Сабақтың жоспары Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып



бет12/36
Дата15.04.2022
өлшемі480 Kb.
#456694
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
кәсіби қазақ тілі

Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.
Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.
Үй тапсырмасы 5-минут
Әдебиеттер: Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том
Сабақтың аяқталуын хабарлау: құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабақ аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет сау болыңыздар!

Етістік шақтары (Времена глаголов):


Осы шақ (настоящее время)

- нақ (Түбір + а, е, й, ып, іп, п + жатыр/отыр/жүр/тұр) + Ж.Ж.


Мысалы: оқып жатырмын, бара жатыр.
- ауыспалы (Түбір + а, е, й) + Ж.Ж.
Мысалы: отырамын.


Келер шақ (будущее время)

- болжалды (Түбір + ар, ер, р) + Ж.Ж.


Мысалы: барармын.
- мақсатты (Түбір + мақ/мек, бақ/бек, пақ/пек + шы/ші) + Ж.Ж.
Мысалы: көрмекшімін.
- ауыспалы (Түбір + а, е, й) + Ж.Ж.
Мысалы: көрмемін.


Өткен шақ (прошедшее время)

- жедел (Түбір + ды/ді, ты/ті) + Ж.Ж.


Мысалы: жақсы көрдім.
- бұрынғы (Түбір + ған/ген, қан/кен, ып, іп, п) + Ж.Ж.
Мысалы: барған.
- ауыспалы (Түбір + атын, етін, йтын, йтін) + Ж.Ж.
Мысалы: келетін.

Етістік райлары (Наклонения глаголов):


Ашық
Бұйрық (повелительное)



I жақ:

Мен Түбір + айын, ейін

Біз Түбір + айық, ейік

II жақ:

Сен Түбір

Сендер Түбір + ыңдар, іңдер


Сіз Түбір + ыңыз,іңіз

Сіздер Түбір + ыңыздар, іңіздер

III жақ:

Ол Түбір + сын, сін

Олар Түбір + сын, сін

Мысалы (Пример разбора):

I жақ:

Мен барайын

Біз барайық

II жақ:

Сен бар

Сендер барыңдар


Сіз барыңыз

Сіздер барыңыздар

III жақ:

Ол барсын

Олар барсын



Шартты (условное)
Түбір + са/се + Ж.Ж. 
Мысалы (Пример разбора):

I жақ:

Мен барсам

Біз барсақ

II жақ:

Сен барсаң

Сендер барсаңдар


Сіз барсаңыз

Сіздер барсаңыздар

III жақ:

Ол барса

Олар барса



Қалау (желательное)
ғы/гі, қы/кі + Т.Ж. 
Мысалы (Пример разбора):

I жақ:

Менің барғым келеді

Біздің барғымыз келеді

II жақ:

Сенің барғың келеді

Сендердің барғыларың келеді


Сіздің барғыңыз келеді

Сіздердің барғыларыңыз келеді

III жақ:

Оның барғысы келеді

Олардың барғылары келеді

Тұйық етістік (Начальная форма глагола): Түбір + -У-(жұрнақ).
Мысалы: бару, жазу, айту.


Сабақтың жоспары


Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі
І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып:
Лексикалық тақырып:
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімдлік: жасалу жолдары, түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Етістің түрлеріне лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып мысал келтіріп, талдау жасап, олардың айырмашылығын таныту, өз ойларын жүйелі айтуға үйрету. Елордамыз туралы ерекше пікір қалдыру.
Ә) Тәрбиелік: сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, Отанымызға деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ
ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық
Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.
ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы, оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі:

    • Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

    • Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.

Ал, оқушылар енді көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап, былай деп іштеріңнен қайталаңдар: «Мен өзіме сенімді, ақылды, батыл адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді және еш нәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым мықты және мен күштімін»


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

      • Етіс және оның түрлері.

      • Көсемше және оның түрлері.

      • Есімше және оның түрлері.



Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою
Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.

  • Етістіктің шақтары.

  • Етістіктің райлары.

  • Улы жыландар шаққанда көрсетілетін алғашқы көмек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет