Сабақ тақырыбы Тұңғыш ұстаз Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет2/2
Дата14.09.2022
өлшемі1.25 Mb.
#460702
түріСабақ
1   2
Тұңғыш ұстаз

Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтінге қатысты өз пікірін айтады, өз бетінше жауапқа сәйкес сұрақтар құрастырады, жазбаша мазмұндайды.

Бағалау критерийлері

Мәтінді дұрыс оқып, ондағы ақпаратты түсіну.
Мәтінге атау беріп, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақ қоя білу.
Тірек сөздерге сүйеніп, жазбаша мазмұндау.

Лексикалық минимум

жаңалық, әңгіме

Грамматикалық минимум

сұрау есімдіктері, етістік сұрақтары

Құндылықтарды дарыту



Ұлы тұлғалар, тарихи орындар туралы ақпараттарды білуге қызығушылықтарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

«Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» пәндері

АКТ қолдану дағдылары

аудиотаспа, интербелсенді тақта, таныстырылым

Бастапқы білім



Абай – ұлы тұлға

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет





Ресурстар

Сабақтың басы
10 минут

М ұғалім оқушылардан үй тапсырмасын «Марапаттау» ойыны арқылы сұрайды. Әр оқушының үйде «Абай – ұлы ақын» тақырыбында дайындаған постерлері тексеріліп, сәтті, ұтымды жасалған постерлерге марапаттау қағазы тапсырылады.


Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы сөзжұмбақты шешкізу арқылы сабақтың тақырыбын болжату. Сөзжұмбақ негізінде сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тарту.














1




























2
















3


































4

























5


































6



















Сөзжұмбақ сұрақтары:


1. Тәрелке, кесе, қазан – осылардың жиынтық атауы қандай?
2. Өзен, көлдерде не болады?
3. Мектепте оқиды?
4. Немен сурет саласыңдар?
5. Жеміс атауы?
6. Қонжық, қуыршақ – жиынтық атауы қандай?
– Сөзжұмбақты дұрыс шешкен кезде ортадағы қарамен белгіленген төрбұрыштарды тігінен оқыған кезде қандай сөз шықты?
– Ыбырай.
– Олай болса, тұңғыш ұстазымыздың толық аты-жөні кім? Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.


Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • мәтінді дұрыс оқып, ондағы ақпаратты түсіну;

  • мәтінге атау беріп, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақ қою;

  • мәтінді жазбаша мазмұндау.







Сабақтың ортасы
25 минут

(МК, Ұ) Сабақтың жаңа сөздерін (жаңалық, әңгіме)
суреттер мен сөйлемдер арқылы меңгерту.







Диктор теледидардан жаңалықтар оқыды.

Жас ғалым
жаңалық ашты.






Ыбырай Алтынсарин қазақ даласына жаңалық әкелді.




Әңгіме – қарасөзбен жазылған шағын көркем шығарма.



(МК, Ұ) Оқылым. Айтылым.
Мұғалім суреттерді көрсете отырып, сөйлемдерді оқиды, оқушылар соңынан қайталайды.



Қостанай облысы Арқалық қаласындағы
Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі






Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш ұстаз

(Ө) Тыңдалым тапсырмасы. Диалогті тыңдап, ақпараттың дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
Тыңдалым мәтіні:
- Ыбырай Алтынсарин кім?
- Ыбырай Алтынсарин – ұлы ұстаз, қазақ даласына жаңалық әкеліп, алғашқы мектептерді ашқан.
- Ол туралы тағы не білесің?
- Ол қазақ балаларына арнап өлеңдер мен әңгімелер жазған.
- Оның мұражайы қай қалада орналасқан?
- Оның мұражайы Арқалық қаласында орналасқан.



Сөйлемдер

Дұрыс

Дұрыс емес

Ыбырай Алтынсарин – мүсінші.







Ыбырай Алтынсарин – ұстаз.







Ғалымның мұражайы Семей қаласында орналасқан.







Ғалымның мұражайы Арқалық қаласында орналасқан.









(Ө) Оқылым. Оқушылар мәтінді оқиды. Оқылым кезінде орфоэпиялық нормалар сақталынуы тиіс. Мәтінге атау беру керек.

Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы. Ол балаларға арнап көп әңгіме жазған. Ыбырай Алтынсарин қазақ даласына жаңалық әкелді. Ол мектеп ашты. А.Байтұрсынұлы, С.Көбеевтер сол мектепті бітірді. Ол орыс ғалымдары – В.В.Григорьев, Н.И.Ильминскиймен дос болған. Ыбырай Алтынсарин – ұлы ұстаз, дара тұлға.

Мәтінге қандай атау беруге болады?



  • Ыбырай Алтынсарин

  • Ұлы ұстаз

  • Балалар әдебиетінің атасы



(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын
Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсініктеме беру.

Кім?
Ыбырай Алтынсарин

Не істеді?
Жаңалық әкелді.

Кімдер?
В.В.Григорьев, Н.И.Ильминский

Не істеген?
Дос болған.



(Ж) Айтылым. Оқушылар жұпқа бөлініп, диалогтегі жауаптармен танысады. Жауапқа сәйкес сұрақтар құрады.



- ......................................... ?

- Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы.

- ......................................... ?

- Ыбырай Алтынсарин қазақ даласына жаңалық әкелді.

- ......................................... ?

- Ыбырай Алтынсарин орыс ғалымдары – В.В.Григорьев, Н.И.Ильминскиймен дос болған.

Дескриптор:

Оқушылардың жауаптары формативті түрде бағаланады.



Сергіту сәті. «Алма, шие, өрік, банан»
Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Жүргізуші оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін жүргізуші бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «шие!» деп, не «алма, өрік!» деп, немесе «алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал жүргізуші бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.


(Ұ, Ө) Жазылым. Оқушылар суретке қарап, үлгіге сүйеніп, тірек сөздерді пайдаланып, өз мектебі мен Ыбырай Алтынсарин салдырған Торғай қаласындағы мектепті салыстырып, әңгіме құрап жазады. «Талдау» әдісін қолдану:
1. Салыстыр
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығын тап.








Тірек сөздер:
жаңа, ескі, алғашқы, бір қабатты, көп қабатты, әдемі, кең, тар, биік, ағаштан, тастан, тұрғызылған, қаланған, орналасқан қазақ даласы, Торғай қаласы, Астана қаласы.

Үлгі:
Ыбырай Алтынсарин салдырған мектеп бір қабатты.

Дескриптор:



  • тірек сөздерді дұрыс пайдалануы;

  • сөйлем құрылысының дұрыс болуы.




Сабақтың соңы
5 минут

Үй тапсырмасы. Оқулық, 4-тапсырма.


Рефлексия. «Сабақтан соңғы көңіл күйім» стратегиясы




Бүгінгі сабақтан білдім, үйрендім.



Қиындықтар кездесті,


бірақ жеңе білдім.



Түсінбедім, үйренбедім.









Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет