Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы



бет81/95
Дата31.03.2024
өлшемі455.73 Kb.
#497115
түріСабақ
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95
Әдіс тәсілдер

312. «Түсініктемелермен жұмыс»
Оқушыларға мына түсініктемелермен жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз -

  • - сабақта оқушымен жеке әңгіме жүргізу үшін уақыт бөліңіз.

  • - оқушыларға арналған жинақта жазбаша түрде диалогтарыңыз болсын.

  • - диалогты анағұрлым формалды ету үшін түсініктемелерді немесе мақсаттарды қадағалау парағын қолданыңыз.



313. «Тыңдайтын үшбұрыштар»
Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:
СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).
ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.
ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.

2-нұсқа
Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.




314. «Тізбектен не түсіп қалған?»
Оқушыларға бір сөз түсіп қалған тізбек көрсетіп, сол сөзді табуды
сұраңыз. Мысалы, жанама – ? (түзу)


315. «Тірек мәтін»
Мұғалім жеке оқушыға, жұпқа немесе топқа тақырып бойынша бірнеше сұрақ береді. Олар жазба түрінде жауап жазады. Жауап бере отырып, оқушылар осылай өтілген тақырыптарға тірек конспектісін жасайды.


316. «Үндеме!»
Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп санап, екі топқа бөледі.Тапсырма: екі топ үндемей, тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп, туған күндері бойынша сап түзеуі керек. Саптың алдында 1 қаңтарда туған оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле береді.


317. «Үш жақты күнделік толтыру»
Жүзеге асыру қадамдары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет