СабақТЫҢ Әдістемелік талдамасы № Пәні: Мейіргер ісі негіздері



бет11/23
Дата03.09.2022
өлшемі257.61 Kb.
#460160
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
зертханалық зерттеулер

Зәр шығарудың жиілігі
Қалыпты жағдайда зәр шығарудың жиілігі тәулігіне 3-4 ретті құрайды. Зәр шығарудың жиіленуін полакизурия деп атайды. Жиі зәр шығару сұйықтықты көп ішкенде, сонымен қатар зәр шығару жолдарының қабынуында байқалады.
Зәр шығарудың сирек болуы олакизурия деп аталады. Сирек зәр шығару сұйықтықты шектеген жағдайда және жүйкенің рефлекторлық бұзылуларында байқалады.
Зәрдің ауырсынып шығуы дизурия деп аталады. Дизурия – жүйке-жыныс жүйесінің әртүрлі қабыну ауруларының жиі байқалатын белгісі болып табылады.


Зәрдің салыстырмалы тығыздылығы
Зәрдің салыстырмалы тығыздылығы ондағы еріген заттардың (зәрлік, зәр қышқылы, креатинин, әртүрлі тұздар) концентрациясына пропорциональды болады.
Зәрдің салыстырмалы тығыздылығы урометр көмегімен өлшенеді. Зәрді цилиндрге құяды, оған урометрді жүзіп жүретіндей етіп түсіреді. Шкала көрсетпесін төменгі мениск деңгейінде өлшеп алады, егер көпірік пайда болса, оны фильтр қағазының көмегімен сорып алады. Қазіргі уақытта шкаласы 1,000-нан 1,050 - ге дейінгі бөліктерге бөлінген әмбебап урометрлер қолданылады.
Дені сау адамдарда тәулік ішіндегі зәрдің салыстырмалы тығыздылығы өзгеріп отырады, таңертеңгілік зәрде – 1020-1026-ге тең болады.
Зәрдің салыстырмалы тығыздылығына зәрде глюкозаның болуы үлкен әсер етеді. Қантты диабеттің асқынған жағдайында зәрдің салыстырмалы тығыздылығы 1040-1050-ге тең болуы мүмкін. Зәрдің салыстырмалы тығыздылығы бүйректің концентрациялық (қанығу) қабілетінен мәлімет береді. Бүйректің паренхиматозды зақымдануында оның концентрациялық қызметінің төмендеуі, ал ауыр жағдайларда (бүйректің біріншілік және екіншілік бүрісуі) толығынан жойылуы мүмкін.
Бүйректің концентрациялық қызметін анағұрлым нақты анықтау зәрдің осмотикалық концентрациясын тікелей анықтау арқылы мүмкін болады. Сұйықтың осмотикалық концентрациясы криоскопия әдісімен, яғни сұйықтың қату нүктесі бойынша анықталынады. Зәрдің осмотикалық концентрациялық қызметі зәрдің осмотикалық концентрациясының плазманың осмотикалық концентрациясына қатынасымен өлшенеді.
Зәрдің және плазманың ақуызды емес бөлігінің осмотикалық қысымының бір-біріне тең болуы изостенурия деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет