Күні, айы:
|
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
|
Мектеп: «Манашы орта мектебі» КММ
|
|
Мұғалімнің аты-жөні: Самаликова Рзакан Нурбергеновна
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару (1)
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.5.1.6
мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару.
|
Сабақ мақсаты:
|
Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.
|
Бағалау критерийі
|
Оқушылар осы тақырып бойынша білу, түсіну, талдау, қолдану, анализ, синтез, ойлау дағдыларын қалыптастыруы тиіс.
|
Тілдік мақсаттар
|
Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын:
Қазақша
|
Русский
|
English
|
теңдеу
|
уравнение
|
equation
|
мәтінді есеп
|
текстовые задачи
|
word problems
|
сызықтық теңдеу
|
линейное уравнение
|
linear equation
|
|
Құндылықтарға баулу
|
жұппен жұмыс жасай отырып оқушыларды өзара сыйластыққа, сенімділікке баулу;
оқушы өз бетімен ақпаратты табу;
қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлану.
|
Пәнаралық байланыс
|
Геометрия
|
Алдыңғы білім
|
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру
1) Сәлемдесу;
2) Оқушыларды түгелдеу;
3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
4) Топқа бөлу.
|
|
Сабақтың ортасы
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№876(2)
Апалы-сіңлілі үш қыз 12 кәмпитті бөлгенде ең кішісіне ең үлкен апасына қарағанда 3 есе артық, ортаңғы сіңлісіне 2 есе артық кәмпит келді. Қыздардың әрқайсысында қанша кәмпит бар?
Жауабы: Апасында 2, ортаңғы сіңлісінде 4, кіші сіңлісінде 6 кәмпит
ІІІ. Жаңа тақырыпты ашу:
Мәтінді есепті теңдеудің көмегімен шығару үшін алдымен есептің шарты бойынша теңдеу құрастыру керек.
Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығаруға мысалдар қарастырайық:
1-мысал. Ең қысқа найзағай мен ең ұзын найзағайдың ұзындықтарының қосындысының мәні 158км. Ең қысқа найзағайдың ұзындығы ең үлкен найзағайдың ұзындығынан 140км-ге қысқа. Ең қысқа найзағайдың ұзындығы мен ең үлкен найзағайдың ұзындығын табыыңдар.
Шешуі: ең қысқа найзағайдың ұзындығын х км деп белгілейік. Сонда ең ұзын найзағайдың ұзындығы (х+140)км болады.
Есептің шарты бойынша олардың қосындысының мәні 158км. Демек, х+(х+140)=158 теңдеуін құрастырамыз. Оны шығару үшін теңдеудің сол жағындағы жақшаны ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіреміз: 2х+140=158 немесе 2х=18, x=9. Олай болса, ең қысқа найзағайдың ұзындығы 9км, ең ұзын найзағайдың ұзындығы 149км.
|