Сабақтас құқықтық саласының арақатынасы



Дата22.01.2020
өлшемі137 Kb.
#447860
түріСабақ
Практика

Жер құқығының түсінігі, әдістері, жүйесі;

Жер құқығының сабақтас құқықтық саласының арақатынасы.
Жерге орналастыру өзі функцияларын жер қатынастарын қүқықтық түрғыдан реттеу жүйесінің негізінде жүзеге асырып отырады. Бүкіл құқықтық құжаттарды шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:

Біріншісі - Қазақстан Республикасының Конституциясы;



Екіншісі - Парламент әзірлеп, Президент бекітетін заңдар;

Үшіншісі - ведомстволық нұсқаулар мен ұсыныстар;

Төртіншісі — облыстық және аудаядық мәслихаттар мен әкімші-ліктердің өзі құқықтық құзыларындағы аймақтық шешімдері.

ҚР Конституциясы бойынша жер, оның койнауы, суы, өсімдік және жануарлар өлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады.

Сонымен қатар, жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікке де берілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұндай құжат ретінде 2001 жылдың 24-ші қаңтарында бекітілген "Жер туралы" заң қолданылып келді. Қазіргі кезде жер қатынастары жаңа Жер Кодексі негізінде реттеледі. Бұл құжатта республикада жер қа-тынастарын реттеудің жалпы концепциясы, біртұтас жер қорының құрамы, жерді пайдалану және қорғау жөніндегі талаптар, ақылы жер иелену және жер пайдалану принципі, жер иелері мен жер пай-даланушьшардың кұқықтары және міндеттері, жерді жеке мешнікке беру тәртібі, жеке меншік, тұрақты пайдалану, жерді ұзақ және кысқа мерізімге жалға алу шектері мен механизмі, жер жөнінде әр түрлі келісім-шарттарды жүргізу реттілігі белгіленген. Кодекстің жеке баптары жерге орналастыруға, жер кадастры және мониторингқа ар-налған. Сонымен қатар әр түрлі органдардың жер ресурстарын басқару құқықтары көрсетілген.

Жер заңдарынан басқа, жер қатынастары мен жерге орналасты-
рудың құқықтық негізі ретінде Азаматтық Кодекс, "Шаруа қожадығы
туралы" (1998 ж.), "Ауылшаруашылық серіктестіктері туралы" (2000
ж.), "Жер салығы туралы" (2000ж.), "Ипотека туралы" (1995ж.)
және тағы бірқатар заңдар қолданылады. Бұлардың кейбіреулері жер
мен жерге орналастыруға тікелей, ал кейбіреулері жанама түрде қа-
тысты. Сондықтан оларды жеткілікті деңгейде оқып білу қажетті.
Мысалы, жекешелендіру заңында көп укладтық аграрлық экономи-
каға, жерде шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларына көшу
жағдайлары қамтылған. "Шаруа қожалығы туралы" заңда оларға жерді иеленуге, пайда-лануға немесе жалға алуға қатысты құқықтық шарттар белгіленген.

"Жер салығы туралы" заң жерді тиімді пайдалануға және жерге орналастыру, топырақтың құнарлылығын арттыру шараларын қар-жыландыруға қолайлы экономикалық жағдайларды қамтамасыз етуге тиісті.

Үкіметтің Қаулылары, заң актілері ретінде жеке заңдарды нақтылай отырып, Ережелер мен Нұсқауларды бекітеді.

Ведомстволық құжаттар, инструкциялар және әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар жерді иелену немесе пайдалану құқығын ресімдеу тертінгері мен ережелерін, іздестіру-зерттеу және жобалау жұмыстарының өдістемесін, нормативтік базаны реттеп отырады.

Аталған нормативтік актілер бүкіл жерге орналастыру іс-қимыл-дарының, сонымен бірге жер қадастрлық және бағалау жұмыстарын, әр түрлі арттеулер мен әдестірулерді жүргізудін. құқықтық негізі болып табылады.

Жер құқығының сабақтас құқықтық саласының арақатынасы.
Жер нарығының қалыптасуы және дамуы Қазақстандағы жер реформасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады, әрі азаматтардың жерге және басқа жылжымайтын мүлікке деген құқығын, жерді пайдалану құқығын қамтамассыз етеді. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің «Жер туралы», «Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы», «Жылжымайтын мүліктің және онымен жасалатын келісімді мемлекеттік тіркеу туралы» заңды күші бар Жарлықтарының қабылдауына орай, сол сияқты бұл заңнамалық актілерді жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулыларының толық пакетіне байланысты елімізде қатынастарының заңнамалық негізгі жүйесін құру басталады.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурыздағы «Шаруа (фермер) қожалықтары туралы» Заңында шаруа қожалықтарын ұйымдастыру процесіндегі жер қатынастарын реттеудің нопмалары, жер учаскелерін беру шарттары мен тәртібі, жер учаскелерін, тағы басқа нормаларды пайдаланудағы жерді пайдаланушылардың міндеттері мен құқықтары белгіленеді.

Сонымен қатар заңнаманың дамуы жерді дұрыс пайдалану мен тиімді қорғауды қамтамассыз ететін жер кадастры мен мониторингіні толық жетілдіруі керек. Жер қатынастарын реформалауды дамыту, оларды мемлекет тарапынан реттеу, ең алдымен заңнамалық органдарды реттеу жер заңнамасының алдағы увқытта толық жетілдіруін қамтамассыз етеді.
Қазақстан Республикасындағы жер құқығы туралы құқықтарды рәсімдеу және беру жұмыстарының көрсеткіштері.

Көрсеткіштер



Саны

Берілген актілер саны

Берілген актілер пайызы

Соның ішінде 2001 жылы

Жерді пайдаланушылар мен меншік иелерінің жалпы саны

Соның ішінде:

-Ш (ф) Қ

-Жерді пайдаланудың агроқалыптасуы

-Кондоминиумдер

-Жағын кәсіпкерлік субъектілер



3125662

105193


4477

21966
64745




2846692

93611


4377

16882
58349



91

89

98



72
90

136244

11334


341

2222
11445


Кестедегі көрсетіштер көрсеткендей, 2001 жылдың басында жерді пайдаланушылар мен меншік иелерінің 91% - ы жер құқығытуралы құжаттарды алған. Жерге байланысты құжаттарды дер уақытында рәсімдеу және беру жер – кадастрлық органдардың компьютерлік, картографиялық техникамен қамтылу деңгейінде қызу жұмысты қажететеді. Сонымен қатар заңнаманың дамуы жерді дұрыс пайдалану мен тиімді қорғауды қамтамассыз ететін жер кадастры мен мониторингіні толлық жетілдіруі керек. Жер заңнамасының маңызды міндеттері азматтар мен заңды тұлғалардың жерге құқығын қорғау, заңды қамтамассыз ету, бекіту болып табылады.

Жер қатынастарын реформалауды дамыту, оларды мемлекет тарапынан реттеу, ең алдымен заңнамалық органдарды реттеу жер заңнамасының алдағы увқытта толық жетілдіруін қамтамассыз етеді. Елімізді жер заңнамасының алдағы уақытта толық жетілдіруі үшін, біздің біздің көзқарасымызша, жерге жеке меншік құқығын бекту мен қорғауға, жер нарығын әрі қарай дамытуды реттеуге, жерді, оны Жерді пайдалануға мемлекеттен берілетін жер учаскелері пайдалану құқығын кепілге алып ипотекалық несие беруге, осындай операцияларды жүргізуге кепілдік жүйесін құқруға, жер құқғын, онымен жасалған келісімді мемлекеттік тіркеумен қамтамассыз етуге, жерді жалға беру қатынастарын бекіту және дамытуға, сол сияқты жеке меншікті жүргізудің мақұлданған, дұрыс шешіміне бағытталуы керек.


Жеке меншікке берілген (берілетін) және сатылатын жер учаскелері.

Қазақстан Республикасының азаматтарына

Мемслекеттік емес заңды тұлғаларға, соның ішінде заңды тұлғаларға

Жеке үй (қосымша) шаруашылықты, бау – бақша және саяжай құрылысын жүргізу үшін

Ғимараттар мен құрылыстар, соның ішінде пәтер – үй салу үшін

Ауылшаруашылыққа арналған

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына: ауылшарушылыққа арналған


Жер құқығын заңнамалық бекіту



Жерді тұрақты пайдалану

Жерді уақытша пайдалану

Қазақстан Республиасы мемлнкеттік тұлғаларына: Ауылшаруашылықты; орман шаруашылықты; өндірісті жүзеге асырушыларға; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға; басқа жағдайларға;

Қысқа мерзімді (5 жылға дейін)

Ұзақ мерзімді (5 – тен 49 жылға дейін)

-Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына;

-шетелдіктер мен заңды тұлғаларға.



-Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына;

-шетелдіктер мен заңды тұлғаларға.


Ауылшаруашылыққа арналған жерлерге қатысты алсақ, олар республикада жер қорының 48,2% - ын немесе 130,1 млн.га жерді құрайды.

2001 жылдың басында мемлекеттің қатысуымен жер учаскелерін жеке меншікке сату – сатып алудың 50,9 мың операциясы жүзеге асырылған, ол 51,2 мың.га алаңды, 11,1 млрд. Теңгеден жоғары құнды құрайды.


Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалануға құқықтары
Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерi меншiк иелерi мен  жер пайдаланушылардың:


  1. жер учаскесiн оның нысанасынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргiзу;

  2. ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен екпелер себу мен отырғызуға, өндiрiлген ауыл шаруашылығы өнiмi мен жер учаскесiн пайдалану нңтижесiнде алынған өзге де өнiмге және оны өткiзуден түскен табысқа меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару;

  3. өз шаруашылығының қажеттерi үшiн жер учаскесiнде бар құмды, сазды, қиыршық тасты және басқа да кең таралған пайдалы қазбаларды, шымтезектi, екпелердi, жер үстi және жер асты суларын, кейiннен Мәмiлелер жасасу ниетiн көздемей, белгiленген тәртiппен пайдалану, сондай-ақ Жердiң өзге де пайдалы қасиеттерiн пайдалану;

  4. жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылған, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жағдайда келтiрiлген шығынды толық көлемiнде өтетiп алу;

  5. жердi аймақтарға бөлудi ескере отырып, меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару құқығымен жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкестiкте тұрғын үйлер, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салу;

  6. белгiленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарға сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиорациялық жұмыстар жүргiзу, тоғандар мен өзге де су айдындарын жасау құқығы бар.

Уақытша жер пайдаланушылар үшiн осы баптың 1-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген өкiлеттiктер жер учаскесiн беру актiсiмен немесе жалдау шартымен (уақытша өтеусіз жер пайдалану туралы шартпен) шектелуi мүмкiн.

Осы Кодекске орай жер учаскесiне құқықтар тиесiлi болмайтын жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi

Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша тұлға жер учаскесiне осы Кодексте белгiленген нормаларға сәйкес оған (тұлғаға) тиесiлi болмайтын құқықты алатын жағдайларда, аталған құқық Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген ережелер бойынша бiр жыл iшiнде иелiктен шығарылуға тиiс немесе аталған мерзiмде осы Кодекске сәйкес жерге сондай субъектiге тиесiлi болатын құқық етiп қайта ресiмделуге тиiс.

Үйлердiң(құрылыстардың, ғимараттардың) иелiктен шығарылуына байланысты меншiктегi немесе жер пайдаланудағы жер учаскесi иелiктен алынған кезде, алушылар жер учаскесiне иелiктен алынатын құқық тиесiлi болмайтын тұлғаға осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес бұл құқықты сол тұлғаға тиесiлi болатын құқық етiп қайта ресiмдеуге тиiс.

Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге

де заттық құқықтар. Жерге меншік құқығы. Жерге меншiк құқығының түрлерi

Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.

Меншiк құқығының субъектiлерi:


  1. республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы;

  2.       осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.

Меншiк құқығының мазмұны

Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар.

Жердiң меншiк иесi ретiндегi мемлекеттiң құқықтарын осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

Жер учаскесiнiң меншiк иесi осы Koдексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген негiздерде, шарттар мен шектерде меншiк иeci құқығын жүзеге асыра алады.



Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы

Жер учаскесiне меншiк құқығы:

      1) меншiк құқығын табыстау;

      2) меншiк құқығын беру;

      3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.

Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.

Жер учаскесiне меншiк құқығы:

      1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;

      2) азаматтық-құқықтық Мәмiлелердiң негiзiнде;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.



Жеке меншiк құқығын iске асыру

Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттiк органдардың қандай да бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады.


Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген Мәмiлелердi жасасуға құқылы.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi аталған құқықтарды осы Кодекстiң ережелерiн ескере отырып iске асырады.

     Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мңмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен берiледi.

Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанында жасалады.

      Мемлекеттiк меншiк құқығын iске асыру

     Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскелерi:

      1) жеке меншiкке сатылуы немесе өтеусiз берiлуi;

      1-1) ұлттық компания мңртебесі бар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі;

      2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлуi;


  1. осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда iске асырылуы мүмкiн.

Жер пайдалану құқығы.  Жер пайдалану құқығының режимі

     Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Осы Кодекске немесе заттық құқықтың мәнiне қайшы келмейтiндiктен, жер пайдалану құқығына меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.

     

Жер пайдалану құқығының түрлерi

Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулi немесе өтеусiз алынатын болуы мүмкiн.

     Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздерден басқа реттерде ешкiмдi де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды.

     Жер пайдалану құқығының субъектiлерi

     Жер пайдаланушылар:

      1) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес;

      2) ұлттық және шетелдiк;

      3) жеке және заңды тұлғалар;

      4) тұрақты және уақытша;

      5) бастапқы және кейiнгi болып бөлiнедi.

     Жер пайдалану құқығының туындауы

      1. Жep пайдалану құқығы:

      1) жер пайдалану құқығын табыстау;

      2) жер пайдалану құқығын беру;

      3) жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) арқылы туындайды.

     Жер пайдалану құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.

     Жер пайдалану құқығы:

      1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;

      2) азаматтық-құқықтық Мәмiлелердiң негiзiнде;

     3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.



Жер пайдалану құқығын табыстау

     Жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тiкелей мемлекеттiң беретiнiн бiлдiредi.

     Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешімі негізінде жер учаскесіне құқық табыстау жөніндегі құзыретке сәйкес жүргізіледі.

      Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өз құзыреті шегінде мемлекеттiк емес жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығын табыстаған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның уақытша жер пайдалану құқығын табыстау туралы тиісті шешімі негізінде осындай жер пайдаланушылармен жер учаскесiн жалға беру шарттары немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану шарттары жасалады.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы немесе арнайы экономикалық аймақ ңкімшілігі арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына, сондай-ақ жеке тұлғаларға, дара кңсіпкерлерге және қызметін арнайы экономикалық аймақта тіркелген
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге жер пайдалану құқығын табыстаған кезде жер пайдаланушымен жерді уақытша пайдалану құқығын табыстаған туралы шешім негізінде жер учаскесін жалға беру шарты жасалады.

Егер жер учаскесi жер қойнауын пайдалануға лицензия немесе келiсiмшарт жасасуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимыл жасауға арналса, осы учаскеге жер пайдалану құқығын табыстау жер қойнауын пайдалануға тиiстi лицензия алынған немесе келiсiмшарт жасалған соң жүргізіледі.

     Жер қойнауын пайдалануға келiсiмшарттың болуы жер учаскесiн кiдiрiссiз ресiмдеу үшiн негiз болып табылады.

Жер пайдалану құқығын беру

     Жер пайдалану құқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретiнiн бiлдiредi.

     Жер пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық Мәмiлелер негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер бойынша жүргiзiледi.

     Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару азаматтық-құқықтық Мәмiлелер (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және басқалар) негiзiнде жүргiзiледi.

     Жер пайдалану құқығын белгiлi бiр мерзiмге басқа тұлғаға беру жалдау немесе жер учаскесiн уақытша өтеусiз пайдалану шартының негiзiнде жүргізіледі.

     Жер пайдалану құқығын беру мен оны иелiктен шығаруды уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатып алған тұлғалар ғана жүргiзе алады.

     Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алу:
      1) кепілге, сондай-ақ шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғам акцияларының төлеміне немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру кезінде;

      2) орман және су қорлары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер құрамындағы, иеліктен шығарылатын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған жер учаскесіне талап етілмейді.

      Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару және оны беру кезiнде жер пайдаланушылардың жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өз бетiнше өзгертуге құқығы жоқ.

Жер пайдаланушылардың:

      1) ортақ пайдаланудағы;

      2) қорғаныс қажеттерiне берiлген;

      3) орман қорының;

      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы;

      5) қызметтiк жер телiмiнiң;

      6) уақытша өтеусiз және уақытша қысқа мерзiмдi өтеулi жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң;

      7) кепілге, сондай-ақ шаруашылық серіктестігінің жарғылық қорына салым ретінде, акционерлік қоғам акцияларының төлеміне немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беруді қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, уақытша жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерінің;

      8) су қорының жерiнде жер пайдалану құқығына қатысты Мәмiлелер жасасуына жол берiлмейдi.

     Осы баптың 2-тармағында көзделген шектеулер жер пайдаланушылардың орман және су қорлары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер құрамындағы, иеліктен шығарылатын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған жер учаскесіне жер пайдалану құқығына қатысты жасасатын мәмілелеріне, соның ішінде кепілге салуға қолданылмайды.

     Жер пайдаланушының өзiне тиесiлi жер учаскесiн басқа тұлғаға (кейiнгi жер пайдаланушыға) уақытша жер пайдалануға беруi, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығын иелiктен шығару осы Кодекстiң 32-бабының 4-тармағында және 37-бабының 3-тармағында көзделген нормалардың ережелерi ескерiле отырып жүргiзiледi.



Тұрақты жер пайдалану құқығы

     Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:

      1) кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғаларға;

      2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибе және оқу мақсаттарына;

      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда берiледi.

Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды.

Уақытша жер пайдалану құқығы

Жер учаскесi азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.

Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.

      Уақытша өтеулi жер пайдалану құқығы қысқа мерзiмдi (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмдi (5 жылдан 49 жылға дейiн) болуы мүмкiн.

     Уақытша жер пайдалану құқығын табыстау мерзiмдерi жер учаскесiне берiлетiн құқықты, оның нысаналы мақсатын және аумақты аймақтарға бөлудi ескере отырып белгiленедi.

     Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ шартты бұзу тәртiбi оның өзiнде көрсетiлген жағдайларда, атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын бiржақты бұзуына жол берiлмейдi.



Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы

     Жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен:

      шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн;

      тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн;

      мемлекеттiк жер пайдаланушыларға;

      бақша өcipу үшiн;

      қызметтiк жер телiмі түрiнде;

      ортақ пайдаланылатын жолдарды салу, мемлекеттiк меншiктегi және әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер құрылысы кезеңiне;

      тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды уақытша өтеусiз пайдалануға берген кезде;

      ғибадат объектiлерi үшiн;

     Осы Кoдексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге жағдайларда берiлуi мүмкiн.

     Уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмi түрiнде және тозған әрi бүлiнген жердi қалпына келтiру үшiн берiлетiн жағдайларды қоспағанда, бес жылдан аспауға тиiс.

      Үйлер (үй-жайлар) мен ғимараттарға берiлген жер учаскесiн уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды, соның iшiнде ғибадат құрылыстарын уақытша өтеусiз пайдалану мерзiмiмен айқындалады.

     Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерiн иелiктен шығаруға, соның iшiнде оларды кейiнгi жер пайдалануға бepугe жол берiлмейдi.

Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы

Жер учаскесiне уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкiн.

     Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн, басқа тең жағдайларда, жаңа мерзiмге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады. Жалға алушы осындай шарт жасасу ниетi туралы жалға берушiнi шартта көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

     Мемлекеттен уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығын сатып алған, осы баптың 5-тармағында аталғандардан басқа мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiн (немесе олардың бiр бөлiгiн) жалға (қосалқы жалға) немесе уақытша өтеусiз пайдалануға беруге құқылы, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына хабарлай отырып, жер учаскесi меншiк иесiнiң келiсiмiнсiз, жер учаскесiн жалға беру шартының мерзiмi шегiнде өздерiне тиесiлi уақытша жер пайдалану құқығын иелiктен шығаруға да құқылы.

     Аталған жағдайларда, жалдау құқықтарын кепiлге берудi қоспағанда, жер учаскесiнiң жаңа жалға алушысы жалға берушiнiң алдында жер учаскесiн жалдау шарты бойынша жауапты болады.

Жалға берiлетiн жер учаскесiн үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың меншiк иелерi сатып алатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесiн сату кезiнде осы жер учаскесiн жалға алушының ортақ меншiк құқығындағы үлесiн бөгде тұлғаға сатуы үшiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен оны сатып алуға басым құқығы болады.

     Уақытша өтеулi жер пайдалану құқығы шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларына - 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.

Кейiнгi жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығы

     Бастапқы жер пайдаланушы өзiнiң жер пайдалану құқығын иелiгiнен шығармай, ал өзiне тиесiлi учаскенi (немесе оның бiр бөлiгiн) жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға беретiн жағдайларда, кейiнгi жер пайдалану туралы шарттың негiзiнде кейiнгi жер пайдалану туындайды.

      Кейiнгi жер пайдаланушы ңрдайым уақытша жер пайдаланушы болып табылады, өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беруге құқығы болмайды.

Жер учаскесiн кейiнгi жер пайдалануға берген кезде бастапқы және кейiнгi жер пайдаланушылар жер пайдаланушының мемлекет алдындағы мiндеттерiн толық көлемiнде атқарады.

     Кейiнгi жер пайдалану туралы шарт жалдау шарты немесе уақытша өтeуciз пайдалану туралы шарт нысанында жасалады.

     Кейiнгi жер пайдаланушы жер учаскесiнде шаруашылық жүргiзудi жүзеге асырады, сондай-ақ кейiнгi жер пайдалану (қосалқы жалдау) туралы шартта белгiленген шарттарды сақтай отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтары мен мiндеттерiн (осы Кодекстiң 64 және 65-баптары) iске асырады.

     Осы Кодекстiң 41-бабына сәйкес жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмi тәртiбiмен берудi қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн кейiнгi жер пайдалануға беруге жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк жер пайдаланушылардың құқықтық  жағдайының ерекшелiктерi

     Мемлекеттiк жер пайдаланушылар жер учаскесiнде шаруашылық жүргiзудi жүзеге асырады, сондай-ақ осы учаскенiң нысаналы мақсаты мен жер пайдаланушы қызметiнiң жарғыдағы мақсаттарын ескере отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтарын iске асырады.

     Мемлекеттiк жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын иелiгiнен шығаруға, сондай-ақ кепiлге беруге құқылы емес.

      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң ережесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жердi қоспағанда, жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығаруға не кепiлге беруге байланысты жер пайдалану құқығын иелiктен шығару не оны кепiлге беру жағдайларына қолданылмайды.

     Мемлекеттiк жер пайдаланушыларға тиесiлi үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) кредиторлардың талап етуi бойынша өндiрiп алуға байланысты жер пайдалану құқығынан өндiрiлiп алынатын жағдайларды қоспағанда (осы Кодекстiң 78-бабының 3-тармағы), мемлекеттiк жер пайдаланушыларға тиесiлi жер пайдалану құқығы кредиторлардың талап етуi бойынша өндiрiп алу нысанасы бола алмайды.

     Мемлекеттiк жер пайдаланушы өзiне тиесiлi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) белгiленген тәртiппен жалға берген жағдайда, осы Кодекстiң 52-бабының 3-тармағында белгiленген ережелер бойынша, олармен бiрге аталған мүлiк орналасқан және оны белгiленген нормаларға сәйкес пайдалану үшiн қажеттi жер учаскесi де жалға берiледi.


     Үйдiң (құрылыстың, ғимараттың) өзiн тиiсiнше жалға бермей тұрып, үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесiн басқа тұлғаға жалға беруге болмайды.

Жер учаскесi қызметтiк жер телiмi тәртiбiмен берiлетiн жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк жер пайдаланушының өзiне тиесiлi жер учаскесiн уақытша өтеусiз жер пайдалануға беруiне жол берiлмейдi.



Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы

Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы заң бойынша мұраға ие болу кезiнде немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда құқық мирасқорында жер пайдалану құқығының туындауын бiлдiредi.

     Жер учаскесiне ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы бap азамат қайтыс болған жағдайда, жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен мұраға қалдырылады. Егер уақытша жер пайдалану шартында өзгеше көзделмесе, қысқа мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы да осындай тәртiппен мұраға қалдырылады.

     Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, оған тиесiлi жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарының нормаларына және осы Кодекске сәйкес құқық мирасқорына көшедi.



Жер учаскесі - меншік құқығының, жер пайдалану құқығының және өзге де заттық құқықтардың объектісі ретінде

Жер учаскесiне құқық шектерi

Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады.

     Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының топырақ қабаты астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. Кең тараған пайдалы қазбаларды өндiруге және жеке қажетке жер асты суларын алуға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау қойнауында кең тараған пайдалы қазбалар және жер асты сулары бар жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi.

     Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiне құқықтарын өз қалауынша жүзеге асырады.



     Жер учаскелерiне меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың жерге құқықтары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша шектелуi мүмкiн.

     Жер учаскелерiне меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес экологиялық рұқсат алуға мiндеттi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет