Сабақтың мақсаты: а Білімділік



Дата09.07.2016
өлшемі3.69 Mb.
#186410
түріСабақ


Тақырыбы: «Презентация құру техникасы: слайдты безендіру және шаблон»
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Презентация құру кезіндегі жалпы шараларды жүзеге асыру жолдарын қолдану арқылы оқушының білі, білік дағдыларын қалыптастыру. Слайдты безендіру жолдарын және презентация құру кезіндегі шаблонды пайдалану жолдарын жүзеге асыру. Ms Power Point бағдардарласында жұмыс істеу әдістеріне оқыту, презентация құрудың тиімді тәсілдеріне үйрету

ә) Дамытушылық: Презентация құру барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тез және дұрыс шешім қабылдауға, компьютерлік бағдарламаларды өз қажетіне пайдалана алуға үйрету.

б) Тәрбиелік: Оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін, адамгершілігін қалыптастыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ үлгісі: Құрамдас сабақ
Сабақ түрі: Дәріс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Power Point бағдарламасы, «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық», тірек сызбалар, үлестірмелі қағаздардағы тапсырмалар.
Сабақтың жоспары:
1. Сабақты ұйымдастыру;

- студенттермен сәлемдесу;

- олардың сабаққа қатысын және аудиторияның әзірлігін тексеру. 2 мин.

2. Үй тапсырмасын тексеру (тізбекті әдіспен, эстафеталық сұрау, бақылау әдістерімен, жағдайды шешу жолымен және басқа да әдістермен). 15-20 мин.

3. Әңгімелесу әдісімен тірек білімін өзектендіру. 3 мин.

4. Жаңа материалды оқып үйренуге логикалық көшуді қамтамасыз ететін оқу қызметін негіздеу. 3 мин

5. Тақырып пен жоспарды хабарлау, мақсат қою. 2 мин.

6. Материалды баяндау (мазмұндау) және білімді бекіту (өз бетімен жұмысты ұйымдастыру). 51-56 мин

7. Оқып үйренетін материалды жинақтап қорыту және жүйелеу. 4 мин.

8.Сабақ қорытындысын шығару және студенттер қызметін бағалау. 3 мин.

9. Үй тапсырмасын хабарлау. 2 мин.

І. Сабақты ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдаланып «Power Point бағдарламасы туралы жалпы түсінік. Power Point интерфейсі» тақырыбында үй тапсырмасын тексеру.


ІІІ. Microsoft Power Point бағдарламасында презентация құру техникасын орындай отырып, мәліметтердің реттелген күйін ұсыну арқылы ақпаратты жүйелеуге мән беру. Мәтіндік ақпарат пен презентациялық (слайдты) ақпаратты салыстыру, артықшылықтарымен кемшіліктерін айқындау.
ІV. Power Point бағдарламасы мәліметтермен жұмыс жасау барысында оларды ретті түрде ұсынуға мүмкіндік береді. мысалы: презентация күйінде берілген ақпарат қарапайым мәтіндік ақпаратпен салыстыру кезінде артықшылыққа ие болады. Презентация әр түрлі салада кеңінен қолданылады. Презентацияны тиімді пайдалану үшін оны құруда белгілі бір заңдылықтарды қолдана білу қажет. Мысалы оның көркемделуі, пайдаланушыға тиімділігі т.б.
V. Оқушы білуі керек:

  • PowerPoint бағдарламасында презентация құру жолдары, техникасы

  • презентация құрудың тиімді тәсілдерін

  • конструктор мен шаблондарды пайдалану

  • слайдтарды безендіру

Оқушы істей білуі керек:

  • PowerPoint бағдарламасында презентация құрудың алғышарттарын.

  • PowerPointте жаңа презентация қолданбалы түрде жасауды

  • Безендіру қалыптарын қолдануды

  • Түстер фондарын қолдануды


VІ. Материалды баяндау (мазмұндау) және білімді бекіту (өз бетімен жұмысты ұйымдастыру).
Презентация құру үшін PowerPoint бағдарламасын іске қосамыз. Экранда бағдарлама терезесі пайда болады. Презентацияны ашу барысында пайда болатын слайд
2 толтыру өрісін қамтиды: 1. Тақырыпты толтыруға арналған, 2. Тақырып бөлімін толтыруға арналған. Слайдтағы толтыру өрістерінің реттілігін Макет деп атайды.

Слайдты құру барысында макетті бірге таңдау үшін Главная қазынасындағы Слайдтар өрісінен Создать слайд батырмасын басып қажетті макетті таңдау жеткілікті, ал жасалынған слайдтың макетін өзгерту үшін Главная қазынасындағы Слайдтар өрісінен Макет батырмасын басып қажетті макетті таңдау керек.



1. Әрбір макет үшін құрылған жобаның атын анықтайды.

2. Түрлі түсті белгішелермен көрсетілген толтыру өрістеріндегі белгішелерді басу арқылы сурет, мәтін т.б. нысандар енгізуге болады.

3. Жаңадан слайд құру үшін керекті макеттің үстіне басу жеткілікті.

Егер жаңадан құрылатын слайдқа алдыңғы үлгідегі макет қажет болатын болса Создать слайд батырмасының үстіне басу жеткілікті.

Презентация құрудың келесі әдісі Шаблондарды пайдалану. Ол үшін Office батырмасы – Создать – Установленные шаблоны – (керекті шаблон тізбесі) командалары орындалады.

Керекті слайд тізбектері анықталғаннан кейін оларға әртүрлі деңгейде көркемдеу жұмыстары жүргізіледі: слайдтың тақырыптық түстерін анықтау немесе фонның стилдерін өзгерту. Бағдарламада негізгі көркемдеу әрекеті Дизайн қазынасы арқылы жүргізіледі.


PowerPoint 2007 презентацияның өңін өзгерту үшін бірнеше тақырыптық түс ұсынады. Тақырыптық түс (Тема) безендірудің сыртқы пішімін анықтайтын элементтер жиынтығы. Тақырыптық түс беру үшін бар болғаны оны белгілеу жеткілікті.

Таңдалынған тақырыптық түсті алдын-ала дайындалған басқа түстер арқылы дизайнды сақтай отырып өзгертуге мүмкіндік алынады. (Тақырыптық түс қоюға арналған бейнематериал көрсетіледі.)
Тақырыптық түс презентацияны безендіруде шектеулі мүмкіндіктер береді. Безендірудің кеңейтілген түрін пайдалану үшін Дизайн қазынасының Фон өрісін таңдау қолайлы. Ол арқылы құжаттың безендірілуі толыққанды өзгертуге мүмкіндік алынады.

Фон өрісі-Стили фона-Формат фона командалары

Фон пішімі сұқбат терезесінің элементтері






(Фон пішімін суретке алмастыру әрекеті бейнематериал арқылы көрсетіледі.)


Презентацияны көркемдеу, безендіру әдісіне әртүрлі нысандарды (суреттер, фигуралар, SmartArt, WordArt, бейнеролик, дыбыс) енгізу және анимациялық эффектілер беру жатады.
PowerPoint бағдарламасының негізгі мүмкіншілігі жасалынған құжатты пайдаланушыға көркем безендірілген күйде ұсыну болып табылады. Дайын өнімді ұсыну үшін Показ слайдов қазынасы қолданылады.




Презентацияны безендіруге қойылатын талаптар:

  • Төменгі шрифт мөлшері 24 пт кем болмау керек.

  • Бір-біріне сәйкес келетін түстер болмау керек. Мәтін анық оқылу қажет.

  • Экранның максималды кеңістігін пайдалану керек.

  • Мүмкіндігінше экранның жоғарғы ¾ аумағын пайдалану қажет.

  • Бірінші слайд жұмыстың атауын және жоба авторының мағлұматтарын қамту қажет.

  • Әрбір слайд белгілі бір атаумен көрсетілу керек. Тақырып соңында нүкте қойылмайды.

  • Бас әріппен жазылған сөздерді тек қысқа тақырыптарда қолдану керек.

  • Слайдта 5-6 қатардан артық және әр қатарда 5-7 сөзден артық жазбауға тырысу керек.

  • Слайдты анимациялық эффектілермен көп толтырмаңыз. Слайдтан слайдқа көшуді бір анимациялық эффектімен берген дұрыс.

  • Слайдта 3-4 түстен көп түс пайдаланбаңыз.

  • Мәтіндегі маңыздылардың астын сызып көрсету керек.

  • Бірнеше слайдтағы бір элемент барлығында да бірдей түспен көрсетілу керек.

  • Соңғы слайдқа белгілі бір қорытынды жасалу қажет.


Оқушыларға жаңа материал бойынша топтық тапсырмалар беріледі.

  1. «Менің мамандығым.»

  2. «Бас қала – Астана»

  3. «Сүйікті қала – Оралым» тақырыптарында презентация құрып, оны әртүрлі дизайнда көркемдеу, безендіру.


VII. Бекіту сұрақтары:

  1. Слайд құру қандай батырма арқылы жүзеге асырылады?

  2. Құжатқа фон түсін қалай береді?

  3. Дизайн қазынасы қандай қызмет атқарады?

  4. Шаблонды қалай пайдаланамыз?

  5. Слайдқа суретті фон есебінде алу үшін қандай әрекет орындалады?

  6. Презентацияны ұсыну үшін қандай қазына қолданылады?


VIII. Сабақ қорытындысын шығару және студенттер қызметін бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма: «Презентация құру техникасы: слайдты безендіру және шаблон»

Тақырып бойынша қосымша материалдар жинақтап, шығармашылық жұмыстармен жұмыстану.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет