Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Қамықпаған қиындықтың жүгінен, Өздеріңе сыйлап әрбір қырдың гүлін



Дата29.06.2016
өлшемі41 Kb.
#165050
түріСабақ
Тақырыбы: «Бір халық- бір ел-бір тағдыр»

Мақсаты: Оқушыларға еліміз туралы білімдерін тереңдету,рәміздер жайлы мәлімет беру, ой-өрісін кеңейтіп,сөйлеу тілі мен зейінін дамыту;

Отанымызға деген сүйіспеншілік,мақтаныш сезімін,елін,жерін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу;Елбасының жеткен жетістіктері мен жолдауларына талдау жасау;

Әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер,Елбасының суреттері,шарлар,ҚР рәміздері және картасы

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Қамықпаған қиындықтың жүгінен,

Өздеріңе сыйлап әрбір қырдың гүлін

Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан,

Құттықтаймыз бүгінгі мерекеңмен!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны шырқалады.

Мұғалім: - балалар,біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы-баршамыздың туып-өскен жеріміз.

Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Жер бетінде мемлекет атаулының қай-қайсысында да мемекеттік белгілері –рәміздері бар.

1995 жылы 30 тамызда Ата заңымыз қабылданды.

-Балалар,рәміздер дегенімізді қалай ұғасыңдар?

-Рәміздер –халық бірлігінің белгілері

-Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдаршы?

-Елтаңба,Ту,Әнұран

-Енді балалар, осы өзіміздің рәміздеріне арналған өлең шумақтарына берейік.

Самғат: Ән ұраным-жанұраным,

Айтар әнім сөйлер сөзім

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны

Айшолпан:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Шұғыла:

Мағыналы,сымбатты,



Бізде осындай бар белгі.

Маған,саған қымбатты,

Елтаңбасы ол елдің

-Балалар, біздің Отанымыз Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Ол Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп,бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған тұлға.Осы біздің елімізде тұрып жатқан барлық ұлт өкілдері ынтымағы мен бірлігі жарасып, бір ту астында бір халық болып,барлық халыққа ортақ тағдырымен тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр. Еліміздің тәуелсіздік жемістерін,бүгінгі қол жеткізген табыстарын біліп жүру-біздің басты міндетіміз.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ана тіліміз –қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Републикасының «Тіл туралы » заңы күшіне енді. Болашағымыздың баянды қаруымыз-тіліміз. Біздің Отанымыз байтақ та, бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.

Н.Ә.Назарбаев президент болған аз уақыттың ішінде қаншама жетістіктерге қолымыз жетті. БҰҰ-ға мүше болдық республикамыздың әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енді,ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді,мемлекеттік рәміздеріміз белгіленіп,Ата заңымыз қабылданды,ұлттық валютамыз шығарылып,ЕҚЫҰ-ның саммитінде төрағалық етіп,7 –қысқы Азиада ойындарының жалауы еліміздің көгінде желбіреді.

Елбасы Жолдауы-қалың бұқараны сара жолға салатын жол. Стратегиялық Жолдау дегеніміз –Қазақстан Республикасының әлеуметтік –экономикалық даму деңгейін арттыруға,азаматтардың әл-ауқатының өсуіне және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ұзақ және қысқа мерзімде бағдарламалар жобасы.

«Елдің қамы-Елбасының жолдауы»

Халқым күткен елдің Жолдауын,

Елбасымыз күткен елдің қолдауын

Бізге керек түсіністік,парасат-

Бәрі осы бүгін айтар толғауым

Елбасының ойлайтыны –ел қамы,

Зиялы елді тебірену толғамы,

Қазақ деген елге керек әрдайым

Ерен бірлік,ынтымақ болғаны

Елбасының өзекжарды ойлары:

« Бұл дүниеде біздің біл ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан»

«Салтанаты жарасқан қаласы бар,байтағы ұшан-теңіз даласы бар.аруақ қолдаған бабасы бар ел екенімізді мақтан етейік!»

«Ел болу үшін ұлттық рух,ұлттық қасиет және ұлтқа деген сезім болуы керек»

«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін Қазақстан деп аталатын республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді,осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қарыздармыз. Енді тәуелсіз еліміз туралы өлең жырларға кезек берейік:

Шұғыла:


Қазақстан көзімнің қарашығы

Ұлтаралық достықтың дара шыңы

Ынтымағы жарасқан елдің ғана

Белгілі ғой береке табатыны

Қазақстан құт мекен жанған бағы

Аспандағы нұрымсың айдан-дағы

Екі Отаны ешкімнің болған емес

Ғибрат ал,қазағым ,ойлан дағы

Бекболсын:

Қазақстан –ардағым,құт дарыған

Өзге елдерден өзгеше жаратылған

Ұлыс етіп ұйытқан бар халықты,

Үлгі істерің әлемге таратылған

Айшолпан:

Қазақ елі желбіреп көк байрағың

Гүлге оранды ауылың мен аймағың

Нұрсұлтаның биіктерге бастады

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймған

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген

Лебізіңнен ел арманы өрілген

Сенің арқаң –Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен

Ақбаян:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз



Үлкен-кіші ,ағайындар бәріміз

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де ,әніміз

Ел тынысын тереңінен танып кең,

Шарапаты бар адамға дарып тең

Елбасының есімі бұл тарихта

Қалар анық өшпес алтын әріппен
Қорытынды:

Басыңнан өбіп бостандық желі,

Кетпейді ойдан отандық ұғым

Арыстан жүрек,айбынды елім,



Таниды сені бар әлем бүгін
Қазақстанда бейбітшілік,елімізде тыныштық болсын деп тілек тілей отырып,сендер бүгінгі оқушылар болсаңдар,ертеңгі Қазақстанның болашағысыңдар беп бүгінгі «Бір халық- бір ел-бір тағдыр» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет