Түркістан өлкесін басқарған губернаторлардың әлеуметтік сипаты
Назарова А.А.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Түркістанда Ресейдің билік жүйесінің орнығуы отарлық басқару аппаратының қалыптасуымен қатар жүрді. Отарлық аппараттың басты міндеті өлкедегі патша билігін нығайту, патша үкіметі орнатқан тәртіпті сақтау және билік жүйесіне кез-келген қарсылықты басу болып табылады. Осы міндеттерді орындау мақсатында, патшалық Ресей биліктің тірегі болатын жаңа шенеуніктер тобын қалыптастыру арқылы жергілікті ақсүйектердің саяси ықпалын жоюға бет алды. Шенеуніктер патша үкіметі құрған әлеуметтік құрылым мен саяси жүйенің маңызды бөлшегі болып, патша билігін жүзеге асыруда, кадрлар таңдау, олардың қызмет түрі мен тәсілін белгілеу, өлке халқын экономикалық, рухани қанауды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды.
Түркістан өлкесіндегі әкімшіліктің жоғарғы буынын бар билікті өз қолдарына шоғырландырған генерал-губернаторлар мен әскери губернаторлар құрады. Олардың құрамын талдауды екі бағыт бойынша жүргіздік:
Бірінші бағыт – губернаторлардың құрамын олардың қызмет тізімдерін жеке хронологиялық қағида бойынша талдау,
Екінші бағыт – Түркістанда қызмет атқарған барлық генерал-губернаторлар мен Жетісу, Сырдария облыстарының әскери губернаторлар кешенін зерттеу барысында жиналған мәліметтер топтамасы негізінде талдау.
Өлкеде қызмет атқарған губернаторлардың құрамын осы екі бағытта талдау олардың әлеуметтік келбетін жасауға негіз болды және олардың кадрлік құрамын салыстырмалы талдауды төмендегідей көрсеткіштер бойынша жүргіздік: шені, атағы, титулы, жасы, қызмет стажы, діні, ұлты, білімі, тегі, материалдық жағдайы, жалақысы.
Түркістан өлкесінде 1867-1917 жылдар аралығында он екі генерал-губернатор бекітіліп, қызмет атқарды (1-кесте). Ал 1914-1916 жылдары өлкеде үш уақытша генерал-губернаторлар Флуг, Мартсон және Ерофеев қызмет атқарғанмен, ешқайсысы патша тарапынан қолдау таппады.
Жетісу, Сырдария облыстарында осы мерзім ішінде төмендегідей (2, 3-кестелер) әскери губернаторлар қызмет атқарды.
Офицерлердің рангі туралы табель бойынша губернатор қызметіне төртінші кластан төмен емес шені бар шенеунік бекітілді. Төртінші класқа әскери шеннен генерал-майор және азаматтық шеннен стат кеңесшісі сәйкес келеді. 2 класты шенеунік толық генерал болып саналады. Түркістан Генерал-губернаторлығы Соғыс Министрлігінің құзырында болғандықтан генерал-губернаторлардың барлығы Бас Штабтың жоғары класты офицерлерінен тағайындалды.
Кесте-1 Түркістан генерал-губернаторларының тізімі мен құрамы [1]
|
Түркістан генерал-губернаторлары
|
Шені
|
Атағы
|
Тегі
|
Діні
|
Білімі
|
Туған жылы
|
Қызмет
атқарған жылдары
|
1
|
К.П. фон-Кауфман
|
Инженер-генерал
|
Генерал-адъютант
|
Австриялық дворян
|
Православия
|
Инженерлік училище, БШ Әскери Академиясы
|
1818 ж.
|
1867.14.07.
1882.03.05.
|
2
|
М.Г. Черняев
|
Генерал-лейтенант
|
-
|
Могилев губ.дворяны
|
Православия
|
Дворян полкі
БШ Әскери Академиясы
|
1828 ж.
|
1882.25.05.
1884.21.02.
|
3
|
Н.О. фон-Розенбах
|
Генерал-лейтенант
|
Генерал-адъютант
|
Эстляндия губ.дворяны
|
Лютеран
|
Кавалерия училищесі
|
1836 ж.
|
1884. .05.
1888.28.10.
|
4
|
А.В. Вревский
|
Инфантерия генералы
|
-
|
Псков губ.дворяны
|
Православия
|
Кавалерия училищесі
БШ Әскери Академиясы
|
1834 ж.
|
1889.
1898.17.03.
|
5
|
С.М. Духовский
|
Инфантерия генералы
|
-
|
Санкт-Петербор губ.дворяны
|
Православия
|
Кадет корпусы
БШ Әскери Академиясы
Инженерлік Академия
|
1838 ж.
|
1898.28.03.
1901.01.01.
|
6
|
Н.А. Иванов
|
Генерал-лейтенант
|
-
|
Киев губ.дворяны
|
Православия
|
Артиллерия училищесі
|
1842 ж.
|
1901.23.01.
1904.18.05.
|
7
|
Н.Н. Тевяшев
|
Кавалерия генералы
|
-
|
Воронеж губ. Дворяны
|
Православия
|
Кавалерия училищесі
|
1842 ж.
|
1904.22.06.
1905.28.11.
|
8
|
Д.И. Суботич
|
Генерал-лейтенант
|
-
|
Австриялық дворян
|
Православия
|
І Кон. Әскери училищесі
БШ Әскери Академиясы
|
1851 ж.
|
1905.28.11.
1906.15.08.
|
9
|
Н.И. Гродеков
|
Инфантерия генералы
|
-
|
Херсон губ.дворяны
|
Православия
|
І Кон. Әскери училищесі
БШ Әскери Академиясы
|
1843 ж.
|
1906.15.12.
1908.08.03
|
10
|
П.И. Мищенко
|
Генерал-лейтенант
|
Генерал-адъютант
|
Дагестан облысы
|
Православия
|
ІМәскеуӘскери гимназия
ІПавелӘскери училищесі
БШ Әскери Академиясы
|
1853 ж.
|
1908.24.06.
1909.14.03.
|
11
|
А.В. Самсонов
|
Кавалерия генералы
|
-
|
Херсон губ.
Отставкадағы
Поручик отб
|
Православия
|
Киев Әскери гимназиясы Ник.Кавалерия училище
БШ Әскери Академиясы
|
1859 ж.
|
1909.17.03.
1914. 20.07.
|
12
|
А.Н. Куропаткин
|
Инфантерия генералы
|
Генерал-адъютант
|
Псков губ дворян отбасы
|
Православия
|
ІПавелӘскери училищесі
БШ Әскери Академиясы
|
1848 ж.
|
1916.22.07.
1917.31.03.
|
Кесте-2 Жетісу облысының әскери губернаторларының тізімі мен құрамы [2]
|
Жетісу облысының әскери губернаторлары.
|
Шені
|
Тегі
|
Діні
|
Білімі
|
Туған жылы
|
Ә.Г. қызмет
Атқарған
Жылдар
|
1
|
Г.А.Колпаковский
|
Генерал-лейтенант
|
Харьков губ. Обер-офицері отбасынан
|
Православия
|
Жеке оқу орны
|
1819 ж.
|
1867.14.07.-
1882.
|
2
|
А.Я. Фриде
|
Генерал-майор
|
Москва губ.дворяны
|
Православия
|
БШ Әскери Академиясы
|
1838 ж.
|
1882-
1887
|
3
|
Г.И. Иванов
|
Генерал-лейтенант
|
Москва губ.дворяны
|
Православия
|
БШ Әскери Академиясы
|
1841 ж.
|
1887.15.06.-
1899.06.09.
|
4
|
М.Е. Ионов
|
Генерал-лейтенант
|
Варшава губ.дворяны
|
Православия
|
ІІ Константин әскери училищесі
|
1846 ж.
|
1899.24.10.-
1907.19.06.
|
5
|
В.И. Покотило
|
Генерал-майор
|
Орел
|
Православия
|
Орел әскери гимназия
Ник. инженер училище, БШ Әскери Академиясы
|
1856 ж.
|
1907.28.07.-
1908.05.10.
|
6
|
М.А. Фольбаум
|
Генерал-лейтенант
|
Петроград губ.сарай кеңесшісінің отбасынан
|
Православия
|
І Павел әскери училищесі, БШ Әскери Академиясы
|
1866 ж.
|
1908.22.11.-
1916.22.10.
|
7
|
А. Мадритов.*
|
Генерал-лейтенант
|
|
Православия
|
ІМәскеу кадет корпусы
3 Александр әскери училищесі, БШ Әскери Академиясы
|
1868 ж.
|
1917.25.01-
1917.31.03.
|
Кесте-3 Сырдария облысының әскери губернаторларының тізімі мен құрамы [3]
|
Сырдария облысының әскери губернаторлары
|
Шені
|
Тегі
|
Діні
|
Білімі
|
Туған жылы
|
Ә.Г.қызметін атқарған жылдар
|
1
|
Н.Н. Головачев
|
Генерал-лейтенант
|
Петербор губ.дворяны
|
Православия
|
Инженерлік училище
|
1823 ж.
|
1867.22.09.-
1877.
|
2
|
В.Н. Троцкий
|
Генерал-лейтенант
|
Чернигов губ.дворяны
|
Православия
|
БШ Әскери Академиясы
|
1835 ж.
|
1878.05.05.-
1882
|
3
|
Н.Н. Гродеков
|
Генерал-лейтенант
|
Херсон губ.дворяны
|
Православия
|
ІІ Константин әскери училищесі, БШ Әскери Академиясы
|
1843 ж.
|
1882.-
1893.
|
4
|
Н.И. Корольков
|
Генерал-лейтенант
|
Смоленск губ.дворяны
|
Православия
|
БШ Әскери Академиясы
|
1837 ж.
|
1893.30.06.-
1905.
|
5
|
И.И. Федотов*
|
Генерал-майор
|
|
Православия
|
Чугуев юнкер училище
БШ Әскери Академиясы
|
1855 ж.
|
1905.28.05.-
1906.30.07.
|
6
|
М.Я. Романов
|
Генерал-лейтенант
|
Харьков губ.дворяны
|
Православия
|
І Павел әскери училищесі
БШ Әскери Академиясы
|
1848 ж.
|
1906.03.08.-
1910.
|
7
|
А.С. Галкин
|
Генерал-лейтенант
|
Киев губ.дворяны
|
Православия
|
Артиллерия училищесі
Артиллерия Академиясы
БШ Әскери Академиясы
|
1855 ж.
|
1911.01.02.-
1916.
|
8
|
А. Мадритов.*
|
Генерал-лейтенант
|
|
Православия
|
ІМәскеу кадет корпусы
3 Александр әскери училищесі БШ Әскери Академиясы
|
1868 ж.
|
1916.29.08-
1917.20.01
|
ЕСКЕРТУ: * - мәлімет толық емес.
Кесте - 4 Губернаторлардың шендік құрамы [4]
Класы
|
Шені
|
Түркістан ген-губернаторлығы бойынша
|
Жетісу облысы бойынша
|
Сырдария облысы бойынша
|
1.
|
Генерал-фельдмаршал
|
0
|
0
|
0
|
2.
|
Инфантерия генералы кавалерия генералы инженер-генерал
|
4
2
1
|
0
|
0
|
3.
|
Генерал-лейтенант
|
5
|
5
|
7
|
4.
|
Генерал-майор
|
0
|
2
|
1
|
Енді 4-кестеде көрсетілгендей, Түркістан генерал-губернаторларының құрамын шені бойынша талдасақ : олардың біреуі – инженер-генерал, төртеуі – инфантерия генералы, екеуі – кавалерия генералы, яғни, жетеуі – толық генерал; бесеуі – 3 класты – генерал-лейтенант шенінде қызмет етті.
Жетісу әскери губернаторларының бесеуі – 3 класты – генерал-лейтенант, екеуі – 4- класты – генерал-майор шенінде, Сырдария әскери губернаторларының жетеуі – генерал- лейтенант, біреуі – генерал-майор шенінде болды.
Ал атағы, титулына келсек, генерал-губернаторлардың төртеуі генерал-адъютант атағын иеленген, тек бір генерал-губернаторда барон титулы бар.
Түркістан өлкесін басқарған шенеуніктердің осы қызметті атқарған стажына көңіл аударып, талдауды жоғарыдағы 1, 2, 3 – кестелер бойынша жүргіздік: өлкеде үш генерал-губернатор 1 жылға жуық уақыт, үшеуі – 2 жылға жуық, 3 жылдай – екі адам, 5 жылдай – екі адам, 9 жылға жуық бір адам, 14 жылдан аса – бір адам қызмет атқарды, яғни генерал-губернаторлардың тең жартысы өлкеде екі жылға жуық уақыт болған. Ал Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында төрт адам ауысып уақытша қызмет атқарды.
Ал, Жетісуда бір адам – 14 жыл, біреуі – 12 жыл, екеуі – 8 жыл, біреуі –5 жыл, екеуі – 2 жылға жуық болса, Сырдария облысында бір адам – 12 жыл, екеуі –10 жылдан аса, үшеуі – 5 жылдай, екеуі – 1 жылға жуық әскери губернатор қызметін атқарған.
Осы көріністен генерал-губернатор қызметінен гөрі әскери губернатор қызметінде, яғни, облысты басқаруда тұрақтылық байқалады. Жалпы Түркістандағы генерал-губернаторлардың тұрақсыздығын, олардың көбінің өлкедегі әкімшілік басқару мәселелерінен бейхабарлығынан және Ресейдегі саяси ахуалға байланысты түсіндіруге болады. Сондай-ақ, ХХ ғасырдың басында Ресейде үздіксіз дағдарыс басталғанда, губерниялық кадрлардың тұрақсыздығымен қатар, оларды “көлденеңнен” орнын ауыстыру, яғни бір губерниядан екінші губернияға қызметке қою жүйесі орын алды. Осылайша патша үкіметі тұрғындармен тіл табыса алмаған губернаторларды қорғап, әлеуметтік жағдайды шиеленістірудің алдын алмақ болды.
Сонымен бірге олардың Түркістанда генерал-губернатор қызметін атқарған уақыттағы жас мөлшері туралы мәселе қызығушылық тудырады. Губернаторлардың жас мөлшерін жиналған мәліметтер бойынша төмендегі кесте жүзінде қарастырдық (5 – кесте).
Кесте-5 Губернаторлардың қызмет атқарған уақыттағы жас мөлшері [5]
|
45-ке дейінгі
|
46-55 жас аралығында
|
56-65 жас аралығында
|
65-тен жоғары
|
Түркістан генерал-губернаторлары
|
0
|
7
|
4
|
1
|
Жетісу облысы әскери губернаторлары
|
2
|
5
|
0
|
0
|
Сырдария облысы әскери губернаторлары
|
3
|
2
|
3
|
0
|
Сонымен, Л. Лысенконың мәліметі бойынша губернаторлардың ең белсенді жасы – 46-56 жас аралығы [6, 333 б.] десек, жоғарыдағы кестеден байқайтынымыз, генерал-губернаторлардың жартысынан көбі осы жас аралығында қызмет атқарған.
Генерал-губернаторлардың қызмет тізімдерін талдау барысында олардың барлығы Ресейдегі ең артықшылықты, дворяндық ақсүйектер тобына жатқанын көруге болады. Жетісу әскери губернаторларының біреуі обер-офицер, біреуі сарай кеңесшісі отбасынан, қалғаны дворян тегінен, ал Сырдария әскери губернаторларының барлығы дворян тегінен шыққаны белгілі болды.
Материалдық жағдайына келсек, Түркістан генерал-губернаторларының тек төртеуінде ғана отбасылық үй-жай, жеке мүлік т.б материалдық құндылықтары бар. Жетісу, Сырдария облыстары әскери губернаторлары туралы мәліметтерде олардың материалдық құндылықтары жөнінде дерек жоқ.
Мұндай көрсеткіш шенеуніктер құрамының мүліктік жағдайы оның жоғары әлеуметтік мәртебесіне сай келмейді дегенді білдіреді. Бұндай жағдай сол кезеңдегі Ресей қоғамына тән сипат деуге болады. Себебі ХІХ ғасырда дворяндардың экономикалық жағдайы нашарлады, яғни бұл дворян мәртебесі де, офицерлік мәртебе де төмендеді деген сөз. Бірақ қоғамдағы мұндай құқықтық беделінің төмендеуі олардың офицер шенін қабылдауға деген қағидаларына әсерін тигізе алмады. Орыс қоғамындағы офицердің мәртебесінің көтерілуіне мамандық дайындау жүйесі ықпал етті.
Шенеуніктердің жалпы және кәсіби дайындығының маңызды көрсеткішінің бірі – олардың білім деңгейі. Ол ХІХ ғасырдан патша үкіметінің кадр саясатында қойылған басым талап болды.
Кесте-6 Губернаторлардың білім деңгейі [7]
Оқу орындары
|
Түркістан ген.- губ-ы
|
Жетісу облысының әск. губ.
|
Сырдария облысының әск.губ.
|
Николаев инженерлік училищесі
|
1
|
-
|
-
|
Николаев кавалерия училищесі
|
4
|
-
|
-
|
Михаилов артиллерия училищесі
|
1
|
-
|
1
|
ІІ Константин әскери училищесі
|
2
|
1
|
1
|
І Павел әскери училищесі
|
1
|
1
|
1
|
ІІІ Александр әскери училищесі
|
-
|
1
|
1
|
Чугуев юнкерлік училищесі
|
-
|
1
|
-
|
БШ Николаев әскери Академиясы
|
8
|
3
|
5
|
Николаев инженерлік Академиясы
|
1
|
-
|
-
|
Михаилов артиллерия Академиясы
|
-
|
-
|
1
|
Жеке оқу орны
|
-
|
1
|
-
|
Жоғарыдағы кестеден белгілі болғандай, губернатор қызметіне әскери білімі барларға сұраныс жоғары екені байқалады. Түркістан генерал-губернаторларының тоғызы ең жоғарғы оқу орны - Бас Штабтың Әскери Академиясының курсын аяқтаған, біреуі екі жоғарғы оқу орнында оқыған, ал үшеуі орта оқу орнында білім алған. Жетісу әскери губернаторларының бесеуі - Николаев Әскери Академиясында, біреуі - орта оқу орнында, біреуі жеке оқу орнында, ал Сырдария әскери губернаторларының жетеуі - Әскери Академияда, біреуі екі жоғары оқу орнында, біреуі – орта оқу орнында оқыды.
ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басында патшалық Ресейдің “орыстандыру саясаты” кадр мәселесінде де ашық көріне бастады. Шенеуніктердің қызметтік тізімдерінде “ұстанған діні” деген бөлім пайда болса, енді сонымен бірге отбасы мүшелерінің де сенімін көрсету міндетті болды. Губернаторлардың ұлттық құрамын анықтау өте күрделі. Дегенмен, бұл мәселені олардың ұстанған діні арқылы шамамен шешуге болады. Өйткені шенеуніктердің тізімде көрсетілген діни сенімі белгілі бір дәрежеде олардың ұлттық құрамының көрсеткіші бола алады. Түркістан генерал-губернаторларының біреуі ғана христиан дінінің лютеран тармағын ұстанған, қалғандары православия тармағында, ал Жетісу, Сырдария облыстары әскери губернаторларының барлығы православия тармағын ұстанған. Губернаторлардың арасында бірде-бір азиат нәсілді немесе мұсылман дініндегі шенеунік жоқ. Бұндай көрсеткіш Ресей империясының аймақтағы, әсіресе, тұрғындардың басым көпшілігін орыс емес халықтар құрайтын отар елдерде бірінші адам славян ұлтынан немесе остзей немістерінен шыққан шенеунік болу қажет деп ұстанған саясатының айғағы.
Губернаторлардың жиі ауыстырылуы осы қызметтің беделінің төмендегенін көрсеткенмен, олардың жалақысы туралы мәліметтер керісінше пікір тудырады. Осы мәліметтер бойынша Түркістан генерал-губернаторлары жалақысының орташа көрсеткіші – жылына 30-35 мың рубль болғанын анықтадық. Бұл Ресейдің ішкі губерния губернаторларының жалақысынан шамамен төрт есе көп көрсеткіш. И. Рубакиннің мәліметі бойынша Ресейдегі губернаторлардың орташа жалақысы жылына 8 мың рубльді құрайды [8, 113 б.]. Сонымен қатар, өлкедегі жұмсалған қаражаттарды тексеру есептерінде көрсетілгендей, Түркістан генерал-губернаторларының үйлері мен сая-жайларына жылына орта есеппен 12 мың рубль бөлінген [9, 317-п.]. Ал, Жетісу, Сырдария облыстары әскер губернаторларының жалақысы жылына 12 мың – 15 мың рубльді құрайды, бұл ішкі Ресей әскери губернаторларының жалақысынан екі есе көп көрсеткіш. Губернаторлардың материалдық жағдайларының төмендігін, жалақыларының жоғарылығын ескере отырып, шенеуніктер губернатор қызметін жеке басының мүддесіне пайдалануды көздеді деуге болады.
Сонымен, Түркістан өлкесін басқарған жоғары басқару аппараты шенеуніктердің қысқаша әлеуметтік келбеті мынадай. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы – 2-класты, толық генерал шеніндегі, әскери губернаторы – 3-класты генерал-лейтенант шеніндегі, орташа жасы 50-60 жас аралығында, басым бөлігі жоғары білімді мемлекеттік шенеунік. Олардың тек біреуінде барон титулы, төртеуінде генерал-адъютант атағы бар. Губернаторлардың барлығы дерлік дворян тегінен шыққан православия дініндегі орыс ұлтының өкілдері. Сондай-ақ, Түркістан өлкесін басқарған губернаторлардың кәсіби деңгейі олардың басқару саясатының бағытын белгілеуде маңызды рөл атқарды.
--------------------------------------
-
Кесте 1. Полянский К. Памяти К.П. фон-Кауфмана. - СПб.,1913,-15 с; Пропащин А. Генерал; Туркестанские ведомости,-адъютант К.П. фон-Кауфман 1-й как устроитель Туркестанского края (1867-1882) - Т., 1913, - 157 с; Кауфманский сборник. - М.,1910,- 247 с; Альманах современных государственных деятелей. - СПб.,1897. - 1250 с.- с.141-142, 563, 566, 575-576, 1230-1231; Туркестанский сборник. - Т.,1883, - т.159,-с.134-137; Туркестанские ведомости, - 10 мая,1901, - №37; -23 мая, 1904, - №69; - 26 июля, 1616, - №162; ӨР ОММ. И-1 қ.,33-т., 294-іс, 312-317-пп; 297-іс, 147-160-пп; 299-іс, 8-18-пп; 303-іс, 1-14-пп; 319-іс,118-132-пп; 321-іс, 288-пп; 323-іс, 75-86-пп; 328-іс, 156-165-пп; И-1009-қ., 1-т., 33-іс, 85-88-пп; 52-іс,179-190- пп; 71-іс, 67-79-пп
-
Кесте 2. Альманах современных государственных деятелей…с.663-664; Туркестанские ведомости, - 5 марта, 1913, - № 49; ӨР ОММ. И-1-қ.,33-т., 303-іс.,117-124-пп; 305-іс, 99-108-пп; 325-іс,191-200-пп; ҚР ОММ. 44-қ., 1-т., 5161-іс, 2-п
-
Кесте 3. Альманах современных государственных деятелей…с.580-581,680,917-918; Туркестанские ведомости, - 13 мая, 1901, - №38; ӨР ОММ. И-1-қ., 33-т.,296-іс, 53-58-пп; 297-іс, 147-160-пп; 319-іс, 147-148-пп; 323-іс, 256-265-пп; И-1009-қ., 1-т., 71-іс, 67-79-пп
-
Кесте 4. 1, 2, 3 кестелер бойынша жасалды
-
Кесте 5. 1, 2, 3 кестелер бойынша жасалды
-
Лысенко Л.М. Губернаторы и генерал-губернаторы Российской империи 18 - нач.20 в. - М.,МПГУ., 2001. - 358 с.
-
Кесте 6. 1, 2, 3 кестелер бойынша жасалды
-
Рубакин И.А. Россия в цифрах. - СПб., 1912, - 405 с.
-
ӨР ОММ. И-1-қ., 7-т., 564-іс.
Достарыңызбен бөлісу: |