Сабақтың мақсаты: ата-аналардың интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану, балалардың ойынға тәуелділігін жеңу дағдыларын дамыту



бет1/8
Дата21.12.2023
өлшемі265.68 Kb.
#487237
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
құмар ойыны


«Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны»
Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай еңсеруге болады


Сабақтың мақсаты: ата-аналардың интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану, балалардың ойынға тәуелділігін жеңу дағдыларын дамыту.


Міндеттері:
1) балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің алдын алу мәселелеріне қызығушылығын арттыру;
2) ата-аналардың онлайн ойындардағы қауіпсіздік, балаларды интернет-алаяқтардың қауіп-қатерлерінен қорғау мәселелері туралы түсініктерін кеңейту;
3) балаларды компьютерлік ойынға тәуелділіктен қауіпсіз қорғау дағдыларын қалыптастыру.


Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: қарым-қатынас, компьютерлік ойындарға деген құштарлықтың алдын алу, өзара сыйластық, денсаулық мәдениеті, гигиенаны сақтау, позитивті ерік.


Жоспар
I Кіріспе бөлім
II. Негізі бөлім
1. Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің түрлері.
2. Компьютерлік ойындардың негізгі мәселелерін, салдары мен мүмкіндіктерін талқылау.
3. Интернет кеңістігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
III. Қорытынды. Ұсыныстар


Күтілетін нәтижелер:
– Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің алдын алу мәселелеріне ата-аналардың қызығушылығы артады.
– Ата-аналардың интернетті жауапкершілікпен, әдепті түрде және қауіпсіз пайдалану мәдениеті қалыптасады.
– Топта әртүрлі жағдайларда жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.


Ресурстар: презентациялар, бейнежазбалар, бағандар, маркерлер, A3 және A4 парақтары, қаламдар.


Жұмыс форматы: тренинг элементтері бар сабақ.


Әдістері: пікірталас және ми шабуылы.


Сабақтың ұзақтығы – 60 мин.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет