Пәннің тестілер жинағы пәні: «Шұғыл мейіргерлік күтім»



Дата16.06.2024
өлшемі93.81 Kb.
#502617
ШМК каз 2-курс


ПӘННІҢ ТЕСТІЛЕР ЖИНАҒЫ

Пәні: «Шұғыл мейіргерлік күтім»


Мамандығы: 09130100 – «Мейіргер ісі»


Біліктілігі : 4S09130103- «Жалпы практикадағы мейіргер»


Курсы: 2

Тестілер саны: 100

Құрастырушы: оқытушы _______________ Гарифова А.Г.


Кафедра меңгерушісі _____________ Серикова Б.Д.


Хаттама № ______, «_____» ______ 2022 ж.



Суға батудағы жедел жәрдем:
асқазаннан суды шығару, өкпеге жасанды тыныс беру, жүрекке тікелей емес массаж
тыныс аналептиктері, өкпеге жасанды тыныс беру, жүрекке тікелей емес массаж
тыныс аналептиктері, асқазаннан суды шығару, өкпеге жасанды тыныс беру
тыныс аналептиктері, наркотикалық анальгетиктер, жүрекке тікелей емес массаж
асқазаннан суды шығару, наркотикалық анальгетиктер, өкпеге жасанды тыныс беру
Қарыншалық фибрилляция кезіндегі алғашқы көмек:
электрлік дефибрилляция
лидокаинді көктамырға енгізу
калий хлориді, кальций хлориді, атропинді енгізу
жүректің жабық массажын жасау
амиодаронды көк тамырға енгізу
Нормотермия жағдайында клиникалық өлімнің ұзақтығы ... минут.
5
7
25-30
8-10
20
Жаңа туылған нәрестеге жүрекке жабық массаж жүргізу кезіндегі кеуде клеткасының басу тереңдігі ... см.
1,5-2
4-6
5-6
7-8
3
Жүрек тоқтаған кезде ... қолданылады.
адреналин
кардиамин
дроперидол
фуросемид
димедрол
Биологиялық өлімнің белгілеріне ... жатады.
«мысық көз» симптомы
жүрек жұмысының тоқтауы
демнің тоқтауы
көз қарашығының кеңеюі
тері қабатының бозаруы
Жіті миокард инфарктысында ауырсыну синдромын басу үшін ... қолданылады.
промедол
аспирин
но-шпа
атропин
бетта- блокатор
Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі шұғыл медициналық көмек ... болады.
сальбутамол
папаверин
либексин
тусупрекс
анальгин
Транспорттық иммобилизация кезінде қолданылатын шина:
Крамер
Кузминский
Белер
Цито
Никольский
Эклампсиядағы ауруханаға дейінгі көмек ...болып табылады.
магнезиялы терапия
жүрек гликозидтері
33 % спирт
мезатон
седативті дәрілерді тағайындау
Тырысуды басу үшін ... қолданылады.
реланиум
эуфиллин
гормондар
атропин
адреналин
Стенокардия ұстамасы кезіндегі жедел көмекте ... беру керек.
тіл астына нитроглицерин
ингаляциялық жолмен астмопент
тері астына димедрол
ішке преднизолон
көк тамырға атропин
22 жастағы жас қыз капотен 10 таблеткасын ішіп уланды.Науқастың басы айналды, әлсізденді, көзі қарауытты.Үрейленіп жедел жәрдемді шақырды. Көмек көрсетуді қандай шарадан бастау қажет?
асқазанды шаюдан
жасанды дем беруден
гипертензияті дәрмек енгізуден
жүрекке тікелей емес массаж жасаудан
жүрекке тікелей массаж жасаудан
Алғашқы медициналық көмек көлеміне ... кіреді.
сыртқы қан кетуді уақытша тоқтату
қан және қан алмастырғыштарды құю
жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
қантамырды ұзына бойы тігу
қан тамырға тігіс салу
Жұмсақ таңғыштарға ... таңғыш тән.
дәкелік
пластмассалық
желімді
крахмалды
гипсті
Қатты таңғыштарға ... таңғыш тән.
гипсті
эластикалық
дәкелік
контурлы
торлы-түтікшелі
Жүрекке тікелей емес массаж жасаудың міндетті шарты:
қолдың, семсер тәрізді өсіндінің төске жалғанған жерінен көлденең 2 саусақ жоғары тұруы
көкірек сарайының астында жұмсақ заттың болуы
екі реаниматордың болуы
жауырын астында валиктің болуы
қолдың кеуде сарайының сол жағында болуы
Өкпені жасанды желдендіру үшін ... қажетті шарт болып табылады.
ауыз қуысын тексеру және тазалау
ауа өткізгіш түтікшесін қою
тек арнайыланған дәрігердің болуы
«ауыз-бетперде-ауыз» әдісін қолдану
екі реаниматордың болуы
Қан кетуді уақытша тоқтату әдістеріне жатады:
жарақаттан жоғары жгут салу
жарақаттанған жердегі қантамырды байлау
қанның ұю қабілетін жоғарылататын препараттарды енгізу
қантамырға тігіс салу
диатермокоагуляция
Қан кетуді біржолата тоқтату әдістеріне жатады:
қантамырға тігіс салу
қысып тұратын таңғыш салу
жарақаттан жоғары жгут салу
жарақаттанған қантамырды саусақпен басу
жарақаттанған аяқты немесе қолды буыннан барынша бүгу
Госпитальға дейінгі кезеңде көмек көрсету барысында, мұрыннан қан кетуді тоқтатудың дұрыс тәсілі:
мұрын қуысының алдыңғы тампонадасы және жәбірленушінің басын алға ию
мұрын қанаттарын мұрын төмпешігіне қарай қысып, жәбірленушіні басып, артқа қарай шалқайту
мұрын тұсына мұздай басып, науқастың басын артқа қарай шалқайту
мұрын қуысының артқы тампонадасы
пращевидті таңғыш салу
Құлағынан қан кеткен жәбірленушіге көмек көрсету кезінде ... тыйым салынады.
сыртқы есіту жолын тампонадалауға
емдеу мекемесіне тасымалдауға
таңғыш салуға
құлаққа мақта немесе дәке таңғышын қоюға
құлаққа мақта қойып таңғыш салуға
Ауыз қуысынан қан кеткен науқасқа көмек көрсету кезінде ... тыйым салынады.
ыстық шәй немесе кофе беруге
қан кету орнына дәке оптағышын қоюға
емдеу мекемесіне тасымалдауға
басын алға иіп отырғызуға
ауыз қуысын тығыз тампондалауға
Салынған жгуттың жаз мерзімінде барынша тұру ұзақтығы:
60 минут
2 сағат
30 минут
3 сағат
5 сағат
қан кетуде қанның түсі алқызыл, фонтан тәрізді атқылайды.
артериялық
көктамырдан
капиллярлы
паренхиматозды
абдоминальді
... қан кетуде жараланған беткей шамалы қансырап тұрады.
капиллярлы
артериалды
паренхиматозды
көктамырдан
абдоминальды
Көктамырдан қан кету белгілеріне ... тән.
қанның үнемі ағынмен қоңыр-қызыл түсті ағуы
қанның пульсирленген ағынмен алқызыл түсті ағуы
қанның баяу, тамшылап ағуы
жараланған беткейдің қансырап тұруы
қанның пульсирленген ағынмен қоңыр - қызыл түсті ағуы
Жгут ... кезінде салынуға тиісті.
білек артериясынан қан кету
иықалды көктамырынан қан кету
асқазаннан қан кету
өңештен қан кету
мұрыннан қан кету
Күйіп қалған жәбірленушіге бірінші көмек көрсету кезінде тыйым салынатын іс-әрекеттер:
күйіп қалған тері беткейін өртенген киім қалдықтарынан тазарту
киімді қайшымен зақымданған аймақты қырқып алу
жәбірленушіге тұзды, сілтілі сұйық ішкізу
күйген жара бетіне контурлы таңғыш салу
жәбірленушіні емдеу мекемесіне тасымалдау
Үсік кезінде бірінші дәрігерге дейінгі көмек көрсету барысында ... тыйым салынады.
үсік шалған жерді қармен ысқылауға
жылуды біртіндеп 40ºC жоғарылатып пайдалануға
су киімдерін құрғақ киімдермен алмастыруға
аяқ-қолдарын белсенді жылытуға
ыстық шәй беруге
Тоңып қалған жәбірленушіге бірінші медициналық көмек көрсету кезінде ... дұрыс іс-әрекет деп саналады.
ваннада судың температурасын 20 ºC –тан бастап біртіндеп жоғарылата отырып жылыту
ішінде 40 ºC-тан жоғары температурадағы су бар жылытқыш қалтаны қою арқылы жылыту
жәбірленушінің үсіп калған жерлерін қармен ысқылау
қыздыру мақсатында алкогольді ұсыну
жәбірленушінің үсіп қалған жерлерін спиртпен ысқылау
Буынның соғылуы және созылуы кезінде бірінші кезекте ... қолданады.
буын аймағын қысып, таңып байлау және емдеу мекемесіне жеткізуді
жарақаттанған буын аймағына мұздай басуды және уқалауды
ауырсынуды басатын дәрілерді және иммобилизациясыз тасымалдауды
жарақаттанған буынды уқалауды және емдеу мекемесіне жеткізуді
жарақаттанған буын аймағына мұздай басуды және иммобилизациясыз тасымалдауды
Сынық кезінде бірінші дәрігерге дейінгі көмек көрсету барысында ... болады.
ауырсынуды басатын дәрілерді, сонымен қатар наркотикалық дәрілерді қолдануға
қажет жағдайда сүйек сынықтарын үйлестіруге
жараланған жерден сыртқа шығып тұрған сүйек сынықтарын орнына салуға
жәбірленушіні иммобилизациясыз тасымалдауға
гипс таңғышын салуға
Сынық кезінде бірінші көмек көрсету барысында ... тыйым салынады.
жарақаттанған жерден шығып тұрған сүйек сынықтарын алып тастауға
шокқа қарсы іс-шараларды жүргізуге
жарақаттанған жерден шығып тұрған сүйек сынықтарын асептикалық таңғышпен жабуға
тасымалдау иммобилизациясын жүргізуге
қажетті жағдайда жгут салуға
Басты иммобилизациялау әдісіне ... жатады.
«телпек» таңғышын салу
жәбірленушіні бүйірімен жатқызу
мақта-дәкелік Шанцтың жағасын салу
жәбірленушінің басын зембілге байлап бекіту
жәбірленушіні горизонтальды жатқызу
Омыртқаның мойын бөлігін иммобилизациялау әдісіне ... жатады.
мақта-дәкелік Шанцтың жағасын салу
жәбірленушінің басын зембілге байлап бекіту
қатты беткейге горизонтальды қалыпта жатқызу
жәбірленушіні бүйірімен жатқызу
жәбірленушінің басын көтеріп, арқасымен жатқызу
Сан сүйегінің сынығы кезінде тасымалдау иммобилизациясының қолайлы түрі:
Дитерихс шендеуішін салу
Крамер шендеуішін салу
пневматикалық шендеуіш салу
аяқ-қолдарды аутоиммобилизациялау
жәбірленушіні зембілге байлап бекіту
Электрожарақат кезінде иммобилизация ... жағдайда жасалады.
сынық болған
электробелгі болған
құрыспа ұстамасы болған
естен танған
жүрек тоқтап қалған
Жүректің кенеттен тоқтап қалуы кезінде көмек көрсету барысында бірінші кезекте ... керек.
тіршілік белгілері (пульсі, тынысы) бар, жоғын тексеру
прекордиальді соққы жасау
жүрекке тікелей емес массаж жасауға кірісу
өкпені жасанды желдендіруге кірісу
дене жарақатының бар, жоғын тексеру
Жылу немесе күн сәулесінің соққысы кезінде, бірінші дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетудің негізгі элементі:
жәбірленушіні суыту
ыстықты түсіретін дәрілер тағайындау
алкогольді сусындарды ұсыну
жәбірленушіні жылыту
асқазанды жуу
Ларингоспазм, тұншығудың ... түрінде дамиды.
асфиксиялық
шынайы
синкопальді
барлық
ылғалды
Суға батқан жәбірленуші, құтқарып алған соң, ес-түссіз жатса, ... тасымалдау керек.
ішімен жатқызып, зембілдің аяқ жағын көтеріп
арқасымен жатқызып, басын көтеріп
арқасымен жатқызып, зембілдің бас жағын төмен түсіріп
ішімен жатқызып, зембілді горизонтальді күйде ұстап
арқасымен жатқызып, зембілдің аяқ жағын көтеріп
Ауруханаға дейінгі кезеңде, бірінші медициналық көмек көрсету барысында көздің ... бөгде затты алуға болады.
төменгі және жоғарғы қабақ астындағы
көз алмасына енген
көздің мүйізді қабығына енген
көздің алдыңғы камерасында
көздің коньюктивальді кеңістігіне енген
Теріге улы зат түскен кезде ... қажет.
зақымданған аймақты ағын сумен жуу
асептикалық таңғыш салу
ылғалды сүлгімен сүрту
теріні спиртке малынған тампонмен сүрту
зақымдалған аймақты асептикалық ерітінделермен жуу
Ересек науқастың асқазанын зонд тәсілімен нәтижелі жуу үшін ... кем емес су қажет.
10 литрден
5 литрден
2 литрден
15 литрден
500 мл-ден
Тағаммен улану кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету барысында, бірінші кезекте ...
асқазанды жуады
парэнтеральді дегидратация жасайды
емдеу мекемесіне тасымалдайды
тұзды, іш жүргізетін дәрілерді тағайындайды
дене қызуын төмендететін дәрілерді тағайындайды
Қышқылдармен және сілтілермен уланған кезде асқазанды ... жуады.
бөлме температурасындағы сумен
мұздай сумен
бейтараптандыратын ерітінділермен
жылы сумен
4-5 стақан суды қолдану арқылы аз мөлшерден бастап
Жіті улану кездерінде дәрігерге дейінгі бірінші көмек көрсетудің негізгі қағидаларына ... тән.
ағзадан у қалдықтарын шығару
тазалау клизмаларын жасау
парентеральді дегидротация қолдану
ауырсынуды басатын дәрілерді қолдану
активирленген көмірді қолдану
Анафилактикалық шок кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмектегі жедел жәрдемде мына дәрілерді енгізу болып табылады:
адреналиндер
глюкокортикостероидтар
антигистаминді дәрілер
сары су
глюкоза
Гараж шатырынан құлағаннан соң науқаста оң балтыр сүйегінің сынығы байқалады. Балтыр сүйегінің сынығы кезінде жедел көмек:
жансыздандыру, көліктік иммобилизациялау
жансыздандыру, жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
жансыздандыру, сынықты салу
асептикалық таңғыш салу
шокқа қарсы терапия, асептикалық таңғыш салу
28 жастағы науқас А. үйінде ауыр жағдайда табылды. Шағымдары: басының самай бөлігінің қатты ауырсынуы, басы айналуы, жүрек айнуы, құсуы, ентігіп ауа жетіспеуі. Науқастың айтуы бойынша осы жағдай жұмыс орнындағы от жағатын жүйенің ақаулары салдарынан кейін дамығанын айтады. Науқаста дамыған шұғыл жағдайды анықтаңыз:
көмір қышқыл газымен улану
алкоголь сурагатымен улану
гипертония
гипотония
тамақпен улану
Көшеден табылған науқас ессіз жағдайда. Ауызынан арақтың иісі шығады, бұлшықет тонусы төмендеген. Сөзге жауап қайтармайды. Бірінші кезектегі көмек:
асқазанды шаю керек
оксигенотерапия жасау
антидот енгізу
дезинтоксикационды терапия
жасанды дем беру
Жол бойында от жағу үшін балалар бензин қолданды. Кенет біреуінің киімі өртене бастады. Бет, мойын, алдыңғы көкірек және іш аймағының ауырсынуы мазалайды. Тынысы жиі,беткей. Тамыр соғысы жиі, әлсіз. Көзі жасаурап, жарыққа қарау кезінде ауырсыну байқалады. Күйік шалған аймақ қызарған, көптеген сулы, қою-қоңыр түсті көпіршіктер байқалады. Күйік шалғаннан кейінгі дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге болатын іс-әрекет:
күйік шалған шетінен киімді қайшымен қиып алу
күйген көйлекті шешу
күйік шалған жерді спиртпен сүрту
күйген көпіршікті тесу және алып тастау
күйік шалған жерді вазелинмен немесе басқа маймен сүрту
Электр сымы құлаған кезде электр тогымен зақымдалды. Есі жоғалған. Көкірек қуысы қозғалыссыз. Ұйқы артериясының соғысы тез, әлсіз. Оң қолының саусақтары күйген. Осы зардап шегушіге бірінші кезекте жүргізіледі:
электр тогының әсерін тоқтату
жүректің сыртқы массажы
жүрек тұсындағы соққы
өкпені жасанды желдендіру
жарақатты тазалау
Өкпеден қан кеткенде шұғыл көмек:
аминокапрон қышқылы, дицинон
гепарин, дибазол
ацетилсалицил қышқылы, реопирин
супрастин, пипольфен
анальгин, димедрол
Эпилепсиялық ұстама кезінде бірінші кезекте:
асфиксияны болдырмау
обьективті тексеру жүргізу
тілді тістеп қалмауды қадағалау
тырысуды болдырмау
тыныштандыратын дәріні енгізу
Бүйрек ұстамасы кезіндегі жедел көмек
но-шпаны енгізу
преднизолонды енгізу
дибазолды енгізу
лазиксті енгізу
кетоналды енгізу
Улану түрлеріне байланыссыз, психозды басу үшін ... енгізеді.
нейролептиктер
анальгетиктер
кортикостероидтар
инсулин
антигистаминдер
Уксус қышқылын ішкен науқасқа ауруханаға дейінгі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету:
ауырсынуды басу, соңынан асқазанды зонд арқылы көп мөлшерлі сумен жуу
спазмолитиктер енгізу
асқазанды зонд арқылы көп мөлшерлі 2%-ды ас содасымен жуу
асқазанды зонд арқылы жумай, көп мөлшерде сілтілік ерітінді ішкізу
сұйықтық ішкеннен соң құсық шақыру
Жарақаттанушы жеңіл көлік астында жатыр, есі анық. Білектің ашық сынығы анықталады, жарақаттан атқылап ал кызыл қан ағуда. Сіздің алғашқы көмегіңіз:
қан кетуді тоқтату
айналадағылардың көмегімен көліктің астынан жарақаттанушыны алып шығу
жедел жәрдем көлігін күте отырып, жарақаттанушыны бақылап отыру
жедел жәрдем көлігі келгенше, жарақаттанушының анамнезін жинау
мүсәтір спиртін иіскету
Жүрек соғысы тоқтауының негізгі белгісі:
ұйқы артериясында тамыр соғысынның болмауы
өздігінен тыныс алуының болмауы
көз қарашығының ұлғайуы
есінің болмауы
білек артериясында тамыр соғысынның болмауы
Гипогликемиялық кома кезіндегі шұғыл көмек ... енгізу.
глюкозаны көк тамырға
инсулинді тері астына
дибазолды көк тамырға
гепаринді көк тамырға
физиологиялық ерітіндіні көк тамырға
Инфекциялық– токсикалық шокпен науқасты ...тасымалдау керек.
артериалды қан қысымын қалпына келтіріп
дене қызуы қалпына келтіріп
тырысуға қарсы дәрі-дәрмекті енгізіп
кортикостероидты гормондарды енгізіп
антибиотиктерді енгізіп
Сыныққа тән белгі:
сүйек сықыры
терінің көгеруі
ісіну
аяқ-қол қозғалысының шектелуі
ауырсыну
Мойын омыртқасы зақымданғанда транспорттық иммобилизация ретінде ... қолданылады.
мақта-дәкелік Дельбе жағасы
Крамер шендеуіші
Дитерихса құрсауы
айқасқан байламы
«Тақия» байламы
Бас сүйегінің негізі сынғандағы көрініс:
қан кету, мұрыннан және құлақтан ликвордың ағуы
қабақтың ісінуі
тері асты эмфиземасы
көрудің қосарлануы
тепе-теңдіктің бұзылысы
Ішкі қан кетудің негізгі белгілеріне ... тән.
тері қабатының бозғылттығы
дене қызуының жоғарылауы
терінің қызаруы
брадикардия
артерияның қан қысымының жоғарылауы
Жылан шаққан кезде бірінші кезекте ... керек.
тістеген жерге суық басып, иммобилизациялау, жәбірленушіні емдеу мекемесіне тасымалдау
жылан тістеген жерді тіліп, банканы қолдану арқылы уды сорып алып, тасымалдау
уды сорып шығарып тастап, жәбірленушіні үйде қалдыру
екі үлкен саусақпен жылан тістеген жерді сығып тастау
жылан тістеген жерді тіліп, улы қанды сыртқа ағызып жіберу
Кез-келген жастағы балаларда температураны түсіру үшін қолданылатын қауіпсіз дәрі ... болып табылады.
парацетамол
салицилаттар
анальгин
амидопирин
димедрол
Зақымданған адам арқасымен жатыр, көзі жұмулы, тынысы қиындаған, сирек, тері және шырышты қабықтары бозарыңқы, екі тізесі де зақымданған, көптеген кансыраған жаралар байқалады, екі тізесінің буындары сыртқа бұрылған, тамыр соғысы әлсіз пальпацияланады, жиі. Осы кезеңінде дәрігерге дейінгі бірінші кезектегі жасалынатын шара:
бұлшық ет ішіне анальгетиктерді егу
тері астынан анатоксин енгізу
дәрі енгізу
қолдағы затпен иммобилизациялау
жатқан жайда ошақтан эвакуациялау
Зақымданған адам арқасымен жатыр, тері және шырышты қабықтары бозарыңқы, маңдайы салқын, дымқыл, демі жиі, сол қолында, шынтақтан жоғарырақ киімі жыртылған, алқызыл түсті қан атқылап аққан жара көрінеді. Зақымданған қозған, тұруға тырысады, қолының қызметі бұзылмаған. Бірінші кезектегі жасалынатын шара:
иықтың төменгі бөлігінде артерияны саусақпен қысу
жгут салуы
асептикалық таңғыш салуы
жатқан жайда ошақтан эвакуациялау
тасымалдау алдында ыстық тәтті су беріп, жылыту
Зақымданған адам жерде отыр, жағдайы орташа, сирағының ортасындағы жараны көрсетеді. Жарасы терең, беттері тегіс емес, онда жер түйіршіктері және киім үзіктері көрінеді. Жарадан қошқыл түсті қан ағады. Бірінші кезектегі жасалынатын шара:
жараны біріншілік өңдеу
қан қысымын өлшеу
жатқан жайда ошақтан эвакуациялау
асептикалық басатын таңғыш салу
бұлшық ет ішіне анальгетиктерді егу
Зақымданған адам арқасымен жатыр, көзі жұмулы, тынысы қиындаған, сирек, тері және шырышты қабықтары бозарыңқы, екі тізесі де зақымданған, көптеген кансыраған жаралар байқалады, екі тізесінің буындары сыртқа бұрылған, тамыр соғысы әлсіз пальпацияланады, жиі. Кенет көз алдыңызда жаралы адамның тынысы тоқтады. Дәрігерге дейінгі жасалынатын шара:
жүрек- өкпе реанимациясын жүргізу
қолда затпен иммобилизациялау
бұлшық ет ішіне анальгетиктерді егу
тері астынан анатоксин енгізу
жатқан жайда ошақтан эвакуациялау
28 жастағы науқас А. үйінде ауыр жағдайда табылды. Шағымдары: басының самай бөлігінің қатты ауырсынуы, басы айналуы, жүрек айнуы, құсуы, ентігіп ауа жетіспеуі. Науқастың айтуы бойынша осы жағдай жұмыс орнындағы от жағатын жүйенің ақаулары салдарынан кейін дамығанын айтады. Емдік шараларды бірінші кезекте бастауға болады:
науқасты таза ауаға шығару
өкпені жасанды желдендіру
науқасты тасымалдау
науқасты ауруханаға жатқызу
өкпе-жүрек реанимациясын жүргізу
Егер электр тоғының сымы жерде жатқанда, электрмен жарақаттанған науқасқа қорғаныс құралдарынсыз ... жақындауға болады.
табанды жерден алмай, жылжып
жүгіріп
тез жүріп
үлкен адыммен, секіріп
қадамдап жүріп
Зардап шегуші қозғалыссыз, сыртқы жағдайға назар аудармайды. Тынысы және білек артериясының тамыр соғысы жоқ. Ұйқы артериясында тамыр соғысы әлсіз байқалады. Жоғарғы тыныс жолдарын ашу мақсатында.Сафардың үштік әдісін қолдана отырып, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте... .
астыңғы жағын алға жылжытып аузын ашу керек
басын биіктетіп ұстау керек
басын артқа шалқайту керек
жәбірленушінің ауыз қуысын қарап, тазалау керек
ауа өткізгіш түтікше қою керек
Көмір қышқыл газбен улану кезінде ауруханаға дейінгі көрсетілетін біріншілік көмек:
оксигенотерапия
коникотомия жасау
унитиолды енгізу
асқазанды жуу
трахеяның интубациясы
Геймлих әдісін қолданады:
тыныс жолдарында бөгде зат болған кезде
тырысулар кезінде
бас миы ісінген кезде
мұрын қуысында бөгде зат болғанда
түрлі жарақаттану кезінде
Науқастың тыныс жолдарында бөгде зат анықталғанда мейірбикенің іс әрекеті:
Геймлих әдісін қолдану
коникотомия жасау
Сафардың 3 кезеңнен тұратын әдісін қолдану
мамандандырылған бригаданы шақыру
науқасты ауруханаға жатқызу
Ара шаққан соң науқастың тынысы қиындады. Тексерген кезде артериялық қысымы 60/20 мм.с.б.б., өкпе тұсында құрғақ сырылдар естіледі.Қолданылаты дәрі:
адреналин
платифиллин
кордиамин
эуфиллин
аспирин
Қанды көрген кезде науқас талып қалғанда орындалатын іс әрекет:
мүсәтір спиртті мақтаны иіскеуге беру
басын көтеріп жатқызу
науқасты горизантальды жатқызу
таза ауамен қамтамасыз ету
тілдің астына нитроглициринді салу
Тез ағымды анафилактикалық шоктың түрінде мейірбикенің іс-әрекеті:
көк тамырға адреналинді енгізу
бұрауды иньекция орнынан жоғары салу
бұлшық етке димедролды енгізу
инекция жасалған жердің айналасына адреналинді енгізу
өкпені жасанды желдету
Ылғалдандырылған оттегіні мұрын катетерімен берудің ұзақтығы...минут.
40-60
10-20
20-30
30-40
60-80
Балтыр табан буынының сіңірі созылған кезде...тәрізді байлам қолданылады.
сегіздік
спирал
ромб
масақ
үштік
Дезо байламын...сынықтарында қолданады.
иық сүйектерінің
омыртқа
сан
балтыр
жамбас
Жамбас сүйегі сынған кездегі науқасты...жатқызып тасымалдайды.
арқасымен бақа тәрізді
арқасымен
ішімен
жанымен
аяғымен
Табан сүйегі сынығының иммобилизациясы үшін аяқ ұшы...бұрышқа бүгілген қалыпта болады.
90 градус
70 градустан аз
80 градустан аз
95 градус
30 градус
Ішке қан кету белгісіне...тән.
терінің бозаруы
АҚҚ көтерілуі
терінің қызаруы
брадикардия
экспираторлы ентігу
Гематома – бұл...жиналуы.
қанның тіндерде
қанның плевра қуысында
қанның перикард қуысында
қанның буын арасында
қанның ішперде қуысында
Асқазаннан қан кетуге...тән.
кофе тәрізді құсу
қан аралас құсу
ауыздан көпіршікті қан шығу
іштің тұйықталу дыбысы
өтті құсық
Егер ... жгут салу дұрыс деп саналады.
артерияның жгуттан төмен деңгейінде пульстің тоқтауы байқалса
тері қабаты көгеруі байқалса
жгут салынған жерден төмен деңгейде терінің сезімталдығы жоғалса
жгуттан төмен деңгейде терінің жергілікті қызуы жоғарыласа
тері қабатының қызаруы байқалса
Салынған жгуттың қыс мерзімінде барынша тұру ұзақтығы:
30 минут
60 минут
2 сағат
3 сағат
5 сағат
Тромболитикалық дәрі-дәрмекке ... кіреді.
варфарин
гепарин
тиклопедин
аналгин
промедол
Кеуде клеткасы қысылған науқасты...керек.
ішімен жатқызып, ауруды басатын дәрілер енгізу
арқасымен жатқызып, ауруды басатын дәрлер енгізу
вертикалды қалыпта отырғызу
ауруды басатын дәрілер енгізу
жартылай отыру қалпын беріп, ауруды басатын дәрілер енгізу
Жіті іш синдромында ... керек.
ішке мұз қойып, жедел ауруханаға жатқызу
ауырсынуды басатын дәрі енгізу
асқазанды жуу
тазалау клизмасын жасау
наркотикалық анальгетиктер енгізу
Үлкендерге өкпе-жүрек реанимациясын бір адам жүргізген кезіндегі дем беру мен компрессияның арақатынасы:
30:2
4 :3
1 :5
2 :4
3 :6
30 жастағы әйел жерде ессіз жатыр. Тері қабаты сұр, цианозды. Жағы тырысқан, басы артқа шалқайған. Аяқ- қолы жартылай бүгілген, бұлшық еті тырысқан. Көз қарашығы екі жақтан кеңейген, жарыққа әсері жоқ. Қарағаннан кейін бірнеше секундтан соң, екі жақты бет бұлшық еті және аяқ-қолдың дірілі байқалады. Ауыздан қызғылт көпіршік ақты. Болжамды диагноз:
қояншық ұстамасы
агональді жағдай
клиникалық өлім
истерия ұстамасы
кома
Естен танған науқасқа жәрдем көрсеткенде...қалыпын беру керек.
аяқты көтерумен горизонтальды
аяқтар бастан төмендеген
жартылай отыру
вертикальды
горизонтальды
Ашық пневматоракста... қойылады.
окклюзиялық байлам
фиксирленген байлам
қысып байлау
Дезо байламы
Вельпо байламы
Тіс дәрігері қабылдауына 57 жастағы ер кісі келді, бөлмеде кенеттен тұншығу ұстамасы басталды. Стол шетіне сүйеніп орындыққа отырды, беті – цианозды, үрейлі, кеудесі – бочка тәрізді. Экспираторлы ентігу, алыстан естілетін құрғақ, ысқырықты сырылдар. Осы жағдайда қолданылатын дәрі:
сальбутамол
папаверин
либексин
тусупрекс
анальгин


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет