Гельминтоздар



бет1/7
Дата19.05.2022
өлшемі0.64 Mb.
#457436
  1   2   3   4   5   6   7
ВМ-505 Жарылқасын Нурила

ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫНЫҢ AУЫЛ ШAРУAШЫЛЫҒЫ МИНИCТPЛІГІ «ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Кафедра : Биологиялық қауіпсіздік

Пән атауы : Табиғи ошақты және антропозоонозды инвазиялық аурулар

Тақырыбы : Табиғи-ошақты және антропозоонозды трихоцефалятоздар: трихинеллез және трихоцефалез кезіндегі эпидемиологиялық және санитарлық бағасы, профилактикасы.

Дайындаған: Шәймерденова Гүлдаурен.

Тобы: ВМ-502

Қабылдаған : қауым профессор ТурганбаеваГ.Е

Трихинеллез

  • Трихинеллез – адам және сүтқоректілердің жедел гельминтозы, медико-социальды мағынасы зор, себебі клиникалық көрінісі ауыр, көп жағдайда еңбекке қабілеттігі бұзылады. Инвазияға қызба, бұлшықеттегі ауырсыну, бет ісінуі, терілік бөртпелер, эозинофилия, ауыр жағдайда миокард, өкпе, орталық нерв жүйесінің зақымдалуы көрініс береді. Трихинеллез жануарлар ішінде барлық жер шарында, Австралиядан басқа континенттарда кездеседі. Көбінесе солтүстік жер шарында кездеседі. Адамдардың жиі ауыратын бөлігі АҚШ, Германия және Польша.

Трихинеллездің қоздырғышы - Trichinella spiralis..Ұзындығы 1 – 3 мм, тірідей туатын жұмыр құрттар. Дернәсілдері таяқшаға ұқсас, ұзындығы 0,1 мм-ден 1 мм-ге дейін ұзарады. Ересек трихинеллалар иесінің ішегінде өмір сүреді, ал дернәсілдері көлденең салалы бұлшық еттерге өтіп, дамиды, шиыршықтанып, спираль тәрізді бұратылып жатады.

Trichinella spiralis

  • Қазiргi кезде ғылымға белгiлi құрттың төрт түрi бар, атап айтсақ олар: Trichinella spiralis(Owen,1835) шошқa трихиннелласы, T.nativa (Britov et Boev,1972) жыртқыш аңдарының трихиннелласы, T.nelsoni (Britov etBoev,1972) Африка жыртқыштарыныкi жəне T.pseudospiralis .Соңғы түрi алғашқы үшеуiнен денесiнiң қысқалығымен өзгешеленедi жəне оның балаңқұрттары бұлшық етте дəнекер ұлпамен қапталмайды. Сонымен қатар, ол даму айналымын толығымен құс (тауық, үйрек, шiл, торғай т.б.) денесiнде өткiзе алады. T.nativa жəнеT.nelsoni түрлерiнiң дербес екендiгi əлi даулы немесе анықталмаған.
  • Ересек трихиннеллалар жануарлар мен адамның ащы iшегiнде тiршiлiк етедi, ал балаң құрттары олардың көлденең жолақ еттерiнде мекендейдi, яғни адам немесе жануарлар бiрдей ақтық та, аралық та иесi болып табылады. Бүгiнгi таңда сүт қоректiлердiң 100 астам түрiнен аталған гельминттер табылған. Олар шошқада, итте, қасқырда, масықта,аюда, егеуқұйрықта, мысықта өте жиi кездеседi. Паразитке бейiмдiлер:жабайы шошқа, борсық, көгiлдiр түлкi, аққұс, қара күзен (норка),бұлғын, күзен, кiрпi, жолбарыс т.б. Теңiз аңдары да кит, морж, итбалық(тюлень) трихиннелла құрттарымен залалданады. Трихиннеллдердiң келтiретiн экономикалық зияны да орасан зор. Трихинелласы бар жануардың ұшасы (етi) инвазияның азды-көптiгiне қарамай жойылады.Бұл гельминтоз адамға өте қауiптi, себебi ауру өте қатты түрде өтедi,қолданылатын ем шипа бермейдi, ақыры өлiммен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет