Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1С: Көпмүшелер
|
Мектеп: Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Төлеген Мерейлім
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны: 20
|
Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақ тақырыбы
|
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
|
Сабақтың типі
|
Жаңа тақырыпты меңгерту
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.2.1.13
көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау
|
Сабақ мақсаты
|
- Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру туралы түсінік беру
-Көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындай алу
- Тепе-тең түрлендірудің нәтижесін терминдерді қолдана отырып ауызша түсіндірмесін айтып дәлелдей алу
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
- Жақшаны ашу, ұқсас қосылғыштарды біріктіру ережелерін қолдану арқылы тепе-теңдіктерді анықтайды;
-Көпмүшелерге және бірмүшелерге амалдар қолдану арқылы тепе-тең түрлендірулерді орындайды;
-Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді қолдану арқылы тепе-тең түрлендірулерді орындайды;
-Тепе-тең түрлендірудің нәтижесін терминдерді қолдана отырып ауызша түсіндірмесін айтып дәлелдей алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу..
Ұқсас мүшелерді біріктіру үшін...
Жақшаны ашу ережесі...
Теңбе-тең өрнектер деп...
Тепе-тең түрлендіру деп...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Құрмет, ашықтық құндылықтары топта және жұпта жұмыс жасау ережелерін орындау арқылы және өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады; серіктестік – топта жұмыс жасау; тиянақтылық, іскерлік және шығармашылық жаңа материалды өз бетімен үйрену арқылы, есептер шығару және өзара талқылау арқылы
|
Пәнаралық байланыстар
|
Геометрия
|
Бастапқы білім
|
Жақшаны ашу ережесі, қосудың және көбейтудің терімділік қасиеті мен көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік заңын білу. Көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшені көбейткіштерге жіктей алу
|
|