Сабақты ң тақырыбы Дүние жүзілік мұхиттардың географиялық орналасуы



Дата16.12.2019
өлшемі106.12 Kb.
#447710
түріСабақ
7кл Мұхиттардың географиялық орны (үлгі) (1)


Ұзақ мерзімді жоспарбөлімі:

7.1D – Гидросфера




Мектеп: ФМБ НЗМ Шымкент

Күні:20.02.17

Мұғалімнің аты-жөні: Султанбаев Н.М.

Сынып: 7

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Дүние жүзілік мұхиттардың географиялық орналасуы

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары

(оқубағдарламасынасілтеме)



  • Дүниежүзілік мұхиттың географиялық орнын сипаттау.




Сабақ мақсаттары

  • Дүниежүзілік мұхиттың географиялық орнын сипаттау

Бағалау критерийлері

Дағдылар:

Білімін қолдану, зерттеушілік дағдылар, талдау, бағалау

- Дүниежүзілік мұхиттың географиялық орнын материктерге қатысты орналасуын жоспар бойынша сипаттай алады;

- Картаны қолдана отырып, кескін картаға дүниежүзі бөліктерін сыза алады, мұхиттарды сипаттай алады, мұхиттарды салыстыру арқылы диаграмма сыза алады..



Тілдік мақсаттар


Пәндік сөздік қор/ Пәндік лексика мен терминалогия:

Сабақ барысында кездесетін тапсырмаларда сөздің мағынасын ажырату, түсіну немесе мәтінді оқу арқылы эссе жазу.

Мұхит...................................................................................

Теңіз......................................................................................

Шығанақ...............................................................................

Арал.......................................................................................

Бұғаз.......................................................................................


Құндылықтарды

дарыту


- туған жерге

- қоршаған ортаға деген қамқорлық

- дүние жүзілік мұхиттың және жергілікті жердің жер үсті, жер асты суларын бағалауға үйрету


Пәнаралық байланыстар

Экология

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация

Бастапқы білім

Гидросфераның құрамдас бөліктері

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин



- Ұйымдастыру. Сәлемдесу. «Шаттық шеңбері» сабаққа жұмылдыру;

  • Бейне материал көру арқылы

сабақтың мақсатын анықтау;


  • Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысу.

«Мұхиттар қалай пайда болды» бейнебаян
Слайд 2


Сабақтың ортасы

11-15 мин

16-25 мин

26-35 мин

36-45 мин

46-60 мин

61-70 мин

71-75мин


1 тапсырма. Тақырыпқа қатысты терминдермен жұмыс.

  • Мұхит –

  • Теңіз –

  • Шығанақ –

  • Бұғаз –

  • Арал –

  • Архипелаг -

Оқушылар жоғарыда берілген терминдердің анықтамасын табады. Қосымша 1

Дескрипторлар:

- Оқушылар тақырыпқа қатысты терминдердің анықтамасын жаттап, бір-бірінен ажырата алады

2 тапсырма. Кестемен жұмыс.

Оқушылар дүние жүзілік мұхиттарға (көлемі, географиялық орны, ерекшелігі, теңіздері, бұғаздары, шығанақтары, қандай құрлықтарды шайып жатқатына, табиғи ресурстарына)сипаттама береді.



Жоспар:

мұхит аты –

географиялық орны –

шекарасы -

көлемі –

ең терең жері –

орташа тұздылығы –

теңіздері –

бұғаздары –

шығанақтары –

табиғат ресурстары -

Қосымша 2.

Дескрипторлар:

- Оқушылар кестемен жұмыс жасауда жоспар бойынша дүние жүзілік мұхиттардың географиялық орны, көлемі, тереңдігі, қасиеті, табиғат ресурстары туралы толық мәліметті біліп, мұхиттарды бір-бірімен салыстыра алады

3 тапсырма. Кестемен жұмыс. Оқушылар төмендегі сөздерді кестенің тиісті жеріне орналастырып шығады.
Кариб теңізі, Араб теңізі, Жерорта теңізі, Лаптевтер теңізі, Бенгал шығанағы,Гвинея шығанағы,Аляска шығанағы,Оленек шығанағы, Мадагаскар аралы, Гавай аралы, Жаңа Жер аралы,Куба аралы. Қосымша 3



Мұхит атаулары

Мұхиттың құрамдас бөліктері

1

Тынық




2

Атлант




3

Үнді




4

Солтүстік Мұзды




Дескрипторлар:

- Оқушылар кестемен жұмыс жасауда мұхиттардың құрамдас бөліктерін дұрыс орналастыра біледі


4 тапсырма. Оқушылар картаны пайдаланып берілген нысандардың аттарын жазып шығады! Картада географиялық нысандардың бас әріптерімен берілген мысалы: «г» әріпін Еуропа мен Африка материгін бөліп тұрған тар су айдынын Гибралтар бұғазы деп атаса. Қосымша 4

Дескрипторлар:

- Оқушылар картада көрсетілген географиялық нысандардың дұрыс орналасуын біледі

5 тапсырма. Сыныппен жұмыс.

Тәжірибе көрсету. /Екі ыдысқа су құйып, біреуіне тұз саламыз, кейіннен тұзды судың қасиетін айтамыз/

Есеп шығару: 3 л суда 72 гр тұз бар. Судын тұздылыгы нешеге тең?

Шығару жолы: 72/3 = 24 гр тұз.

Егер 1 л суда 24 гр тұз болса, демек судын тұздылыгы 24 промилле



Дескрипторлар:

- Оқушылар тәжірибені көре отырып судың тұздылығын анықтау жолын біледі



Қорытындылауға арналған сұрақтар

Әлемде қанша мұхит бар?

Дүние жүзілік мұхиттың жалпы көлемі қанша?

Дүние жүзілік мұхиттың адам баласы үшін маңызы қандай?

Неліктен мұхитты жылу қорының жинаушысы дейді?

Мұхит суының орташа темпратурасы қандай?

Тереңдікке байланысты мұхит суының температурасы қалай өзгереді?

Экватор маңы мен полярлық аймақтағы мұхит суы температурасының айырмашылығы неге байланысты?

Жыл мезгілдерінің маусымдық өзгерісінің мұхит суы температурасына қандай әсері бар?

Мұхит суы қандай температурада қатады?

Мұхиттың орташа тұздылығы қанша?

Тұздылығы 32‰ нені білдіреді?

Судың тұздылығы қандай себептерге байланысты?

Әдетте су 0 0С-та қатады. Неліктен мұхит суының қату температуасы төмен болады?


Слайд 3

Слайд 10

Кестемен жұмыс

Слайд 11

Кестемен жұмыс

Слайд 12

Картамен жұмыс

Слайд 13

Слайд 14



Сабақтың соңы

76-80 мин



Кері байланыс.

Менің түсінгенім......

Маған түсінуге қиын болғаны..........

Менің ұсынысым......................


Үй тапсырмасы:

Дүние жүзілік мұхиттарды кескін картаға түсіріп келу (әр мұхитты әр түрлі түспен)



Слайд 15
Слайд 16


Саралау–оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасыныңсақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады;

  • Сабақ бойындағы «Түрткі сұрақтар» оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады.

Қабілеті орта оқушылар:

Қабілеті төмен оқушылар:

  • Деңгейлік сұрақтар;

  • Мұғалімнің қолдауы;

  • Орта деңгейдегі зертханалық парақ.

  • Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;

  • Оқушылар өзара бағалайды;

  • Жұппен бағалау жүргізеді;







  • Оқушылар зертханалық жұмыста уындайтын қауіп қатердің алдын алу шараларын белгілейді.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпыбаға: Сабақта қойылған сабақ мақсаты мен оқу мақсаттарына жеттім.

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Қосымша 1

Мұхит – гидросфераның негізгі бөлігі, жерді қоршап жатқан үлкен су айдыны.

Теңіз –  мұхиттың құрлыққа сұғына кіріп орналасқан немесе оның өзге бөліктерінен құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен бөлектеніп жатқан кішігірім бөлігі. 

Шығанақ мұхит, теңіз, көлдің құрлыққа сұғына еніп жатқан және негізгі су айдынымен еркін, тұрақты су алмасатын бөлігі.

Бұғаз құрлықтың екі телімін бөліп жатқан және жеке мұхиттар мен теңіздерді немесе олардың бөліктерін жалғастыратын айтарлықтай тар су кеңістігі.

Арал түгелдей сумен қоршалған құрлықтың бір бөлігі. 

Архипелаг - бір-біріне жақын орналасқан аралдар тобы.

Қосымша 2

Оқушылар дүние жүзілік мұхиттарға сипаттама береді





Мұхит атаулары

Сипаттама

1

Тынық




2

Атлант




3

Үнді




4

Солтүстік Мұзды




Қосымша 3.

Оқушылар төмендегі сөздерді кестенің тиісті жеріне орналастырып шығады.


Кариб теңізі, Араб теңізі, Жерорта теңізі, Лаптевтер теңізі, Бенгал шығанағы,Гвинея шығанағы,Аляска шығанағы,Оленек шығанағы, Мадагаскар аралы, Гавай аралы, Жаңа Жер аралы,Куба аралы



Мұхит атаулары

Мұхиттың құрамдас бөліктері

1

Тынық




2

Атлант




3

Үнді




4

Солтүстік Мұзды




Қосымша 4

Оқушылар картаны пайдаланып берілген нысандардың аттарын жазып шығады! Картада географиялық нысандардың бас әріптерімен берілген мысалы: «г» әріпін Еуропа мен Африка материгін бөліп тұрған тар су айдынын Гибралтар бұғазы деп атаса.




Мұндағы әріптер географиялық нысандардың бас әріптері


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет