Сабаққа әдістемелік нұсқау 7М05123 «Биотехнология»



бет1/40
Дата11.09.2023
өлшемі0.76 Mb.
#477168
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Практ


Ф.7.03-13

Ибраимова Ж.Қ.


Айтқұлова Р.Э.
«Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»

пәнінен практикалық сабаққа


әдістемелік нұсқау

7М05123 «Биотехнология» БББ магистранттарына арналған

Шымкент, 2022 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ




“Биотехнология” кафедрасы


Ибраимова Ж.Қ.


Айтқұлова Р.Э.
«Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»

пәнінен практикалық сабаққа


әдістемелік нұсқау

7М05123 «Биотехнология» БББ магистранттарына арналған

Шымкент, 2022 ж.

ӘОЖ 631.147(075.8)


ББК 30.16 я 73 Е 30
Ибраимова Ж.Қ., Айтқұлова Р.Э. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы» пәнінен практикалық сабаққа әдістемелік нұсқаулық, Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚУ, 2021 – 69 б.
Әдістемелік нұсқаулық 7М05123-Биотехнология білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған. Әдістемелік нұсқаулық оқу жоспары және оқу бағдарламасының талабына сай жасалынған. Практикалық сабақтар бойынша жүргізілетін тапсырмаларды орындауға қажетті мәліметтер енгізілген.

Пікір беруші:


«Биотехнология» кафедрасының
а/ш.ғ.к.доцент У.Қ.Аханов
«Биотехнология» кафедрасы (хаттама № « » 2022 ж.) және «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің әдістемелік комиссиясы отырысында қаралған (хаттама № « » 2022 ж.)

М.Әуезов атындағы ОҚУ Оқу-әдістемелік Кеңесінде баспаға ұсынылды,


№____ хаттама «____» ____ 2022 ж.
©М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті


КІРІСПЕ

’’Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы’’курсының мақсаты мен міндеті.


Биотехнологиялық өндіріс тірі объекті негізінде биоөнімдердің кең спектрін өндіретін немесе əртүрлі биохимиялық процестердің биоиндустриясы ретінде қазіргі қоғамдағы микробиология, биохимия, генетика, гендік инженерияның жəне химиялық технологияның ғылыми жетістіктеріне қосымша орын болып табылады.
«Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы» пәнін оқудың міндеті биоөндіріс технологиясының принциптерімен магистранттарды таныстыру болып табылады, шикізатты дайындаудан бастап, егіс материалын немесе бастапқы культураны алудан бастап, дайын өнімді бөліп алуға дейін культураны культивирлеу, дайын өнімді тазарту, сонымен қатар жаңа зат өндіруге қабілетті немесе жаңа қасиетке ие модифицирленген аумақты тиімді технологиямен алу.
«Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы» пәнін оқытудың мақсаты:
- ББЗ биосинтез процесінің жылдамдығын және биомассаның мол мөлшерде жиналуын, биообъектілерді культивирлеу қасиетін және биологиялық ерекшеліктерін білу керек;
- биологиялық агенттің таза культурасын сақтау әдістерін таныстыру қажет;
- асептиаклық жағдайда биологиялық агентті культивирлеуді қамтамасыз етуге және биообьектінің өсуін қамтамасыз ететін шикізат пен қоректік заттардың қасиетіне мәлімет беру керек;
- биотехнологиялық процестің ерекшелігіне, оларды іске асыратын ғылыми принциптеріне; дайын өнімді алу үшін қажет әдістерді және бағалау дәрежесін іріктеуді білу керек; жеке биоөндірістің технологиялық сызба нұсқасы жайлы мәлімет беру керек;
- соңғы өнімді тазарту әдістерін және тәсілдерін білу керек;
- магистранттарды алған білімінің арқасында теориялық деңгейін жоғарлатуға және оны практикада қолдануға үйрету керек.
Биотехнология екі жақты: ғылыми және өндірістік жүйелерді біріктіреді.
Демек, биотехнологияның жаңа анықтауларында ол тек өндірістің саласы ғана болып саналады.Қазіргі биотехнология адамның іс жүзінің әрекетінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді. Биотехнология тірі организмдерді және биологиялық жүйелер мен процестерді адам баласының мақсатына сай өндірісте қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет