Сабақтағы тапсырмаларым оқушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отыра дайындалған. Сабақ барысында саралау әдістері топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстар арқылы жүзеге асырылды. Саралау тапсырмалары оқушының көздеген мақсатына жетуіне ықпал етті. Қабілетті оқушының танымдық деңгейін шығармашылық және зерттеушілік жұмыс түрлерін қолдану арқылы шыңдауға болады. Сабақтың басы, ортасы, соңында саралау әдістері қолданылды. Қолданылған дереккөздер қолжетімді және сабақ барысында қолдау көрсететін деңгейде болды.
|
Оқу үдерісінде критериалды бағалаудың қалыптастырушы бағалау түрін жүргіздім. Сабақ барысында оқушының сабақты қаншалықты меңгергендігін, қандай деңгейде екенін білу үшін, түзету енгізіп, кері байланыс орнату үшін бағалау критерийлеріне жасалған дескрипторлар арқылы бағаладым. Дескрипторлар анық және қолжетімді деңгейде болды. Кері байланыс «Үш түрлі күнделік» әдісі
«Төрт сөйлем» әдістері арқылы жүзеге асты.
|
Пәнаралық байланыс -АКТ-мен байланыс және музыкамен байланыс.
Сабақтың тиімді өтуіне АКТ пайдаланудың ықпалы зор: бейнеролик, презентация, компьютер.т.б.
|