Сабақ Тақырыбы: Сабын алу



Дата21.01.2022
өлшемі25.46 Kb.
#454732
түріСабақ
Сабын алу


7 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Сабын алу

Үй шаруашылығынды кір жуу немесе тағы басқа үшін қолданылатын кәдімгі сабын алудың шикізаты болып жануар немесе өсімдік майлар болып табылады. Майлар глицерин және шекті жоғары карбон қышқылдарының күрделі эфиры деп қарастырады. Жануар майларының құрамына шекті жоғары карбон қышқылдарының қоспалары кіреді

Сабын алудың схемасын осындай реакциялармен көрсетуге болады:

где R = С11Н23; С15Н31; С17Н31 и др.

RСООН + NaОН → RСООNa + Н2О
Жоғары майлы қышқылдардың натрий және калий тұздары майлы, әдеттегі сабын болып табылады.

Натрийлы сабын қатты, калийлы – жұмсақ. Сабынның сорты оның құрамындағы процентпен берілген майлы қышқылдар мөлшеріне байланысты.

Біздің өнеркәсіптерде жасалынатын сабын 72%-, 70%-, 60%-тік болады. Жоғары сапалы шаруашылық және иісті сабын құрамына бояғыштар мен иісті заттар қосады.

Ж ұ м ы с м а қ с а т ы: Азық-түлік шикізатынан сабын алу және сабын құрамындағы майлы қышқылдардың мөлшерін анықтау.

Р е а к т и в пен қ о н д ы р ғы л а р:

1. май


2. натрий гидроксиді

3. этанол или пропанол -1

4. натрий хлориді (қаныққан ерітінді ρ = 1,16 – 1,18 103 кг/м3)

5. иісті сабын

6. тұз қышқылы

7. көлемі 100-150 мл фарфор стаканы (2 дана)

8. көлемі 100-250 мл колбалар

9. шыны таяқша

Ж ұ м ы с ж о с п а р ы:

1. Тақырып бойынша әдебиеттерді оқу

2. Жұмыс жасау барысы.

Ж ұ м ы с б а р ы с ы


Сабын алу. Натрий гидроксиді спиртті ерітіндісімен майлардың гидролизін жүргізеді. Ол үшін 6 г май өлшеп алады, фарфор стақанына салады да балқығанша қыздырады. 6 мл H2O және 15 мл этанолда немесе пропанол -1 -да 2,5 г NaOH ерітіп гидроксид ерітіндісін дайындайды. Балқытылған майға араластыра отырып натрий гидроксидінің NaOH спирт ерітіндісін құяды. Алынған ерітіндіні 10-15 минут уақыт аралығында қайнатады, оған қаныққан натрий хлорид ерітіндісінен 10-15 мл қосып салқын су банясында суытады. Бетінде түзілген сабын қабатын стақаннан алып, фильтр қағазымен жақсы құрғатып өлшейді. Алынған майға сабынның шығымын есептейды.

Майлы қышқылдардың құрамын анықтау. Иісті немесе кір сабыннан 5 г өлшенеді, оны жұқа қабаттап кеседі, көлемі 100 мл стақанға салып 50 мл дистилденген су қосады, кейін сабын толық ерігенше жабық электроплиткада қыздырады. Алынған ерітіндіге 10 мл тұз қышқылын (1:1) енгізеді және қыздыруды ерітінді бетінде майлы қабат (егер стақан ішіне шыны таяқша салып жасаса тәжірибе жақсы өтеді) түзілгенше жалғастырады. Стақанды суытады, шыны таяқшаны алады, ал пайда болған тесік арқылы сұйқтықты төгеді. Стақанда қалған майлы қышқылдарды фильтр қағазына енгізіп кептіреді. Стақан қабырғаларында одан қалғанды скальпельмен алады. Алынған майлы қышқылды өлшеп, бастапқы сабынның салмағын біле тұра үлгідегі олардың проценттік мөлшерін есептейді.

Жұмыс аяқталған соң сабын алудың методикасын қысқаша жазып, сабын және майлы қышқылдардың шығымын есептейді (% -пен).

Тақырыпқа деген сұрақтар:

1. Сабын алуды қандай сатылармен жүргізеді?

2. Сабын алудың химиялық реакциясы?

3. Қандай себептермен сабын сұйық және қатты болады?


Опыты по химии. Омыление жиров


https://www.youtube.com/watch?v=Of9oztl_O5k

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет