Сабақ тақырыбы: Музыканың үлкен кітабы
Оқу мақсаты: 10.2.3.1 көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу
Тапсырма.Мәтінді оқып, құрылымы мен рәсімделуіне, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
Мәтін қандай стильде жазылған? Стильге тән тілдік құралдарды теріп жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________2б
Мәтін қандай жанрда жазылған?
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________1б
Автордың ойын өз сөзіңізбен жазыңыз, бірақ айтылған әр тұжырымның соңында ойдың авторына сілтеме жасаңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________2б
Мәтін қандай мақсатта жазылған? Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________2б
Мәтіннің құрылымын анықтаңыз.
Кіріспе__________________________________________________________________
Негізгі бөлім______________________________________________________________
Қорытынды___________________________________________________________
3б
Əбу Насыр əл-Фараби «Музыканың үлкен кітабы» атты трактаты
Қазақ топырағының талай ойшыл азаматтары Шығыс пен Батыс мəдениетін тең меңгеріп, өз еңбектерін көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпақтарына қалдыра білді. Олардың ішінде аты əлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі бəрімізге танымал, Отырарлық ұлы жерлесіміз Əбу Насыр əл-Фараби. Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі. Әбу Наср әл-Фарабидің тарихи-теориялық трактаты. 1967 ж. Каирде Махмұд Ахмад Хафийдің редакциясымен жарық көрді. Ғұлама бұл еңбегінде математикалық тəсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана емес музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнайда білген екен. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыка зерттеушісі ұлы бабамыз Əбу Насыр əл-Фараби десек біз қателеспеген боламыз. Оған бірнеше ғылыми дəлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куə бола алады. Оның шебер орындаушылығы жөнінде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар.
Музыка саласындағы зерттеу еңбектерінде Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды əсерін, дəлелдеді, сондай-ақ оның тəрбиелік мəні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығару қабілеті дарындылығы дəрежесінің əртүрлі сатысын көрсетіп адамның жан-жақты дүниесіне жағымды, жағымсыз əсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасайды. «Музыканың үлкен кітабы»: музыка өнеріне кіріспе; музыка өнерінің негіздері музыкалық композиция деген үлкен-үлкен төрт тараудан тұрады. Фарабидің бұл еңбегі ХV ғасырда-ақ латын тіліне аударылып, Европа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен əсерін тигізді.
Біздер үшін əл-Фарабидің бұл еңбегі музыка саласы бойынша жазылған аса қымбат тарихи жəне мəдени мұра. Сондықтан əл-Фараби сынды тамаша да ерекше тұлға тұралы, оның дүниежүзілік мəдениетке қалдырған мұрасы туралы жастарға қашанда айтып, оны зерттеу нысанасына айналдырып отыру біздердің парызымыз. Бұл мұраның ролі туралы сөз болғанда тарихи перспективаны сақтаудың маңызы аса зор. Ал біз өз тіршілігіміздің тарихи екендігін есімізде түсірсек, атабабаларымыздың қалай өмір сүргені, қалай ойлап, қалай күн кешкенін білуге деген құмарлығымыз қарапайым таңсықтық шеңберінен шығып кетеді. Ендеше бізге Аристотельден басталып, əл-Фараби, Абай, Шəкəрім, Мұхтар, Құрманғазы, Шəмші т.б. жалғастырған қуатты мəденифилософиялық, музыкалық дəстүр туралы білмей болмайды. Біздің ұлттық ой-санамыздың мəдени өнеріміздің төл бастауы да осылар ғой.
https://ust.kz/сайтынан.
Достарыңызбен бөлісу: |