Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: «Жол белгілері және оның мақсаттары» Мақсаты



бет1/3
Дата19.03.2024
өлшемі43 Kb.
#496088
  1   2   3
Жол белгілері және оның мақсаттары


Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жол белгілері және оның мақсаттары»
Мақсаты: Оқушаларды жол ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, жол белгілермен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, жол апатынан сақ болуға үйрету.
Көрнектілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, жол белгілері, оқушылар салған суреттер т.б.
Оқушы: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Біздің қаламызда, еліміздің барлық қала, ауылдарына – бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Осы мақсатта 6 ә сыныбының «Жол белгілері және оның мақсаттары» атты тәрбие сағатығымызды ашық деп жарниялаймыз.
Оқушы:
Біз тұратын қаланы
Байқар болсаң егерде
Оны әбден болады
Әліппемен теңеуге
Көшелері көлбеген
Құпия әр бұрышы
Ойлап көрсек – ол деген
Сабақтың ең дұрысы
Құтты боп әр қадамың,
Күлсін десең әр күнің,
Әліппесін қаланың
Ә дегеннен біліп ал!
Оқушы:: Біздің тәрбие сағатымыз екі топтың арасында сайыс түрінде өтеді.
Оқушы: Ендеше сол топтарды ортаға шақырайқ
1. «Бағдаршам» тобы. Топ басшысы - Дильшат
2. «Жол сақшылары» тобы. Топ басшысы – Шыңғыс
Оқушы:: Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады
1 – кезең. «Жол ережелері»
2 – кезең. «Жол белгілері»
3 – кезең. «Көше көмекшілері»
4 – кезең. «Көшедегі кездейсоқ жағдайлар»
5 – кезең. «Топ басшылар сайысы»
Оқушы: Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.
Оқушы: 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет