Психологияға кіріспе
Аға оқытушы:Капбарова Г.М.
Сабақтың жоспары:
- Психика мен психология туралы жалпы ұғым
- Психологияның салалары мен тармақтары
- Психологияның ғылыми-зерттеу әдістері
Осының бәрі,
- қабылдау,
- ес,
- ойлау,
- қиял,
- сезім мен ерік,
- темперамент
- және мінез көріністері — адам психикасының құбылыстары.
Ал психикалық құбылыстарды зерттейтін ғылым - психология деп аталады
«Психология» сөзі гректің екі сөзінен пайда болған: «psiche» - жан, және «logos» ғылым, ілім. Дәлме-дәл аударғанда, психология – адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.
Жоғарыда сипатталған психикалық құбылыстар осы «жанның» қасиеттері мен көріністері деп есептелген. Ғылымның ескі атауы, «жан» деген сөз біздің тілде де сақталған, алайда басқа мазмұнда: «жан құбылыстары» дегеніміз психикалық құбылыстар болып түсіндірілсе, «жан» деген сөз адамның психикасын, оның ми іс-әрекетінің өнімін білдіреді.
Ертедегi гректің данышпан ғалымы Аристотель өзiнiң "Жан туралы" атты еңбегiнде алғаш рет психикалық құбылыстарға жүйелi талдау жасаған.
Арситотель б.э.д. 384-322 ж.
өмір сүрген
Екiншi жағынан, психикалық құбылыстарды және оның заңдылықтарын ғылыми эксперименталды тұрғыда зерттеу шын мәнiнде XIX ғ. ортасынан бастап, қалыптаса бастады.
1879 жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырды. Мұның өзі психологияның философия қойнауынан бөлініп шығып, дербес эксперименттік ғылым ретінде дамуына себепкер болды
В. Вундт (1832-1920)
Психология жан туралы ғылым ретінде
Психология сана туралы ғылым ретінде
1 кезең
2 кезең
Мұндай анықтама бұдан 2000 жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз құбылыстардың бәрін түсіндіруге тырысқан.
XVII-ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуымен байланысты. Ойлану, сезіну, тілек білдіру қабілеттері сана деп есептелген. Зерттеудің негізгі әдісі - адамның өзін-өзі бақылап (интроспекция), оны сипаттау болған.
Психология мінез-құлық туралы ғылым ретінде
Психология психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым ретінде
4 кезең
3 кезең
XX ғасырда пайда болды. Психологияның міндеті - тікелей көруге болатындарды, яғни адамның мінез-құлқын, қылықтарын, реакцияларын бақылау б.т. Алайда оларға себепші болған мотивтер ескерілген жоқ.
Дүниеге материалистік көз-қарастың негізінде қалыптасқан
Адам психиканың байқалуы өте алуантүрлі. Және де олар бір-бірінен ажыратылып өмір сүрмей, өзара байланыста болады, бір-біріне әсер етеді. Бұл байланыс жеке психикалық көріністердің жиынтығы, қарапайым қосындысы ретінде емес, психикалық іс-әрекеттің біртұтас, бірыңғай көрінісі болып саналады.
Психикалық үрдістер
Психикалық қалыптар
Танымдық
түйсік, қабылдау, ес, елес, ойлау, сөйлеу, қиял
Эмоционалдық
қозғыштық, қуаныш, ашу, ыза т.б.
Ерік
Шешім қабылдау, қиындықтарды жеңу, мотивтер күресі, өз мінез-құлқын басқару және т.б.
өрлеу, жабыраңқылық, қорқыныш, сергектік, уайым және т.б.
бағыттылық, темперамент, мінез, қабілет
Психикалық құбылыстардың құрылымы
Психикалық қасиеттер
Адам психикасы оның іс-әрекетінде қалыптасады, дамиды және көрініс табады. Адамның психикалық үрдістері мен психикалық қасиеттері туралы оның іс-әрекетіне бақылау жүргізу, зерттеу арқылы білуге блады. Бұл жағдайда психика мен іс-әрекеттің бірлігі туралы айтуға болады. Сол себептен психология адамдардың әр түрлі іс-әрекет түрлері мен жақтарын зерттейді (ойын, оқу, еңбек, шығармашылық)
Достарыңызбен бөлісу: |