Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Психологиялық дайындық:
Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру
Сәттілік біздер тілейік,
Мен – саған, сен – маған,
Күндей күліп жүрейік,
Күннің нұрын төгейік,
Мен – саған, сен – маған.
Қауіпсіздік телефоны арқылы 4 топқа бөлу. (101 - өрт сөндіру, 102 - полиция, 103 - жедел жәрдем, 104 - газдан құтқару)
Сабақтың тақырыбын ашу үшін:
Бейнежазба көрсетіп,тамашалап болған соң сабақтың ортақ тақырыбын, бөлімін таныстырып, сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Енді оқулықпен жұмыс жасайық.
52 – беттегі суретке қара. Қыз баланың айналасынан қандай қауіпті жағдайларды байқадың?
«Класстер» әдісі арқылы қауіп-қатерлерді жабыстыру және атау.
Оған қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?
«Фишбоуын «әдісі арқылы жазады тақтаға
Дабыл дыбысы шығады (аудио жазба). Оқушылар бұл қай және не үшін болатын дыбыс екенін анықтайды.
-Бұл дыбыс сендердің естеріңе нені түсірді?
-Осы дыбысты естіп көргендерің бар ма және қай жерде естідіңдер?
- Мектепте бұл дыбысты естіген кезде қандай әрекет ету керек?
- Айналадағы қауіп-қатерлер туралы не білесіңдер?
-Үйде, көшеде, мектепте қандай қауіп-қатер кездесуі мүмкін?
-Олай болса мына пазлдарды жинау арқылы кездесетін қауіп –қатерлерді айқындайық.
|