Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК
САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ
(симуляциялық тәжірибе)
Пән/модуль:__________« Мейіргер ісіндегі терапия және неврология»______
(модуль немесе пән атауы)
Мамандық:___________0302000 «Мейіргер ісі»_________________________
(шифр мен атауы)
Біліктілік: _____________030243 « Жалпы тәжірибедегі мейіргер ісі»________
(шифр мен атауы)
Құрастырушылар: Калиева Г.О,Акжигитова А.К.,Акжигитов Д. Б
(фамилиясы, аты-жөні)
№___ЦӘК отырысында қаралды.
Хаттама №_____________2022 ж.
ЦӘК төрайымы: _____________
/қолы/
|
Сабақтың барысы
№
|
Название раздела занятия
|
Теориялық сабақ
|
Тәжірибе, семинар, зертханалық сабақ
|
2 сағ
|
4 сағ
|
6 сағ
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
5 мин
|
5 мин
|
5 мин
|
2
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
20 мин
|
|
|
3
|
Сабақ тақырыбы бойынша негізгі білімді жаңарту
|
|
15 мин
|
15 мин
|
4
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру
|
55 мин
|
|
|
5
|
Практикалық жұмыстарды, манипуляцияларды, зертханалық жұмыстарды орындау техникасын түсіндіру және көрсету
|
|
45 мин
|
45 мин
|
7
|
Жаңа тақырыпты бекіту
|
10 мин
|
|
|
8
|
Тәжірибелік іс-әрекетке арналған әдістемелік нұсқаулар
|
|
10 мин
|
10 мин
|
9
|
Тәжірибелік жұмысты орындау және нәтижелерін көрсету
|
|
90 мин
|
180 мин
|
10
|
Сабақты қорытындылау, рефлексия
|
5 мин
|
10 мин
|
10 мин
|
11
|
Үй тапсырмасы
|
5 мин
|
5 мин
|
5 мин
|
|
Қорытынды
|
100 мин
|
180 мин
|
270 мин
|
№10 сабақ
1. Тақырыбы:Энтериттер, колиттер, гельминтоздар, панкреатиттер. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру.
2. Мақсаты:Энтериттер, колиттер, гельминтоздар, панкреатиттер ауруларында мейіргелік үрдісті ұйымдастыру.
3. Оқыту мен оқытудың міндеттері: мейірбикелік манипуляциялрды жүргізу кезіндегі жауапкершілікке, медициналық құжаттарды толтыру кезіндегі этико-деонтологиялық аспектілерді сақтауға, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілікке, пациенттерге деген тиянақтылыққа, өз міндеттерін үқыпты орындауға тәрбиелеу. Логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, қорытынды жасауға, басты белгілерді анықтауға, бар білімдерін жаңа жағдайда қолдана білуіне үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Энтериттер кезінде мейіргерлік күтім.
Панкреатиттер кезінде мейіргерлік күтім.
Гельминтоздар кезінде мейіргерлік күтім.
Созылмалы колит кезінде мейіргерлік күтім.
5. Оқыту мен оқытудың әдістері :
1) Ауызша орындалатын тапсырмалар жатығулар орындау,жағдаяттық тапсырмаларды шешу,блиц-сұрақ, жазбаша орындалатын тапсырмалар материалды талдау үшін келесі сұрақ қойылады:
2) Шағын топта жұмыс- жағдаяттық тапсырмаларды шешу
3) Блиц-сұрақ - тест тапсырмаларын орындау немесе блиц-сұрақтары: білімгерге бір сұрақ қойылады немесе оқытушы тест көрсетеді, ол бірден жауап береді.
6. Әдебиттер:
ӘДЕБИЕТ:
Негізгі:
С.Қ. Асауова, С.Қ. Валишаева «Ішкі аурулар» І,ІІ том
Г.М.Заликина «Науқастардың жалпы күтімі».
Қ.А.Жаманқұлов «Ішкі аурулар».
С.А. Мукина И.И.Тарновская «Мейірбике ісі негіздері»
С.К. Мұратбекова «Мейірбике негіздері»
«Күтім және медициналық манипуляция стандарттарының жинағы»
0302000 «Мейірбике ісі» мамандығы студенттерінің практикалық дағдыларының кәсіби стандарттары. Медициналық колледждердің одағымен бекітілген.
Қосымша:
Г.М.Заликина «Науқастардың жалпы күтімі».
Б. Қалимурзина, «Ішкі аурулар I,ІІ том
С.К.Мухина «Мейірбике негіздері»
Нұрманова М.Ш., Матакова Ж.Т., Бейскулова Е.Т. Стандарттар жинағы «Мейірбике ісі негіздері» - Алматы, 2011.
7. Бақылау
Бақылау сурақтары
Ситуациялық есеп.
Терапия бөліміндегі 32 жастағы науқастың шағымдары:ішінің айналасында ж/е төменгі жағында толғақ тәріздес ауырсыну, іші кебеді ж/е құрылдайды, іш қатпасы іш өтуімен жиі алмасады, әлсіздік.
Анамнез бойынша: 5 жылдай ауырады,2 рет жұқпалы ауруханада кантышқақтан және жедел гастроэнтероколиттен емделген.2 жыл бойы диспансерлік есепте созылмалы энтероколит диагнозымен турады, диета сақтамайды.
Объективті мейірбике тексерісте: пациент жүдеу, ашуланшақ, АҚҚ 100/70 мм. сын. бағ.б.Тілі ақ тұтықпен қапталған, ылғалды, іші кепкен, ішектерінде құрыл есітіледі.
1 - мейірбикелік диагноз қойыныз.
2 - мейірбикелік араласу жоспарын құрастырыңыз.
Ішек аурулары бар науқастардың күтімі
Пациенттің проблемалары
|
Науқасты күтүде мейірбикенің ісі
|
1.Ішінде ауырсыну, әсіресе емдәмді және тамақтану тәртібін бұзғанда.
2.Ішектің қызметінің бұзылуы (іш өту және іш қатпасы).
3.Дене салмағының төмендеуі
4.Тағайындаған емдәмді сақтау қажеттілігі.
|
1.Әңгімелесу жүргізу;
А) тамақтану тәртібін сақтау туралы,
Б) зиянды әдеттерден бас тарту туралы (шылым шегу, ішімдік, насыбай тарту),
В) емдәмді сақтау маңызы туралы,
Г) міндетті түрде дәрілерді қабылдау туралы.
2.Дәрілерді үзбей қабылдауын бақылау.
3.Дене салмағын бақылау
4.Науқасқа туыстарының әкелетін тамақтарын бақылау.
5.Нәжісті зерттеуге жинау
6.Науқасты рентгенологиялық және гастроскопиялық зерттеуге дайындау.
7. Науқасқа емдік микроклизмаларын жасау ережелерін ұйрету.
|
Достарыңызбен бөлісу: |