Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, сто стратегиялары, талдау, Салыстыру, жинақтау, дәлелдеу



Дата03.07.2016
өлшемі46.5 Kb.
#174190
түріСабақ
Әдебиеттік оқу. 3-класс.

Мұғалім : Исмагулова Райхан Аяпбергенқызы

Тақырыбы: «Қысқы кеш» А.С. Пушкин.

«Қысқы кеш» М. Иманжанов.



Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың оқу техникасы ( дауыстап, іштей

түсініп, дұрыс, шапшаң және мәнерлеп оқу) жетілдіре түсу.



Дамытушылық: Түсінгенін байланыстырып дұрыс баяндай

білуге , ой қорыта білуге төселдіру.



Тәрбиелік: Табиғат көрінісін бақылай отырып, эстетикалық

танымын, әдемілікке деген құштарлығын ояту.



Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, СТО стратегиялары, талдау,

Салыстыру, жинақтау, дәлелдеу.

Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, үнтаспа, сөзтізбек, компьютер.

Сабақтың барысы:

.1. Ұйымдастыру.

Дайынсың ба сабаққа?

Қарап алшы жан-жаққа

Бәрі бар ма орнында?

Қалам, дәптер, кітап та.

Сабағымыз сәтті өтсін деп, жылылықпен бір –бірімізге күліп, көңілді кейіп көрсетейік. Бар зейініміз сабақта болсын.


2. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын белгілі жоспармен әңгімелейміз.Жоспарды сөзжұмбақ шешіп өздерің құрып ала қойыңдар.


Сөзжұмбақ.

Артық сөзді алып таста.

1. ұшты 2 . тәтті 3. құс

қонды суық аула

сөйледі қалың қуыс

жұмыртқалады омбы балапан


Олай болса осы сөздер бір мағына береді, сонда жоспарымыз осы ретпен болады екен.


  1. Құс, шіл

  2. Қыс, қар

  3. Ін, ұялар (қар астындағы)

Осы жасалған жоспар ретімен үй тапсырмасын айтайық.

( Оқушылар жауабы: Әр оқушы жоспар бойынша шіл құсы туралы қысқы ормандағы қар туралы, қар астындағы ұялар туралы жүйелеп айтып шығады)

Нақтылау, қорыту сұрақтары.


  1. Әңгімелеп отырған кім? (аңшы)

  2. Аңшы деген кім? (аңдар, құс аулайтын адам)

  3. Бұл қай кезде болған? (қыс мезгілінде)

Балалар, осы мәтін соңында күрделі түсінік берілген еді, кеше жазып алғанбыз, еске түсірейік.

  • Құр , шіл сияқты құстар тығылып , қорғаласа кешікпей –ақ боран болады.

3 . Жаңа сабақ.

Олай болса осы боран туралы, боранның ерекшелігі туралы орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкин «Қысқы кеш»атты өлеңін жазыпты. (А.С. Пушкин портретін көрсету)Сол кісінің аудармасын оқып танысамыз. Күннің жадын, тақырыпты дәптерге жазып алайық. Өлеңді мұқият тыңдап отырыңдар.

( үнтаспадағы жайлы әуен ырғағымен мәнерлеп оқу)

Балалар, осы шығармада бірнеше түсінуге қиын сөздер бар екен, соларға тоқталайық. ( тақтадағы сөздер)



  • сабан- кепкен шөп

  • лашық - кішкене аласа үйшік

  • кешеу - кеш қалған

  • сыңсуымен- жылаған дыбыс шығару

Сөздерге талдау жасау.
4.Оқулықпен жұмыс.

- балалар, енді өздерің оқып, өлеңде боранды неге теңеп тұрғанын тауып көріңдер. ( Бір шумақтан әр балаға оқыту)

/ Тақтаға боран сөзі ілінеді/


боран

Өлеңде тағы нелер жөнінде айтылған ?



  • Тозған үйдің төбесі

  • Лашық

  • Ұршық иірген кемпір

5.Сергіту сәті.

- Қане, боранның дыбысын салып көрейікші? / гуілдеген, ұлыған, ысқырған, жылаған бала дыбыстары/


О, керемет, керемет !

Бейне аппақ көбелек

Ақша қар жай көлбеңдеп

Қонып жатыр жерге кеп.

Енді осы боранның мінезін , ашуын Мұқан Иманжанов деген жазушы ағамыз мәтін түрінде жазыпты ( суреті көрсетіледі) Зейін қоя тыңдап , салыстырып, теңеу сөздерді дәптерлерімізге жазып отырамыз.

/ үнтаспа тыңдалады/



  • Дәптерлеріңнен жазғандарыңды оқи қояйық.



  • Жыландай сумаңдап - жыланның қимылы

«Сөзбен сурет саламыз» - мәтіннен тауып оқу.

/үйлер, электр шамы, қақпалар , терезеден адамдар көрінеді , іс тігіп отыр , темір соғып , машина жүргізді , қағаз жазды , электр станциясы , диірмен /
Сұрақтармен нақтылау жұмысы:


  • Қай шығарма бұрынырақ жазылған?

  • Қандай көңіл күймен жазылған?

Балалар, манадан бері сабағымызға қатысып отырған бейнелеу пәнінің мұғалімі Күнзира апайымыз сендермен бірге жұмыс жасап отырған сияқты. Сіздерге айтары бар екен .

/ бейнелеу пәнінің мұғалімі екі шығарма бойынша салған суреттерін іліп, әңгімелейді/
6.Қорыту , бекіту.

А. С .Пушкин М. Иманжанов.


Өлең қысқы мәтін

Бұрын кеш қазір

Мұңды боран сенімді

Аянышты сергек
Енді балалар, мына компьютерден біз өз ауылымыздың қысқы кешін тамашалай қояйық. (компьютерден бейнетаспа көрсетіледі)


  • Ауылдағы қысқы кеш

  • Ауыл адамдарының кешкі қарбаласы / қардың сықыры естіледі/

-Балалар , мына дыбыс не?

  • Қардың сықырлағаны , аязды күн

Олай болса қыстың негізгі белгісі қар бейнесін еңбек сабағында үйренген бүктеу әдісімен қиып көрсете қояйық. Бұл сендерге бүгінгі сабақтан естелік болсын. Қоңырауда терезеге қондырамыз.
7.Бағалау.

Сонымен балалар, жақсы жұмыс жасадыңдар. (Жеке бағалаулар)


8.Үй тапсырмасы.
Екі мәтінді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеу. Осы шығармаларға сүйеніп , қысқы кеш суретін салып келу.
Сабақ аяқталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет