2014 жылғы 4 және 14 қарашадағы (№48 және №50 хаттамалар) өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы (№37 хаттама) отырысында мақұлданған



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі469.56 Kb.
#2956
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

отырысында мақұлданған

(2015 жылғы 17 ақпандағы

№ 9 хаттама)


2014 жылғы 4 және 14 қарашадағы (№ 48 және № 50 хаттамалар) өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы (№ 37 хаттама) отырысында мақұлданған

Қазақстан Республикасының 2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына өзгерістер
1. «Дамытудың сыртқы және ішкі шарттары» деген 1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары



    1. 2014 жылғы елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері

Ел экономикасы 2014 жылы әлемдегі геосаяси ұшығудың күшеюі және мұнай мен металдарға әлемдік бағаның елеулі төмендеуі жағдайларында дамыды.

2014 жылы Дүниежүзілік Банктің (бұдан әрі – ДБ) деректері бойынша әлемдік экономиканың өсуі 2,6%-ды құрады. АҚШ экономикасының өсуі


2,4%-ды құрады. Еуро аймағы біртіндеп рецессиядан шығуда (2013 жылғы
-0,4% қарағанда 2014 жылы 0,8%).

Нарықтары қалыптасып келе жатқан елдерде экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуі байқалды. Бәсеңдеудің негізгі себептері циклдік факторлар, еңбек өнімділігінің төмендеуі, көптеген елдер жүргізген саясатты қатаңдату кезеңі, сондай-ақ саяси ұшығудың болып табылды.

Соның салдарынан Қытайды қоспағанда дамушы елдердегі ішкі сұраныс жалпы төмен сипаттамада болды. 2014 жылы Қытай экономикасының өсуі 7,4%-ды құрады.

Ресей экономикасы өсуінің 0,6%-ға дейін бәсеңдеуімен сипатталды. Бұл Украинаның оңтүстік-шығыстағы оқиғалар аясындағы геосаяси жағдайлардың және батыс елдері мен Ресей арасында енгізілген өзара санкциялардың күшеюімен негізделген. Бұдан басқа, 2014 жылдың жазынан басталған мұнайға әлемдік бағаның құлдырауы Ресей экономикасының экономикалық өсу тұрақтылығын тежеді, бұл рубльдің 2 есеге дерлік құнсыздануына, капиталдың айтарлықтай сыртқа кетуіне, сондай-ақ қаржы секторындағы тәуекелдердің ұлғаюына алып келді.

Дамудың күрделі сыртқы экономикалық жағдайлары мен геосаяси тәуекелдердің күшеюі аясында Қазақстандағы экономикалық белсенділік біртіндеп бәсеңдеді, бірақ тұрақты даму траекториясында қалды. 2014 жылы алдын ала деректер бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі – ЖІӨ) өсуі 4,3%-ды құрады. Бағалау бойынша, жан басына шаққанда ЖІӨ 13 004 АҚШ долларын құрады.
Экономика өсуінің негізгі драйвері құрылыс индустриясы мен көрсетілетін қызметтер саласы болды. ЖІӨ-нің өсуіне жағымды әсер еткен тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің жақсы өсуін атап өткен жөн.

2014 жылы өнеркәсіпте өңдеу өнеркәсібіндегі өнімдер өндірісінің


1,0%-ға, оның ішінде тамақ өнімдері өндірісінің 2,9%-ға, сусындардың 5,9%-ға, жеңіл өнеркәсіптің 3,7%-ға, мұнай өңдеудің 2,5%-ға, минералды өнімдердің 3,5%-ға, қара металлургияның 8,6%-ға өсуінен өнімдерді шығарудың өсуі 0,3%-ға байқалды.

Тау-кен өнеркәсібінде шикізат өндірудің 0,3%-ға, оның ішінде мұнай 1,1%-ға, көмір мен лигнит 2,0%-ға, темір кені 0,7%-ға төмендеуі байқалды. Сонымен қатар, салада табиғи газ 7,5 %-ға, металл кені 6,3%-ға, түсті металлдар кені 9,7%-ға өсуі байқалады.

Осылайша, 2014 жылы тауар өндірісінің өсуі өңдеу өнеркәсібінде оң екпіндердің есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, 2014 жылы қызметтер өндірісінің өсімі 6,0%-ды құрады.

Қызметтердің жалпы қосылған құнының жағымды өсуі сауданың (9,0%), ақпарат пен байланыстың (8,5%), көлік және қоймаға қоюдың (7,0%) және тұру мен тамақтану бойынша қызметтердің (6,1%) көлемдерінің едәуір ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

2014 жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің өсімі 100,8%-ды құрады. Дәнді дақылдар шамамен 14,9 млн. га немесе жинауға келетін 99,1% жерден жиналды, 12,7 ц/га өнімділігін кезінде шамамен 18,9 млн. тонна астық бастырылды. Ағымдағы жылы жөндеуден кейін дәндер өнімділігін жинау жалпы көлемі 17,0 млн. тонна деңгейінде бағаланады.

Өткен жылы негізгі капиталға 6 574,7 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынды, бұл 2013 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 3,9%-ға жоғары. Инвестициялардың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектіледің өз қаражаттары (жалпы көлемнің 57,9%-ы) мен мемлекеттік бюджеттің қаражаты (20,1%) болып отыр. Инвестицияның елеулі бөлігі кен өндіруші өнеркәсіп пен карьерлерді өңдеуге (30,3%), көлік және қоймаға қоюға (18,3%) және жылжымалы мүлікн операцияларына (10,2%) келеді.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялардың айтарлықтай өсімі байқалады. 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда инвестициялар көлемі 18,1%-ға ұлғайып, 613,6 миллиард теңгені құрады. Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 7 516,5 мың шаршы метрді құрады, бұл 2013 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 9,8%-ға артық. Инвестицияның өсуі есебінен құрылыс жұмыстарының көлемі 4,1%-ға өсіп, 2 652,5 миллиард теңгені құрады.

2014 жылғы ақпандағы теңгенің бағамына түзету жасау және инфляцияны импорттау нәтижесінде инфляциялық үрдістердің күшеюі байқалады. 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2014 жылғы желтоқсанда инфляция 7,4%-ды құрады, бұл 2013 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 2,6 пайыздық тармаққа жоғары. 2013 жылғы ұқсас кезеңдегі 3,3%-ға қарағанда азық-түлік тауарларына бағаның 8,0%-ға көтерілуінен азық-түлік тауарлары инфляциясына салымдар 3,0 пайыздық тармақты құрады (2013 жылы


1,3 пайыздық тармақ). Азық түлік емес тауарлардың бағалары 7,8%-ға (3,3%) көтерілді, инфляцияға салымдар 2,5 пайыздық тармақты (1,1 пайыздық тармақ) құрады. Ақылы қызметтер көрсетудің бағалары 6,4%-ға (8,0%) артты, жылдың соңынан бастап салымдар 2013 жылғы ұқсас кезеңде 2,3 пайыздық тармаққа қарағанда 1,9 пайыздық тармақты құрады.

2014 жылы сыртқы сұраныстың қысқаруы және мұнай мен металдың жекелеген түрлеріне бағаның елеулі құлдырауына байланысты тауарлар экспортының 7,6%-ға (78,2 миллиард АҚШ доллары) құлдырауы байқалады. Ішкі нарықта сұраныстың бәсеңдеуі мен теңгенің бағамына түзету жасауынан тауарларды иморттау көлемі 15,6%-ға дейін (41,2 миллиард АҚШ доллары) қысқарды. Жалпы елдің сыртқы сауда айналымы бұл кезеңнің ішінде 10,5%-ға қысқарып, 119,4 миллиард АҚШ долларын құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректері бойынша 2014 жылы 9 ай бойынша ағымдағы операциялар шотының профициті 5 163,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2013 жылғы ұқсас кезеңімен (994,0 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 5,2 есе ұлғайды.

2014 жылғы 9 ай бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы


106,8 млрд. АҚШ долларын құрады және 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға төмендеді, оның ішінде экспорт – 66,0 млрд. АҚШ доллары (1,8%-ға төмендеу), импорт - 40,7 млрд. АҚШ доллары (11,4%-ға төмендеу) төмендеді.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету экономиканың негізгі даму шарттарының біріне айналды.

Макроэкономикалық даму банк секторының кредиттеуді кеңейтуімен және халықтың ақшалай табысының ұлғаюымен расталып отырған орнықты өсуімен байланысты.

Халықаралық резервтердің көлемі 2014 жылы 7,3%-ға ұлғайып,


102,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) активтері жыл басынан 3,9%-ға өсіп, 73,7 млрд. АҚШ долларын құрады.

Мемлекеттік бюджеттің түсімдері 2014 жылы 7 321,3 млрд. теңгені, шығындар – 7791,9 млрд. теңгені құрады. 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің түсімдері 14,7%-ға, шығыстар 13,7%-ға ұлғайды. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 1086,7 млрд. теңгені құрады (тапшылық 2013 жылдың ұқсас кезеңіңде 700,9 млрд. теңгені құрады).

Салық түсімдері 5115,7 млрд. теңгені құрады және 7,1%-ға, салықтық емес түсімдер 179,5 млрд. теңгеге ұлғайды (26,7%-ға ұлғайды), негізгі капиталды сатудан түсімдер 71,0 млрд. теңгені (26,6%-ға өсу), трансферттердің түсімдері 1 955,0 млрд. теңгені (39,1%-ға өсу) құрады.

2014 жылғы 30 қыркүйекте елдің сыртқы борышы 155,2 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде 5,0 млрд. АҚШ доллары немесе 3,2% мемлекеттік сектордың сыртқы борышын құрайды.

Бүгінгі күнде қалыптасқан мемлекеттік борыш қолайлы деңгейде және оның ұлғаюы елдің дамуына және экономиканың тұрақтылығына қауіп туғызатын шектен шықпайды.

Экономиканың өсуін ынталандыратын факторлардың бірі ақшалай ұсыныстардың қажетті деңгейін және банктердің экономиканы кредиттеу көлемін қамтамасыз ету болып табылады. Экономика субъектілерінің банк жүйесіне сенімін арттыру депозиттік базаның өсуін және ішкі көздер есебінен банктердің ресурстық базасын толықтыруды, сондай-ақ банктердің кредиттік белсенділігін арттыруды, банк активтерінің сапасын жақсартуды қамтамасыз етті.

Экономика саласындағы екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 2014 жылғы 31 желтоқсанда 12106,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайға қарағанда 7,2%-ға жоғары.

Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 2014 жылғы 31 желтоқсанда 11694,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайға қарағанда 15,9%-ға жоғары. Халықтың депозиттері 4397,5 млрд. теңгені құрады және 12,6%-ға өсті.

Экономикадағы оң үрдістер елдегі әлеуметтік тұрақтылықты және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз етуді сақтауға мүмкіндік берді.

2014 жылғы орташа айлық атаулы жалақы 10,9%-ға өсіп, 120,5 мың. теңгені құрады. Халықтың нақты табысы 3,5%-ға, нақты жалақы 3,9%-ға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 5,0%-ды құрады.

Халықтың табысы мен жалақысының үдемелі өсуі, сондай-ақ жұмыссыздықтың қолайлы деңгейі тұтынушылық белсенділіктің ұлғаюына ықпал етті. Ішкі тұтынудың өсуі 2014 жылы экономиканың өсуіне негізгі және басты факторлардың бірі болды.

Жалпы 2015 жылы елдің үдемелі дамуы ақша-кредит, фискалды, инвестициялық және салалық саясат құралдарын теңгерімді пайдалануды қамтитын ұтымды макроэкономикалық саясат шараларын жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.


1.2 Дамудың сыртқы шарттары

2014 жыл әлемнің жетекші экономикалары үшін өтпелі болды. Дамушы елдер экономикасының өсуі баяулағанда, АҚШ және Еуроаймақ сияқты дамыған елдер біртіндеп қайта қалпына келе бастады. Талдаушылар жақын арада орта мерзімді перспективада өсу қарқынын болжамдайды.

1-сурет

Әлемдік экономиканың өсу болжамын көптеген халықаралық ұйымдар кему жағына қарай қайта қарады. Әлемдік экономика 2015 – 2016 жылдары 3,5-тен 3,8%-ға дейінгі қарқында өсетін (консенсус болжам) болады.

Өткен жылы басталған оң экономикалық үрдістер ағымдағы жылы сақталады. АҚШ және Еуроаймақтағы жағдайдың жақсаруының арқасында дамыған елдер әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күштері болмақ.

Дамыған мемлекеттер тарапынан өсіп отыратын сұраныс аясында нарығы қалыптасып келе жатқан және дамып келе жатқан елдер экспорт көлемінің ұлғаюы есебінен (2015 – 2016 жылдарға тиісінше 4,8-5,3 %) дамитын болады.



Еуроаймақ. Еуроаймақ елдерінде дефляциялық үдерістерден басқа 2014 жылы басталған оң үрдістер ағымдағы жылы да жалғасады.

Экспорт көлемінің өсуі және ішкі сұраныстың қалпына келуі оң өзгерістер болып табылады. Жұмыссыздық өңірдегі экономикалық жанданудың негізгі қаупі болып табылады. Дегенмен, жұмыссыздық көрсеткіші 2013 жылғы қарашадағы жағдай бойынша 12,0%-дан төмендеп, 2014 жылғы қарашада 11,8%-ды құрады. Көрсетілген кезеңде жастар арасындағы жұмыссыздық 24,1%-ды құрады, бұл ретте өткен жылғы ұқсас кезеңде бұл көрсеткіш 24,2%-ды құрады.

2-сурет



АҚШ. АҚШ-тағы макроэкономикалық жағдай 2014 жылдың басынан бастап жақсара бастады, бұл ақша-кредиттік ынталандыру бағдарламаларын кейіннен қысқарту туралы қаржы нарықтарының күтулерін күшейте түсті. Макроэкономикалық жағдайдың жандануы еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруымен, іскерлік белсенділіктің артуымен, мұнай қорының артуы және тұтыну секторының өсуімен байланысты.

Қазіргі уақытта АҚШ экономикасында оң үрдістер орын алуда. ДБ сарапшыларының болжамына сәйкес экономикалық өсу 2015 жылы 3,2 %-ды, 2016 жылы 3,0%-ды, бұл ретте ХВҚ болжамы бойынша АҚШ экономикасының өсуі сәйкесінше 3,6%-ды және 3,3%-ды құрайды. Экономикалық белсенділіктің артуы түпкілікті ішкі сұраныстың артуына және бюджеттік факторлардың аз ықпал етуіне негізделетін болады.



Қытай. ДБ-тің бағалауы бойынша Қытай экономикасы 2014 жылдың қорытындысы бойынша 7,4%-ға өсті. Елдің жоғары макроэкономикалық көрсеткіштеріне қарамастан дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда Қытайда өсудің экспортқа бағытталған моделінен ішкі тұтыну мен жоғарғы технологияларды қарқынды пайдалануға бет бұру орын алуда.

Жалпы, сарапшылардың Қытайдың экономикалық өсуінің тұрақтылығы мен орнықтылығына қатысты күмәндары бар. Құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, салықтық-бюджеттік ынталандыруды біртіндеп тоқтату және банктік емес кредиттеудің өсуін қысқартуға бағытталған пруденциялды экономикалық саясатты қысқарту 2017 жылға қарай экономикалық өсудің бәсеңдеуіне әкеледі.



Ресей. Ресейдің ЖІӨ өсуі 2014 жылы РФ Экономикалық даму министрлігінің бағалау бойынша 0,6%-ды құрады. Ресей экономикасындағы құлдыраудың негізгі себептері, бірінші кезекте экономиканың экспортқа бағдарланған моделі, бизнес үшін үлкен шығыстар мен елдің инвестициялық тартымдылығы жоғары болмауы болып табылады. Мұнайға әлемдік төмен бағаларды қоса алғанда сыртқы факторлар, сондай-ақ Украинадағы жағдаймен байланысты күшейіп келе жатқан геосаяси жағдайлар мен содан туындаған өзара экономикалық санкциялар белгілі дәрежеде Ресей экономикасының өсу қарқынының бәсеңдеуін күшейтті.

РФ Экономикалық даму министрлігінің болжамы бойынша мұнай бағасы бір барреліне 50 доллар және инфляция - 12% болған кезінде 2015 жылы ресей экономикасының құлдырауы 3%-ды құрайды. ДБ болжамы бойынша


2016 – 2017 жылдары Ресей экономикасы тиісінше 0,1-1,1% шегінде дамитын болады.

Жалпы, орта мерзімдік перспективада әлемдік экономиканың өсуі қолайлы болады. Экономикалық өсу АҚШ-ты және дамушы елдерді қоса алғанда табыстарының деңгейі жоғары елдер есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен бірге, дағдарысты үрдістерді қалпына келтіруге қабілетті тәуекелдер әлі де сақталуда.

Бірінші тәуекел – мұнайды қоса алғанда шикізат тауарларына әлемдік бағаның тұрақсыздығы.

ДБ-ның сарапшыларының бағалауы бойынша 2020 жылға қарай мұнай бағасы бір барреліне 69,4 АҚШ долларына үдемелі өсе отырып, 2015 жылы мұнайға баға бір барреліне 53,2 АҚШ долларына дейін 44,6 %-ға қысқарады. Бірінші кезекте бұл тәуекел дамушы елдер экономикаларының бәсеңдеуі аясында әлсіз сұранысқа, сондай-ақ мұнай мен қатпарлы газға АҚШ пен Канада тарапынан ұсыныстың өсуіне байланысты.

Қатпарлы газ бен мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы Солтүстік Америка елдері жағынан негізгі мұнай және газ экспорттаушыларына біртіндеп қысым көрсетеді, бұл мұнайға әлемдік бағаға теріс ықпал етеді.

Екінші тәуекел – АҚШ-тың ақша-кредит саясатының өзгеруі. АҚШ-тың «сандық жұмсарту» бағдарламасының қысқаруына байланысты күтулер әлемдегі қаржы нарықтарында құбылмалылықтың артуын ынталандырды.

Дамушы нарығы бар және төлем теңгерімі мен бюджет тапшылығы бар елдер АҚШ-тың ақша-кредит саясатының ықпалына неғұрлым бейім. Өтімділік көлемінің АҚШ-тағы «сандық жұмсарту» бағдарламасын тоқтатуға байланысты қысқаруы макроэкономикалық құрылымы әлсіз дамушы елдерден капиталдың ағылып кетуіне әкеп соғуы мүмкін.

Бразилия, Индия, ОАР, Индонезия және Түркияның дамушы экономикаларына АҚШ-тағы ақша-кредиттік ынталандырудың қысқаруына байланысты аса қысым көрсету АҚШ долларына қатысты ұлттық валюталар бағамына қазірдің өзінде теріс ықпал етті. Жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының кейбір бәсеңдеуі, сондай-ақ пайыздық мөлшерлеменің тез өсуі кезінде, дамушы елдерге капиталдың кетуі 50-ге және одан да көп пайызға қысқаруы мүмкін. Дамушы нарықтарға капитал ағымының қысқаруы, қосымша теріс факторлармен бірге дамушы елдердің халықаралық қаржылық нарықтарына шығу қолжетімділігін жоғалтуға әкеп соғуы мүмкін.

Бұдан басқа дамушы елдер әлемдік экономикалық дағдарысқа жауап ретінде бірқатар фискалды және монетарлық саясат шараларын қолданды және қазіргі уақытта ұлттық күштердің мүмкіндігі азайды. Нәтижесінде көптеген елдерде мемлекеттік бюджетте теңгерімсіздік, сондай-ақ ағымдағы операциялар шотының теріс сальдосы пайда болды.



Үшінші тәуекел – Украинадағы саяси шиеленістің эскалациясы. Қырым Автономды Республикасының Ресей Федерациясына қосылуы туралы референдум жүргізумен және Украинаның оңтүстік шығысындағы эскалацияға байланысты саяси дағдарыс Ресей экономикасына қысымды ұлғайтады. Ресей экономикасы үшін тәуекелдердің өсуі ұлттық валютаның құнсыздану тәуекелін және елден капиталдың кетуін күшейтеді. Ресейдің қаржылық және валюталық нарығы мәскеудің қаржы биржаларында белгіленген бағалардың құлдырауымен және ресей рублі курсының АҚШ долларына және еуроға шаққанда төмендеуі оқиғаларына ден қойды. Ресей экономикасындағы ахуал Украинаның оңтүстік шығысындағы белгісіз жағдайлар аясында Ресей және ЕО, АҚШ арасындағы қатынастардың одан әрі нашарлауы жағдайында шиеленісуі мүмкін.».

2. «Дамудың сценарийлік нұсқалары» деген 2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Дамудың сценарийлік нұсқалары

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бес жылдық кезеңге болжамдау экономиканың дамуына ықпал ететін факторлар мен үрдістеріне байланысты үш сценарий бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен бірге әлемдегі геосаяси жағдайлардың эскалациясын және мұнайға әлемдік бағалардың айтарлықтай төмендеуін ескере отырып, дамудың сценарийлік нұсқалары тек алдағы үш жылға қайта қарастырылды.

Негізгі даму сценарийлерін қалыптастыру үшін негізгі факторлар ретінде әлемдік экономиканың даму үрдісінің өзгеруі, мұнайға әлемдік бағаның деңгейі және әлемдік қаржы нарығындағы жағдай қаралды.

3-сурет



Оптимистік сценарий әлемдік экономиканың 2015 – 2019 жылдардағы үдемелі дамуын, Еуроаймақ елдерінің борыштық проблемаларының шешілуін білдіреді. АҚШ-тағы және басқа да дамыған елдердегі экономикалық белсенділікті жақсарту, жеке сектордың сұранысын және дамушы елдерден импортты қалпына келтіру бойынша жоспарланған шараларды табысты іске асыру. Әлемдік экономиканың өсімі бұл сценарий кезінде 3,5-3,8%-ды құрайды.

Оптимистік сценарий кезінде 2015 – 2017 жылдары мұнайға әлемдік баға бағалау бойынша бір барреліне 60 АҚШ доллары деңгейінде болады, 2018-2019 жылдары бір барреліне 70 АҚШ долларына дейін ұлғаяды.



Базалық сценарий кейіннен 2016 – 2019 жылдары үдемелі өсе отырып 2015 жылы әлемдік экономиканың төмендеуін болжайды. Әлемдік ЖІӨ өсуі 2015 жылы 3,0%-ға дейін бәсеңдейді және 2019 жылы 3,4%-ға дейін ұлғаяды. 2015 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде мұнайға әлемдік баға бір барреліне 50 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасады. 2018-2019 жылдары бір барреліне 60 АҚШ долларына дейін өседі.

Сценарий дамыған елдер (АҚШ, Еуроаймақ) жағдайдың жақсаруына байланысты жаһандық өсудің негізгі қозғаушы күші болады. Бұл ретте, нарығы қалыптасып жатқан елдер мен дамушы елдер дамыған елдер тарапынан сұраныстың ұлғаюы аясында экспорт көлемінің ұлғаюы есебінен өсетін болады.


4-сурет



Пессимистік сценарий әлемдік экономиканың өсуінің баяулауына экономикадағы дағдарыстық көріністердің басталуымен, ірі әлемдік экономикалардың – Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің, атап айтқанда Еуроаймақ, Қытай, Ресейдің қолайсыз дамуына, сондай-ақ энергия ресурстарының негізгі түрлеріне және Қазақстанның басқа да экспорт тауарларына әлемдік бағаның құлдырауына негізделген экономикадағы дағдарыстық көріністердің болуымен сипатталады. Бұл ретте, неғұрлым өзекті проблема жұмыссыздықтың жоғары болуы, табыстың төмен болуы және осының нәтижесінде жиынтық сұранысты кеңейтудің іргелі факторларының болмауы болып қалады. Инвестициялық табыстар қысқарады, олардың донор-елдерге репатриациясы күшейетін болады.

2015 – 2019 жылдары әлемдік экономиканың өсуі 2,8%-дан аспайды.

2018-2019 жылдары бір барреліне 50 долларға дейін кейінгі өсуімен 2015-2017 жылдары мұнайға баға бір барреліне 40 долларға дейін төмендейді.

Жылдың басынан бастап ел экономикасының қалыптасқан даму үрдістерін және әлемдік экономикадағы жағдайды ескере отырып, болжамды қалыптастыру кезінде параметрлері ағымдағы болжамнан елеусіз ғана ауытқу мүмкіндігімен неғұрлым ықтимал болып табылатын базалық нұсқа негізге алынды.».



3. «2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы» деген 5-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«5. 2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы»

Әлемдік тауар нарықтарында мұнайдың жағымсыз динамикасына және геосаяси жағдайдың күшеюімен байланысты Қазақстанның әлеуметтік экономикалық болжамы өсудің орташа қарқынымен сипатталатын болады.

2015 – 2019 жылдары экономиканың өсу қарқыны 1,5-4,1%-ды құрайтын болады.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің номиналды өсуі орташа есеппен


6,3%-ды құрайтын болады және 2019 жылдың соңына қарай 17 594,1 АҚШ долл. деңгейінде бағаланады.

Экономика әлемдік экономика өсуінің қалыпты қарқындары және сұраныс пен шикізат тауарларына бағаны қалпына келтіру жағдайында дамитын болады. Сонымен қатар инфрақұрылым мен халықтың тұтынуына мемлекеттік инвестициялардың ұлғаюы есебінен тұрақты және үдемелі экономикалық серпін күтілуде.

Әлемдік экономикада сыртқы сұраныстың қысқаруымен бірге жүретін дағдарыс құбылыстарының күшеюі мүмкін болғандықтан,
2015 – 2019 жылдары экономиканың өсуі негізінен белгіленген кезеңде орташа есеппен 3,2 % қарқынында өсетін ішкі сұранысқа сүйенетін болады.
5.1 Экономикалық өсу факторлары

Өнеркәсіптік өндірудің қысқаруымен байланысты болжамды кезеңдегі пайдалану бойынша ЖІӨ-нің құрылымы біраз өзгерістерге ұшырайды. ЖІӨ-де үй шаруашылықтары тұтынуының үлес салмағының 2019 жылы 55,1%-ға өсуі байқалатын болады.

5-сурет

Инвестициялар экономикалық өсуді қолдаудың елеулі факторы болады. Ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік инвестициялар ішкі сұраныс серпініне инвестиция салымын арттыруға мүмкіндік береді. Инвестицияның орташа жылдық өсу қарқыны 3,5 % шегінде күтілуде.

Мұнай мен металдарға әлемдік бағаның айтарлықтай құлдырауына байланысты Қазақстанның экспорты 2015 жылы төмендеу үрдісінде болады. Алайда 2015 жылдан кейін тауарлар экспортының динамикасы
2016 – 2019 жылдары орташа жылдық көріністе 4,5% құрайтын жағымды өсудің траекториясына өтеді.

2-кесте



 

2015

2016

2017

2018

2019

ЖІӨ

101,5

102,2

103,3

103,6

104,1

Ішкі сұраныс

102,3

102,3

103,4

103,7

104,2

Импорт

78,2

102,2

101,3

101,9

102,0

Ішкі өндіріс

106,3

102,6

102,8

103,2

103,1

Сыртқы сұраныс (экспорт)

55,3

102,3

105,3

107,3

103,3

Ішкі сұраныстың өсімін (төмендеуін) жабу көздерінің құрылымы*:

100,0%

100,0%

100,0%

100,0%

100,0%

Импорт

22,8%

22,5%

22,1%

22,4%

22,0%

Ішкі өндіріс

77,2%

77,5%

77,9%

77,6%

78,0%

* тиісті кезеңнің бағаларында
2015 жылы импорт көлемінің айтарлықтай қысқаруынан кейін 2016-2019 жылдары импорттың орташа жылдық өсуі 1,9%-ды құрайды. Алайда, елге сырттан келетін тауарлардың өсу серпіні болжаған деңгейден жоғары қалыптасуы мүмкін. Бұл тұтыну өнімі түрінде халық тарапынан да, сол сияқты инвестициялық тауарлар ретінде бизнес саласы тарапынан да серпінді дамып келе жатқан ішкі сұранысты қанағаттандыру қажеттілігіне негізделген.

Сонымен бірге, ЖІӨ-дегі экспорттың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болуына қарамастан, 2015 жылы ЖІӨ-нің өсіміне таза экспорттың теріс салымы күтілуде. Бұл белгіленген жылы әлемдік тауар нарықтарында болжамды төмен бағалар себебінен экспорттың өсу қарқынының болжамды төмендеуімен байланысты. Келесі жылдары ЖІӨ-нің өсіміне таза экспорттың оң салымы байқалатын болады.

6-сурет


2015 – 2019 жылдары импортты алмастыру процесі отандық тауар өндірушілер өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін белгілі бір уақыт аралығындағы қажетілігіне байланысты баяу жүретін болады. Егер 2015 жылы ішкі сұраныстың 77,2% отандық өндіріспен жабылатын болса, онда 2017 жылға қарай жабу деңгейі 78,0%-ға дейін ұлғаятын болады.
5.2 Экономика салаларының серпіні

2015 – 2019 жылдары экономиканың салалық құрылымы алдыңғы кезеңдердің пропорцияларымен салыстырғанда елеулі өзгерістерге ұшырамайды. Тауар биржаларында баға конъюнктурасын қалыптастырудың іргелі факторларына сүйене отырып, кейінен 2016 – 2019 жылдары өсе отырып 2015 жылы экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған салаларында өндірістің қысқаруы күтіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет