Сабақ Тақырып: «Шаңғымен және шаңғысыз саптық жаттығулар.»



Дата23.02.2022
өлшемі1.42 Mb.
#455661
түріСабақ
сабақ №1


Пән «Дене шынықтыру» 4 семестр 20 сағат
1 Теориялық сабақ
Тақырып: «Шаңғымен және шаңғысыз саптық жаттығулар.»
Сабақтың сұрақтары:
1.Техника қауіпсіздігі.
2.Шаңғы жабдықтарын таңдау ережесі
https://www.youtube.com/watch?v=2XaEFAj4OnA-шаңғы жабдықтарын таңдау
Шаңғы даярлығы сабағындағы қауіпсіздік ережелері:

  1. Аяқ қажалмас үшін – аяқкиім аяққа шақ болуы тиіс.

  2. Аязды күндері қасыңдағы балалардың денесін үсік шалғандай белгі байқалса, ол жердің айналасын қармен қызарғанша ысқылап, көмек көрсету қажет.

  3. Егерде сабақ, жарыс кездерінде түрлі себептермен жарыс жолынан шығып қалсаң, мұғалімге немесе төрешіге хабар беруің керек.

  4. Шаңғы теуіп келе жатып жолдасыңды қуып жетсең, оның шаңғысының артын басып кетпе.

  5. Мұғалімнің ескерту сөзін мұқият тыңдап, еңіске түсерде арақашықтықты қатаң сақтау керек.

  6. Жоғарыдан ылдиға қарай түскенде, шаңғы таяқтарын өзіңнен алға шығаруға және төбенің етегінде тоқтап тұруға болмайды.

  7. Қатты аяз кезінде дененің ашық жерлеріне май жағып қою керек.

Шаңғы мен шаңғы таяғын іріктеп алу:

Дененің ұзындығы, см

150

155

160

165

170

175

180

185

Дене салмағы, см

40

45

50

55

60

65

70

75

Шаңғының ұзындығы, см

180

190

195

200

205

210

215

220

Таяқтың ұзындығы, см

110

115

120

125

130

135

140

145

Келесі кезекте шаңғы қолға алу және жерге қою, шаңғымен сапта тұру жаттығулары.


І. Шаңғы жерден алу жаттығулары.
1 - дегенде- сол аяғымызды алға созамыз.
2- дегенде- алға қарай иіліп, оң қолымызбен шаңғыны ұстаймыз.
3- дегенде- шаңғыны оң қолымызбен көтеріп, шаңғыны тіктейміз.
4-дегенде- сол аяғымызды орнына қоямыз.
ІІ. Шаңғы жерге қою жаттығулары.
1 - дегенде- сол аяғымызды алға созамыз.
2- дегенде- алға қарай иіліп, оң қолымызбен шаңғыны қоямыз.
3- дегенде- шаңғыны жіберіп денемізді тіктейміз.
4-дегенде- сол аяғымызды орнына қоямыз
ІІІ. Шаңғы иыққа алу жаттығулары.
1 - дегенде- оң қолымыздағы шаңғыны ептеп көтереміз.
2- дегенде- шаңғыны сол қол шамасына әкелеміз.
3- дегенде- шаңғының аяқ жағынан ұстаймыз.
4-дегенде- сол жақ иығымызға қоямыз.
Пән «Дене шынықтыру» 4 семестр 20 сағат
2 Теориялық сабақ
Тақырып: «Шаңғымен жүру техникасын үйрету.»
Сабақтың сұрақтары:
1Шаңғымен,шаңғыдан сап жаттығуларын орындау
2.Шаңғымен жүру техникасы.




  1. Ауыспалы жүріс. Сырғанаудың басында шаңғышы бір аяғын алға шығарады және сол алға шыққан аяққа денесінің салмағын ауыстырады. Сол кезде шығарған аяғына қарама- қарсы қолымен шаңғы таяғымен итереді.




  1. Ауыспалы төрт адымды жүріс. Бұл жүрістің барысы төрт сырғанау адымымен, қолмен екі итерілістен тұрады. Бірінші екі адымға шаңғышы кезегімен таяқты алға шығарады, үшінші және төртінші адымға таяқпен ауыспалы екі итеріліс жасайды.




  1. Бір мезгілдегі бір адымды жүріс. Шаңғышы екі шаңғымен сырғанай отырып, қалыпты қимылмен екі таяқты да ілгері шығарады, салмақты аяқтың ұшына түсіреді. Осы жағдайда тізені аз ғана бүгіп, бір аяқпен сырғанай отырып, екінші аяқты ілгегрі шығарып, осы аяққа салмақты салады, сонымен бір мезгілде таяқ қарға тіреле бастайды.

Сергіту сәті: «Бір шаңғымен сырғанау». Ұзындығы 25-30 м болатын қатар- қатар шаңғы жолдары салынады. Әрбір оқушы аяғына бір ғана шаңғы байлап, таяқтарын қолына ұстап сөре сызығына тұрады. Белгі берілісімен олар мәреге қарай екі таяқпен итеріп бір шаңғымен сырғанай жөнеледі. Шаңғысыз аяғын қарға тигізбеуі керек. Ойын ережесін бұзбай мәреге бірінші жеткен ойыншы жеңіске жеткен болып есептеледі.
Үйге тапсырма: Дәрісті оқып шығу, конспектілеу.
https://www.youtube.com/watch?v=pLT1ZiVBaK0- ЖДЖ кешенін бейнематериалды көріп жаттығулар жасау
Қосымша материалдарды интернет ресурстардан көріп таныса аласыздар:
1.Бишаева Дене шынықтыру. Оқулық.docx

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет