ІІІ.Жаңа сабақ.
Зерттеу сұрақтары:
-Орталық Азия аймағының географиялық ерекшеліктері қандай?
-Орталық Азияның этносаяси және әлеуметтік құрылымының, шаруашылық-мәдени дамуының ерекшелігі неде?
Ж/Т 1 тапсырма: Білімгерлер оның аумағы туралы ғалымдар арасындағы түрлі пікірлерді мәтін арқылы анықтайды.
Дескриптор:
1. Мәтінді оқу.
2. 3 аргумент фактімен дәлелденген келтіру.
3. Өз ойын білдіру.
Ж/Т 2 тапсырма: Орталық Азия аймағының географиялық ерекшеліктерін анықтау.
Бұл географиялық ерекшелік аймақтың саяси, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени дамуына қалай ықпал етеді?
М «Географиялық детерминизм» ұғымына тоқталу. Бұл тұжырым бойынша географиялық орта онда өмір сүретін адамдар қоғамының саяси өзгерістерін, мәдениетін, экономикасын анықтайды.
Т 3 тапсырма: Орталық Азия аймағының тарихи ерекшеліктерін анықтайды. Содан соң бұл ерекшеліктерді саяси, әлеуметтік, экономикалық, этникалық-мәдени салалар бойынша қарастырады. Әр топ анықтаған тарихи ерекшеліктерді сыныпқа ортақ шеңбер тәріздес диаграммаға салады (бірін-бірі қайталамауы керек).
Дескриптор:
1. Орталық Азия аймағының тарихи ерекшеліктерін анықтау.
2. саяси, әлеуметтік, экономикалық, этникалық-мәдени салалар бойынша қарастыру.
3. диаграммаға салу.
Ж/Т Қорытындылау
«Орталық Азия» түсінігі туралы біліміңізді үш сөйлеммен беріңіз.
1.Орталық Азия ________________________.
2. Орталық Азия ________________________.
3. Орталық Азия ________________________.
Үй тапсырмасы: §1-2Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері
Сабақ соңында білімгерлер рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
МКҚК «Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі»
(білім беру ұйымының атауы)
Достарыңызбен бөлісу: |