Сабақ тақырыбы Технология, оның озық түрлері Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



Дата08.01.2024
өлшемі18.57 Kb.
#488650
түріСабақ
8 Б 12.09


Қысқа мерзімді жоспар

Мекеме атауы

«М.Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей»» КММ

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: I. Білім. Ғылым. Инновация

Күні: 05.09.2022

Педагогтің аты-жөні: Есжанов Р.Т.

Сынып: 8 Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Технология, оның озық түрлері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.1.1 мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау
8.5.1.1 болжалдық сан есімді
жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Сабақ мақсаттары

Мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжайды. Болжалдық сан есімді
жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады

ЕҚБ

Мәтіннен тірек сөздерді таба алады

ОДД

қолдану

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау



Ресурстар

Сабақтың басы
7 минут



Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Ізгілік шары» әдісін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Шеңбер болып тұрған оқушылар бір-біріне «ізгілік шарын» ұсыну арқылы жақсы тілектер айтады.

слайд

Суреттер


Сабақтың ортасы
30 минут



Сөздікпен жұмыс:
Артықшылық, талап, өзекті, білімпаз, кісі, кемшілік
1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.


Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.





Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!



Оқулық
4 бет

сөздік
слайд




1-тапсырма
Көп нүктенің орнына қажет сөзді қойып жазады.
1. Ғылым — ..., білім — қайық.
2. Ғылым таппай мақтанба, орын ... баптанба (Абай).
3. Отан ... отқа түс, күймейсің. ­
Қажет сөздер: таппай, үшін, теңіз.

Жазылым. Айтылым «Мағынаны таны» әдісі. Өзі қалаған бір нақылдың мағынасын айтады.


Үлгі: Отан үшін отқа түс, күймейсің. Бұл сөздің мағынасы отанға деген махаббаттың беріктігіне негізделген.

Дескриптор:
-көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды
-өзі қалаған бір нақылдың мағынасын айтады;



Оқулық
4 бет

Оқулық
5 бет



2-тапсырма. Сұра
қтара жауап бер. 1. Сен қандай мектепте оқисың?

2. Оқып жүрген мектебің ұнай ма? 3. Сенің мектебің несімен ерекшеленеді?

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ауызша кері байланыс беру. Жақсы!
Тамаша!







3-тапсырма. Айтылым.
Бұл қандай мектеп? Оны «жаңашыл мектеп» деп атауға бола ма? Сенің ойыңша, инновациялық мектеп қандай болуы керек? Сенің мектебің қандай.



Сипатта. Суретке қарап, болжалдық сан есімдерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап бер
Үлгі: «Инновациялық мектеп» мыңдаған оқушыға сапалы білім бере алатындай мүмкіндікке ие.











Сергіту сәті.


Жазылым. 4-тапсырма.
Сөйлемдегі сан есімдерді болжалды сан есімге айналдырып жаз.
1.Биыл 1-сыныпқа (90) оқушы қабылданды. 2. Екінші қабаттағы сыныптарға (50) компьютер қойылды. 3. (5000) кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді. 4. Мектепте (10) үйірме бар. 5. Үйірме жетекшісі Мақсат ағайдың жасы (45).



Сергіту сәтін орындайды

Жазылым


Үлгі: Биыл 1-сыныпқа тоқсандай оқушы қабылданды.

Дескриптор
- сөйлемдегі сан есімдерді болжалды сан есімге айналдырып жазады
-сөйлемнің құрылымын сақтайды;

Оқулық
6 бет




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет