Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік Кебек»



бет1/3
Дата19.12.2022
өлшемі89.13 Kb.
#467508
түріСабақ
  1   2   3
Шәкәрім Құдайбердіұлы Еңлік -Кебек поэмасы (8 сынып)





Бөлім: 2-бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек» дастаны



Күні

Мұғалімнің есімі: Оспанова Назым



Сынып 8

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:әдеби шығарманың сюжетін анықтайды.
Оқушылардың басым бөлігі:әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін анықтайды.
Кейбір оқушылар: әдеби шығарманың сюжеттік желілерін, эпилог, прологтерін анықтайды, түсіндіреді.

Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Әдеби шығарманың сюжеттік желілерін, эпилог, прологтерін анықтайды.

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну

Тілдік мақсаттар

Көнерген сөздер: бақсы,балгер, абыз, тасыр

Құндылықтарды дарыту

Тарих пен мәдениеттің біртұтастығы негізінде балаларды бірлікті сақтай отырып,
ұлттық дәстүрді ұмытпауға шақыру.

Пәнаралық байланыстар

«Еңлік - Кебек»оқиғасының өмірде болғандығын,мазарының Семей өңірінде екендігін тарих және география пәндерімен байланыстыра отырып түсіндіремін.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнеролик, слайд.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы
2 минут


3минут

2минут


2минут

Сыныпқа жағымды ахуал туғызу.
Оқушыларға ақ парақтар таратылып, ортасынан екіге бөлу тапсырылады. Бір бөлігіне өздерінің жақсы қасиеттерін,екінші бөлігіне жағымсыз қылықтарын жазады.Өзінің жақсы азамат болып өсуіңізге көмектесетін бөлігін жыртып,өзіне алып қалады,екінші бөлікті (жағымсыз қылықтарды) умаждап, қоқыс жәшігіне салдыру арқылы «Сенімділік» жаттығуын жүргіземін.


«6 неліктен?» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға ақын өміріне байланысты 6 неліктен деп басталатын сұрақтар даярлап келу тапсырылған.
1.Неліктен Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде болды? Өйткені әкесі Құдайберді ақынның 8 жасында қайтыс болған.
2.Неліктен Шәкәрімді өз заманының ең білімдар тұлғаларының санатына қосады?Өйткені ақын араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгерген.
3.Неліктен ақын қоғамдық – саяси қызметтен іргесін аулақ ұстады? Өйткені ақын таза шығармашылық жұмыспен шұғылданғысы келді?
4.Неліктен НКВД жендеттері ақынды атып өлтірді? Өйткені Шыңғыстаудағы көтерілісті ұйымдастырды деген айып тақты.
5. Неліктен Шәкәрімді екі рет ақтады? Өйткені 1959 жылғы ақталуы сәтсіз болды, оның өлеңдерін баспаға ұсынғандар мен жариялағандар да жазаға ұшырады.
6.Неліктен оның алғашқы ақталуы тарихта қалды? Өйткені бұл – ақынның азаматтық ақталуы деп саналды.
ҚБ «Шапалақ»әдісі
«Ой қозғау »
Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын ояту үшін Роза Рымбаеваның «Кебек» әнін тыңдату. Оқушылар әнді тыңдай отырып , ән мазмұнын қарасөзбен жазып алады.
1. Әннен қандай әсер алдыңдар?
2. Тақырып қандай болуы мүмкін?
3.Қандай бағытта әңгімелейтін боламыз? Сұрақтарға жауап алу.
ҚБ «Мұғалім мадақтауы»
Оқушыларды саралау үшін алдын ала топта, жұпта
бір – біріне қолдау көрсететін оқушыларды назарға аламын.
Парталарының артындағы алдын ала жазылған сандар бойынша топтасады.











Ортасы
3минут

15минут

8минут

«Сөздік қор» әдісі оқушыларға тақтадан «Бақсы,балгер,абыз,тасыр»сөздерін көрсетіп,қандай мағына беретінін сұрау. Оқушы жауабымен дұрыс жауапты салыстыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет