Сабақтың тақырыбы: Туған – туысқандар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақтың әдет – ғұрпын оқушылардың бойына
сіңіру. Олардың тек ата – анасын, бауырларын біліп
қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа
нағашы, қайын жұрты болатынын ұғындыру.
Тәрбиелік: өз елін, ата – анасын, жора – жолдастарын,
туған – туыстарын сыйлай білетін азамат
тәрбиелеу, адамгершілік тәрбие беру.
Дамытушылық: олардың туыстық жақындығын түсіндіру
арқылы туыстарға деген қарым – қатынасты
дамытуға, оқушылардың ой - өрісін дамуына жағдай жасау.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: деңгейлеп саралап оқыту
Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, сөйлеу арқылы
ойларына көздерін жеткізу, топтастыру стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, плакаттар, сөзжұмбақ, сұрақ жазылған
парақтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Назарларын сабаққа аудару.
3. Топтарға бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І топ. «Отбасы – шағын қоғам» мәтіні бойынша түсінгенін айту.
ІІ топ. «Отбасы – шағын қоғам» тақырыбында жазған әңгімесін оқу.
ІІІ топ. Оқулықтағы сурет бойынша әңгімелеу.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
-
Отбасы дегеніміз не?
-
«Отбасы қоры» дегенді қалай түсінесің?
-
Отбасындағы «адамгершілік парыз» деген не?
ІV. Жаңа сабақ.
-
Үй тапсырмасымен байланыс.
Оқушы ойын толықтыру арқылы тақырыпты ашу.
-
«Туған - туысқандар» мәтінін түсіндіру.
а) Жігіттің үш жұрты.
ә) «Өз жұрты» дегенді қалай түсінесің?
б) «Нағашы жұртқа» кімдер жатады?
в) «Қайын жұртқа» кімдер жатады?
3. Топпен жұмыс.
І топ. 1. Өз тобыңа сәйкес түсіндір.
2. Жиен деген кім?
ІІ топ. 1. «Нағашы жұрт» деген кімдер?
2. Нағашы қандай туыс?
ІІІ топ. 1. «Қайын жұрт» дегенді қалай түсінесің?
2. Құда деген кім?
4. Оқушылардың логикалық ойын дамытатын сөзжұмбақ шешкізу.
- Менің апайымның күйеуі, маған кім болады?
- Менің інімнің қайын атасы, маған кім болады?
- Менің апайымның баласы, менің балама қандай туыс?
- Оның әжесі – менің шешемнің анасы.
Сонда ол маған қандай туыс?
- Оның шешесі – менің апайым.
Сонда ол маған қандай туыс?
5. Нағашы, жиен, бөле туралы мақалдарды оқып, мазмұнын талдау.
1. Қала жақсы болмағы ағашынан,
Бала жақсы болмағы нағашыдан.
2. Төрт аяқтыда бота тату
Екі аяқтыда бөле тату.
-
Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды.
-
Ағасы бардың жағасы бар
Інісі бардың тынысы бар.
V. Жаңа сабақты бекіту.
Топтастыру стратегиясы бойынша қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма.
Мәтінді оқып мазмұндау. Нағашы, бөле туралы әңгіме жазу.
VІІ. Бағалау.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |