың, жеміс-тердің сыртқы белгілері Амен олардың пісу дәрежесі (помидор қызыл болса — піскені) арасындағы байланысты анықтай білуді үйрету; ба-лалардың бойында күзгі табиғатқа сүйсіне білуге, оған ұқыптылық-пен қарау және еңбек сүйгіштік қабілетін тәрбиелеу.
Тәрбиеші әдемі жапырақтарды жинауды, өздері білетін ағаштардың. жапырағын тауып, қарап көруді, олардың пішінін, (неге үқсастығын) анықтауды үсынады. Балалар неғүрлым әдемі жапырақтард балалар бақшасындағы өз бөлмесін безендіру үшін жинайды.
Балаларға реңі бірдей жапырақтарды таңдап алып, оларды оі тіндеп үлкейетін немесе кішірейетін ретіне қарай жайып орналасть руды үсынған жақсы. Кейінірек, жерге түскен жапырақтар көп бола тын кезде, ауа райының қүрғағында тәрбиеші балаларға осы жань рақтардың үстімен жүруді және олардың қалай сусылдайтынын тьг дап көруді, олардың неліктен сусылдайтынын аңғаруды үсынады. А бейнелеу іс-әрекетіне қатысты сабақтарда балалар жапырақтар ме ағаштың суретін салады.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;
Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылғанзоналар құру және ұйымдастыру;
З.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5.Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру. Тәрбиеші — педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ солар шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б. бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен обьектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса кажет болды.
Балалармен жүргізілетін негізгі жұмыстарды төмендегіше топтауға болады:
— балаларды сәндік — қолданбалы өнермен таныстыруда берілетін табиғат заттары мен құбылыстары элементтерінің алуан түрлілігін анықтау арқылы ұйымдастыру;
— өлі табиғат заттары мен құбылыстарының мәні, сондай-ақ олардың адам өміріндегі маңызы жайлы бала түсінігін қалыптастыру;
-мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық әшекей элементтерімен таныстырудың бірізді жүйесін жасау;
-сәндік әшекейлерді жасау әрекетінде — практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.
Балаларды табиғат құбылыстарымен және оны сәндік әшекейлер жасау әрекетінде бейнелеу ісі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары арқылы жүзеге асады. Оның ішінде белгілі бір түсінікті бала санасына бейнелі жеткізетін көркем сөздің алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні – жұмбак.
Тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиімді пайдалану жаңа білімді игеру үрдісін жеңілдете түседі.
Табиғатқа қызығушылықты қалыптастыру және оны сәндік әшекейлеу әрекетінде пайдалана білудің шешуші міндеттері мыналар:
— балалардың табиғат құбылыстарының өзара байланысын пайымдай білуі және себеп-салдарын анықтауы;
— әртүрлі әдіс-тәсілдер және әрекет түрлерін пайдалану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты танып-білуге ұдайы қызығушылығын қалыптастыру;
-тәрбиешілердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және оны лайықты түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі.
Балалардың табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның обьектілерімен және құбылыстарымен таныстырудың әдістері мен түрлерін дұрыс таңдаумен қатар белгілі түсініктер мен құбылыстарды ажырата білудің де мәні зор. Мәселен, «аспан денелері» түсінігіне әлем, күн, жұлдыз, ай кірсе, ал «табиғат құбылыстары» тобына найзағай, жаңбыр, қар т. с. жататынын нақтылап түсіндіру қажет.
Табиғаттың әрбір заты және құбылысымен таныстыруды балалар бақылауына ыңғайлы жыл маусымы мен тәуліктің белгілі мерзімінде жүзеге асыруға тура келеді. Мысалы: күз маусымы кезінде түнгі аспанды бақылауға мүмкіндік мол. Себебі күз айында қатты суық болмайды, сондай- ақ күн ерте батады.
Аспан денелерінің ішіндегі бізге ең жақын орналасқаны — ай. Ай бетіндегі «теңіздер көлеңкесін», таулы қыраттарды жай көзбен-ақ, егер дүрбі болса, тіптен айқын ажыратуға болады. Балалар айдың көк жүзіндегі қозғалысын бақылап отырып, оның бейнесінің — орақ тәріздес жарты ай және толық ай болып үш кезеңге ауысуын байқай алады. Сондай-ақ жұлдызды аспанды бақылау және жұлдыздармен танысуды күз айларының ымырт үйіріле жүргізген ынғайлы. Таныстыру жұмыстарын «Жеті қарақшы» жұлдыздар шоғырынан бастағап жөн. Балалар «жеті қарақшыны» оңай таба алатын жағдайға жеткеннен кейін «Темірқазық» және «Кіші жетіқарақшы» жұлдыздар шоғырымен таныстыруға болады.
Балаларды айды, жұлдыздар әлемін бақылау өте қызықтырады, бірақ бұл жұмысты балабақша жағдайында ұйымдастыру мүмкін емес. Сол себепті ата-аналарға кешкі серуен кездерінде мүмкіндікті пайдалана білуге кеңес беріледі.
Аспан шырақтары туралы балалар білімін бекіту және оған қызығушылығын арттыра түсу үшін мектепке дейінгі мекемелерде баланың ата-анасымен бірге көріп-білгендері жөнінде әңгіме ұйымдастыру, табиғат жайлы әдебиеттерден әңгімелер оқу арқылы толықтыруға болады!
Мысалы: өткен заманда көшпелі тірлік кешкен ата-бабаларымыздың «қазыкты» — қазық деп атап, жеті қарақшының қалған алты жұлдызы сол қазық-жұлдызға байланып тұрғаңдай, түнімен орнынан тапжылмайтын қазықты «қойлар» айналып шығады деген түсініктерін ояту балаларға қызықты.
Табиғи обьектілер мен құблыстарды белгілі бір топтарға біріктіру — балалардың шын заттар туралы, олардың болмысы туралы нақты түсініктерін қамтамасыз етеді. Балалардың сәндік-әшекей, ою-ернек жасау әрекеті үрдісінде әртүрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады. Ойлау белсенділігін артыратын мұндай тәсілдердің бірі- салыстыру. Ол үшін тәрбиеші белгілі бір логикалық ой туғызатын жүйелі сұрақтар қоя білуі керек. Алдымен бақыланған дүниеге жалпы талдау жасайтын,одан соң өрнектің элементтері, құрылысын, түсін т.б. ажыратуды талап ететін сұрактар қойылады. Салыстырмалы бағалау балаларға кез-келген заттың безендірілу ерекшелігін, сонымен бірге құрылысындағы айырмашылықтарды байқауға көмектеседі. Мысалы: ұлттық киімдер, кілемдер т.б.
Іс-әрекет барысында ойын әдісін пайдалану балаларды жағымды эмоциялық сезім мен көңіл- күйге бөлеп, сурет салу, қию, жапсыруды үйрету үрдісінің тиімділігін арттырады. Ойын тәсілімен жүргізілген қайталау және жаттығу жұмыстары бірсарындылықтан аулақтатып, балалардың жалығуына жол бермейді. Ойын әдісін пайдалану кезінде әр балаға «шебер», «ыдыс бояушы», «тігінші», «зергер» т. с. с. рөлдері бөлініп берілсе, балалар үшін одан сайын қызықты болмақ.
Балалардың өз бетімен қорытынды шығара білуі үшін кез-келген заттың материалын және өрнек-әшекейлерін өзгертуді ұсыну тәсілін қолдану қажет (ағаштан ер тоқым, қымыз құятын ұзын мойын құмыра, бөренеден киіз үй жаса, ерлер шапанын гүлдермен әшекейлеу, т.б.).
Практикалық тапсырма.
Чек лист
Лекция
|
Жаңа тақырыпты талқылау
|
Жаңа тақырыппен жұмыс
|
Жаңа тақырыпты бекіту
|
Қорытынды балл
|
50
|
20
|
20
|
10
|
100
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |