Бақыт - алда тұрған арман, мақсат.
Сабақтың мақсаты: Бақыт ұғымының шексіздігін ұғындыру. Бақытты бағалауға тәрбиелеу.
Міндеті: Өмірдегі жақсы-жаманды ажырата білуге үйрету. Бақытқа жетелейтін адам бойындағы қасиетті қалыптастыру.
Типі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі : Адамгершілік құндылықтар мен түсініктерді үйрету технологиясы
Көрнекілігі: интерактивті тақта, әуен, бейне көрініс.
Сабақ барысы:
І. Шаттық шеңбері
Қане, оқушылар ортаға шеңбер құрып, бір-бірімізді таныстырып, бүгінгі сабағымызға өз тілегімізді айтайық.
-
Жақсы, осы айтылған тілектеріңіз қабыл болсын деп, мен сіздерге сәттілік тілеймін.
ІІ. Мен ( визуализация) - жаттығу
Қане, барлығымыз өзімізді біреудің, қызы, біреудің ұлы, оқушы, аға, әпке, бауыр, досы, құрбысы, т.б. рөлдерге қойып ойнайық. Қай рөлге қойғанда өзіңді бақытты сезінесіңдер?
-
Жақсы, міне көрдіңіздер біреу апасы, біреу анасының қызы, баласы, бауыры болғанда бақытты сезінеді. Ал енді осы бақыт сөзінің түсінігін анықтайық.
-
Бақыт дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Дұрыс бақытты әр адам өзінше, өз қалауынша қабылдайды.
-
Ал, осы бақыт сөзіне мағыналас сөздерді айтайық.
-
Жақсы, дегенмен, оқушылар өмірде жақсылық пен жамандық, ақ пен қара , түн мен күн барлығы қатар жүреді. Бақыт сөзіне қарама-қарсы қандай ұғымдар бар.
Оқушылар қалай ойлайсыңдар бақытты адамның артықшылығы?
Бақыт сонда бізге не сыйлайды.
-
Дұрыс, бақыт бізге қуаныш, достық, байлық, денсаулық т.б. сыйлады.
-
Бақыт сөзінің кемшілігі?
-
Дұрыс, адамдардың өз бақытын бағаламауда.
-
Кәне, оқушылар бір сәтке ойланып көрейік.
ІІІ. Тыныштық сәті.
Бақыт деген не өзі?
«Бақыт деген не өзі?» деп, бастады топ таласты.
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: «Бақыт деген – барлық, байлық емес пе?
Керегінше киіп ішсең бақыттысың демес пе?»
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой.
Жұрттан гөрі жүрсең ирек, сонын өзі жақсы ат қой.»
Бірі айтады: «Бақыт деген – жүйрік мініп, той тойлау.
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карта ойнау.»
Бірі айтады: «Бақыт деген – адал жар мен перзент қой.
Ынтымаққа ырыс келген, ол да соған ермек қой.»
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым.
Бақыт, адам баласына келмес оңай, соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар, тыңдап сол бір жақұтты,
Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты.
-
Бақытқа жетелейтін не нәрсе ?
-
Міне, көрдіңіздер ме?
-
Бақыт - адам бойындағы баға жетпес сезім.
-
Бақыт - алда тұрған арман, мақсат.
ІV. Өзіммен - өзім сәті.
Ендеше армандайық. Оқушылар өздерің мен өздерің оңаша ойланып, «Армандар бағына» саяхат жасайық. Өз армандарыңызды бір бетке бейнелеңіздер. Міне, оқушылар біздің арманымыз осындай. Aл енді әлем балаларының арманын көрейік.
V. Бейнекөрініс.
-
Міне дамыған Европа елінің баласымен, көп жылдар аралығында басқа елдің отары болған Африка елінің балаларының арманы. Осы екі көрініске қарап отырып, өзіміздің арманымыздың биік, асқақ екендігін және де бейбіт, тыныш дамыған елдер қатарына енген тәуелсіз елде өмір сүріп отырғанымызды мақтан етуіміз керек.
-
Ендеше осындай бейбіт, тыныш өмірге қалай қол жеткіздік?
-
Дұрыс айтасыңдар ата-бабамыз, батырларымыз жерім, елім аман болсын, ұрпағым бейбіт өмір сүрсін деген арман жетегінде бізге бейбіт өмір сыйлады.
-
Оқушылар, біздің елімізде қандай елеулі мереке тойланғалы отыр?
-
Дұрыс айтасыздар. Ұлы жеңіске 65 жыл. Ал енді осындай бейбіт заманда бақытты өмір сүру үшін мемлекет бізге қандай қамқорлық жасап отыр.
-
Міне, көрдіңіздер ме? Мемлекетімізде Ана мен бала құқығы қорғалады, Халықаралық бала құқығын қорғау конвенция, Балаларды қорғау декларация, білім алу, тегін емделу, шет елдерде оқу.
Біз өз мүмкіншілігімізді қай салада болса да көрсете аламыз. Біздің мүмкіндігім зор. Сондықтан да біздің алдымызда айқында, анық мақсат болу керек, Біздің мақсатымыз: білім алу. Білім заңының 47 бабында: «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі көрсетілгендей
Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруде ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
Осы міндетті іске асырсақ мақсатымыз орындалады.
-
Ендеше бүгінгі сабақтың дәйек сөзін Әбу-Насыр Әл-Фараби сөзімен алсақ: «Бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында» деген екен.
VІ. Жүректен –жүрекке.
Оқушылар барлығымыз да бақытты болуға жаралғанбыз. Ендеше, өз бақыттарыңызды бағалай отырып, лайым бақытты болайық.
Достарыңызбен бөлісу: |