Сабақ тақырыбы: Заттардың ерігіштігі. №4 Практикалық жұмыс «Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері»



Дата20.10.2023
өлшемі33.65 Kb.
#481277
түріСабақ
ҚМЖ химия пәні бойынша "Ерітінділер"



Қысқы мерзімді жоспар «Химия пәні»


Тарау тақырыбы:
8.3 Ерітінділер және ерігіштік




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Түзелбек Арайлым

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Заттардың ерігіштігі. № 4 Практикалық жұмыс «Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.3.4.3 Заттың ерігіштігіне температураның әсерін түсіндіру.

Сабақ мақсаты

Барлығы: Заттың ерігіштігіне температураның әсерін түсіндіреді, буландыру техникасын қолдана отырып , заттың 100 г судағы ерігіштігін есептейді.
Көпшілігі: Алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстырады.
Кейбірі: Алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстырып, зерттеу жүргізеді.

Бағалау критерийлері

1. Заттың ерігіштігіне температураның әсерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Терминология: Ертінді,ерігіштік,еріткіш,еріген зат.

Тілдік дағдылар: заттар ерігіштігіне әсер ететін факторларды анықтау, заттардың ерігіштік кестесін және графигін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Сөз тіркестері: «ерітіндінің көлемі», «массалық үлес», «молярлық концентрация», «қаныққан ерітінді», «қанықпаған ерітінді»

Құндылықтарға баулу

  • Құрмет,ынтымақтастық,ашықтық

  • еңбек және шығармашылық

  • сын тұрғысынан ойлау, функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Физика,жаратылыстану

Бастапқы білім

«Ерітінділер және ерігіштік»

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Ұйымдастыру

Сыныпты ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,сабаққа назарын аудару
Психологиялық ахуал «Гүлмен тілек» әдісі
Оқушыларды шеңберге тұрғызып түрлі-түсті гүлдердегі тілектерді сағат тілімен оқыттырып, гүлдердің түстеріне қарай 3-топқа біріктіремін.

Интербелсенді
тақта, ғаламтор
bilimland.kz
https://twig-bilim.
kz/kz/film/solutions

Үй тапсырмасын тексеру

«Иә, жоқ» әдісі


5 мин

«Иә , жоқ» әдісі (жеке жұмыс)
1.Суда қатты,сұйық заттар және газдар ериді. Иә
2.Су-еріткіш болып табылмайды. Жоқ
3.Заттар жақсы еритіндер,аз еритіндер,іс-жүзінде ерімейтіндер деп жіктеледі. Иә
4.Спирт пен глицерин суда шексіз ерімейді. Жоқ
5.Бензин суда ерімейді. Иә
6.Сутек,оттек,азот,инертті газдар суда өте аз ериді. Иә
7.Берілген температурада одан әрі ерімейтін температура қанықпаған деп аталады. Жоқ
8.Одан әрі ери алатын ерітінді қанықпаған деп аталады. Иә
9.Заттардың судағы ерігіштігі әртүрлі. Иә
10.Іс жүзінде ерітінділер үшке бөлінбейді. Жоқ
Бағалау: «+ және -» әдісі арқылы жұппен бағалау.


Жаңа сабақты меңгерту
«Құпия торкөз» әдісі
5 -мин


Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін бірге талдаймыз
«Құпия торкөз» әдісі
1.Тапсырма(топтық жұмыс)
температура арқылы 100 грамм судағы заттардың ерігіштігін анықтау (оқулықтағы графикпен жұмыс, 149 беттегі 64-сурет)
1-топ




100

200

300

400

500

600

700

K2SO4






















Ba(NO3)2






















KCl






















2-топ




100

200

300

400

500

600

700

NaCl






















Na2SO4






















BaCl2






















3-топ




100

200

300

400

500

600

700

Pb(NO3)2






















KNO3






















MqSO4






















Дескрипторлар:
Білім алушы
- температура арқылы 100 грамм судағы заттардың ерігіштігін анықтайды.
- температура арқылы заттардың ерігіштігін салыстырады.
ҚБ:Топтық бағалау. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Біз .......... орындай алдық.
Бізге........... қайталау қажет.






Жаңа сабақты бекіту

«Диалог және қолдау көрсету» әдісі


23-мин



«Диалог және қолдау көрсету» әдісі
2.Саралау тапсырмасы(жұптық жұмыс)
№ 4 Практикалық жұмыс «Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсерін анықтау».
1-жұп
Реактивтер: магний сульфаты-30 г,су-100 мл
Құрал-жабдықтар:стакан-1 дана,спиртшам-1 дана,сынауық-2 дана,қасық-1 дана,шыны таяқша-1 дана,электр пеші,таразы-1 дана.Тұздың ерігіштігі бойынша деректер кестесі-1
Жұмыс барысы:

  1. тәжірибе

1.Сынауықтың үштен бір бөлігіне дейін су құйыңдар.
2.Суға 3 шай қасық магний сульфатын салып араластырыңдар.(Егер барлық тұз ерісе,өте қаныққан ерітінді алу үшін тағы да тұз қосыңдар)
3.Таяқшамен араластыра отырып,сынауықты сәл қыздырыңдар.
4.Қыздырылған сынауықты қар салынған стаканға (немесе мұз салынған суық суға) орналастырыңдар.

Не істедім

Не байқадым

Қорытынды








  1. Тәжірибе

1.Стаканға 100 мл су құйыңдар.
2.Тұзды аз мөлшерде қоса отырып,қаныққан ерітінді түзілгенге дейін ерітіндер
3.Ерітіндінің жартысын сатаканға құйып,оны суалтыңдар.
4.Алынған тұзды жинап өлшеңдер.
5.Қажетті есептеулерді жүргізіңдер.
6.Алынған мәліметтерді анықтамалықтармен салыстырыңдар.

Не істедім

Не байқадым

Қорытынды










Қ.Б: Жұптар бір-бірін «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы бағалайды
- Бізге .......... қиындық тудырды.
- Біздің түсінгеніміз ...........






Жаңа сабақты қорыту

«Қарқын әдісі»


5-мин

«Қарқын» әдісі (жеке жұмыс)
3.Тапсырма берілген заттарды сәйкестендіру.

Жақсы еритіндер

Ca(OH)2, PbCl2, CaSO4

AqCl, AqI, PbI

Аз еритіндер

Қант, MqCl2, Ba(NO3)2, NaNO3

Cu(OH)2, BaSO4, MqSO3

Ерімейтіндер

KCl, LiNO3, AlCl3

Li(CO3)2, Aq2SO4

Қ.Б: «Бутерброд» әдісі
2-мадақ 1-сынақ арқылы жұптық бағалау

Кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлем»


5-мин

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі
1.Нені үйрендіңіз?
2 Сіз үшін не тиімсіз болды?...
3 Сіз үшін не қызықты болды?....
4 Болашақта нені орындай аласыз?...




Үй тапсырмасы
2 мин

Үй тапсырмасы.
40-тақырыпты оқу, 148-151 бет




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға көпірше тудыру барысында «Құпия торкөз» әдісін пайдалану арқылы дайын мәліметті торкөздерге орналастырып білімдері қалыптасады. (топтық жұмыс).
«Қарқын» әдісі дарынды балалардың торкөздегі мәліметтерді пайдалану арқылы тәжерибе жасау дағдысын дамытады.
(жеке жұмыс).



Үй тапсырмасын сұрау барысында «+ және -» бағалау әдісін пайдаланамын.
1-тапсырмада «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы топтық бағалау жүргіздім.
2-тапсырмада практикалық жұмыс жасау барысында «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы жұптық бағалау жүргіздім.
3-тапсырмада «Бутерброд» әдісі арқылы бағалау жүргіздім.Бұл бағалау әдісі бойнша оқушылар 2-мадақ және 1-сынақ айту арқылы оқушының білімін бағалап, шешім шығаруға дағдыландырады.

Жеке тұлғаның пікірін ескеріп, әрбір ойдың құндылығын құрметтеуге үйрету;
Зертханалық тәжірибелер жүргізу барысында оқушылар бірлік пен ынтымақтастықты сақтап, бірлесе еңбектенуге уйренуі қажет және зертханалық жұмысты жүргізуде техникалық қауіпсіздік ережесі сақтауы керек.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?


Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Төменде қалдырылған орынды жүргізілген сабақ бойынша түсіндірмелер үшін қолданыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақ бойынша неғұрлым маңызды сұрақтарға жауап беріңіз




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет