Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әдеби тіл және мемлекеттік тіл туралы түсінік қалыптастыру, «Тіл туралы» заң туралы мағлұмат беру



бет7/8
Дата15.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#136297
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: 236-жаттығу

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Сөздердің байланысу тәсілдері туралы алған білімдерін тереңдету, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту

тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, пайымдылыққа, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу

дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөйлемдегі сөздердің байланысын ажарата білуін дамыту

Сабақтың типі: пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, талдау, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 233-жаттығуға синтаксистік талдау жасап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын дәптерлерінен тексеремін.

Қосымша сұрақтар:



  • Сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері дегеніміз не?

  • Түрлерін ата

  • Мысал келтір.


ІІІ. Өткен сабақты пысықтауға арналған жаттығу жұмыстары
1-тапсырма

Төмендегі сөйлемдегі сөздердің тіркестерін анықтап, байланысу тәсілдерін ажыратыңдар.


Машиина үшін мен жауап беремін. Келген қоныстанушылардың аттары оған өлең сияқты естілді. Болашақ қаланың көшелері төрт пәтерлі жалғыз қабат ағаш үйлерден тізіле бастады. Мәтібұлақ! Бұл – картаға түспеген жер. Бұл жерге жаңа сатық шаруашылығы орнады. Жібек – сауыншы.
2-тапсырма Өзіндік жұмыс

Бірінші топтағы сөздерді екінші топтағы сөздермен ыңғайына қарай сөз тіркесіне айналдырып, қандай тәсілмен байланысқанын айт.




  1. Жазық, бөлінген, мұны, баланың, мамндыққа, көпір арқылы, өндірістік, біз, үйге шейін, машинамен, жұмыстан.




  1. Үлескі, дала, естіген, баулу, бас агрономы, бригада, өту, жүгіру, құрылысшымыз, бару, келу.



3-тапсырма Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
Бізге орыс әдебиетінен бір жас мұғалима сабақ берді. Бір күні ол сабақ үстінде маған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендерін» дауыстап оқытты. Өзге балалар ұйып тыңдап отырды. Сабақта біз оны оқып тауыса алғамыз жоқ. Содан бастап менің ермегім тек қана кітап болуға айналды.
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау, көрскем әдебиеттен 5 сөйлемге синтаксистік талдау жасап келу

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөз тіркесі туралы алған білімдерін тереңдету, есімді және етістікті тіркес туралы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, кісі еңбегін бағалай білуге, адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорларын дамыту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіңс-тәсілдері: Түсіндірмелі, талдау.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ


ІІІ . Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма

Берілген сөйлемдерден сөз тіркестерін тауып, сөз тіркесінің түрлеріне ажырату


Бүкіл бір квартал жерді баспахана алып жатыр. Барлық газет-журналдар мен кітаптар осында басылып шығады. Біз баспахананың ішіне кіріп көрдік. Ақшыл бояумен боялған терезелердің ар жағында шамдар жарқырап жанып тұр. Кең бөлмеде зырлаған машиналар, кісілер көрінеді. Тоқсаусыз жүріп жатқан еңбек үні естіледі. Сол газеттерді баспахана жұмысшылары жеті қараңғы түнде басып шығарады.

2-тапсырма

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау


Тымырсық ауа мен ауыр ескек оны әбден қалжыратты. Енді ол мүлде тынышсыздана бастады. Жаңа ғана мөлдіреп жатқан аспан әлемінде енді ағыл-тегіл бұлттар көше бастады. Баланы асықтырып отырған қарт енді ескекті өз қолына алды. Ауыр жүк тиелген үлкен қайық жағаға қарай жөнелді. Қарт бір ескекті тастай салды да, орындығының астынан шекпеніні алып киді.

3-тапсырма

Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау


Абай осы жолы қалада көп жатты. Оқуға балаларын орналастырған алғашқы жылында олаарды қимай жүргені де болады. Күз бойы, қыстың ортасына шейін Гоголь атындағы кітапханада күн ұзын отырады. Кей кештерде өзі оқыған романдардың қызықтарын Баймағамбетке әңгіме етеді. Оның айтуы арқылы Баймағамбет те көп әңгіме жиып жүр.

ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: 6 сөйлемге талдау жасау



Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Матасу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөз тіркесінің құрылысы туралы алған білімдерін тереңдету, түрлерімен таныстыру, матаса байланысқан сөз тіркесі туралы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндері арқылы оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны аялай білуге, денсаулықтарын сақтауға, қайырымдылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорларын дамыту, сөз тіркестерін ажырата білуге машықтандыру

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіңс-тәсілдері: Түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-жауап


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ

Сөз тіркесінің құрылысы байланысу түрлеріне қарай мынадай:



  1. матаса байланысқан сөз тіркесі

  2. меңгере байланысқан сөз тіркесі

  3. қабыса байланысқан сөз тіркесі

  4. жанаса байланысқан сөз тіркесі

Бірнеше зат есім немесе заттанған сөз ілік септік жалғауында, екінші сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесін матаса байланысқан сөз тіркесі дейміз.

Матау – есімді сөз тіркесі.

Оқушының жабдығы, қаланың халқы, онның бірі, әкесінің баласы, жазушының қасиеті, менің әдетім.
Кейде ілік септік жалауы түсіп қалады.

Ауыл малы, ақын өлеңдері
Кейде тәуелдік жалғауы түсіп қалып қолданылады.

Біздің бала, сіздің үй.
ІІІ . Жаңа сабақты бекіту
248-жаттығу


  1. Мәнерлеп оқу

  2. Түсіндіру

  3. Матаса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазу

  4. Мәтіннен І.с. жалғауы түсіп қалған сөздерді өзі байланысқан тәуелдік жалғаулы сөзбен бірге теріп жазу


249-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу

2. Аңшы достарымен әңгіме иесінің неліктен кездеспей кеткенінен болжам жасау

3. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

4. Сөз тіркесінің байланысу түрлерін ауызша ажырату


250-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу

2. Әңгіме мазмұнын түсіндіру

3. Матаса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазу
ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:

250-жаттығу, соңғы азат жол:

2 сөйлемге синтаксистік талдау,

1 сөйлемге морфологиялық талдау



Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Матасу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөз тіркесінің құрылысы, сөз тіркесінің байланысу түрлері жайлы алған білімдерін тереңдету, матасу туралы білімдерін нығайту

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, сөздердің байланысу тәсілдерін ажырата білуге машықтандыру

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, эссе, кітап-дәптермен жұмыс

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырамысын сұрау
Үйге 250-жаттығудың 2-азат жолы бойынша матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып, жазып келуге берілген болатын.

Үй тапсырамсын тексеремін.


Қосымша сұрақтар:

  • Матасу дегеніміз не?

  • Матасудың өзіндік ерекшеліктері неде?

  • Жасырын тұрған қосымша арқылы жасалған матаму түріне мысал келтіріңдер.


ІІІ. Өткен сабақты пысықтауға арналған жаттығу жұмыстары
251-жаттығу


  1. Мәтінді мәнерлеп оқу

  2. Мазмұндау

  3. Тақырыпты ашу

  4. Матаса байланысқан сөз тіркестерін табу


2-тапсырма

Бозторғай

Бозторғай өзінің туысы қараторғаймен көрші тұрады. Ертелі-кеш ән салып, көңілін көтереді. Қараторғайдың да шиқылдап бірсыдырғы ыңылдайтын «өнері» болатын. Бозторғайдың өнерінен кейін қараторғайдың шиқылы аяқ асты болып, ескерусіз қалды.

3-тапсырма Матаса байланысқан сөздерді тауып, көшіріп жаз.
Наурыз – діни мейрам емес, жалпы халықтық мереке. Наурыз – табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. Адамдар бұл күні «бәріміз де табиғат перзентіміз, оны аялайық, бергеніне риза болайық» дейді.
4-тапсырма Өзіндік жұмысы
«Көктемнің алғашқы мерекесі» тақырыбына эссе эазу
ІҮ. Қорытынды


Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Меңгеру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөз тіркесінің байланысу түрлері жайлы алған білімдерін тереңдете отырып, меңгеріле байланысқан сөз тіркестері туралы білім беру

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы оқушыларды әдебиетті, өнерді сүюге, көрсем, білсем деген құмарлыққа, қолда бармен шектелмей, жан-жақты болуға талпынуға тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, сөйлемдерді талдай білу машықтарын қалыптастыру

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, өзіндік жұмыс, ойтолғау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
Б.с., Т.с., Ж.с., Ш.с., К.с. жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркесі немесе меңгеру дейміз.

Меңгеру



Есімді меңгеру Етістікті меңгеру




  1. Алтын етікті де аяққа киеді. Жақсы – ісімен жақсы. Жанындағы досына, жақынына сену – адам баласының ең қымбатты қасиеті.

Т.с-де жасырын тұрып та қолданыла береді.



Шай ішу, нан илеу, ағаш кесу т.б.
Ән салу, ант ішу, зар илеу, ат қою
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
252-жаттығу

1. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін табу

2. Синтаксистік талдау жасау




Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды.
253-жаттығу


  1. Мәнерлеп оқып, негізгі ойды анықтау

  2. Септік жалғаулы сөздерді тіркескен сөздерімен теріп жазу


Түндерді өткізуші ем, кітаппен өткізуші ем, «Иллидадан бас көтермей» т.б.
254-жаттығу

Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін тауып, бағыныңқы, басыңқысын анықтау, сөз тіркестерінің түрлерін анықтау



Дүниеде жасамадым ба, адаммын деуге болады.



Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті халықтың әдет-ғұрпы мен тіл өнерінде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тіл мәдениеті, тіл тазалығы туралы түсінік беру, дұрыс жазу, сөйлеуге, қосымшаларды нормаға сай орынды қолданып, ұтымды сөйлей білуге үйрету

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы халықтық дәстүр, салт-сана, сөз өнерін қрметтеуге, дұрыс, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Мәнерлеп оқып, мәтінге өз көзқарасын жеткізе білуін, ойын, тілін дамыту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, талдау


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ
Тіл мәдениеті деп - сөйлегенде, жазғанда тіл құралдарын ( сөз, сөз тіркесі, сөйлем) дұрыс қолдануды айтамыз.

Олқылықтары:



  • басқа тілді араластырып сөйлеу

  • қосымшаларды дұрыс қолданбау

  • сөз аяғын жұтып қою

  • керексіз қыстырма сөздерді жиі пайдалану


ІІІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығу жұмыстары
298- жаттығу Ауызша


  1. Мәнерлеп оқу

  2. Мазмұндау

  3. Теңеу сөздердің мәнін ашу

  4. Қарашаштың өлгенін Жиренше қалай білді?


299-жаттығу
1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Исатайға сипаттама беру

3. Сөз тіркесінің түрлеріне талдау
300-жаттығу

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Әбдірахман туралы не біледі?

3. Тапсырма бойынша жұмыс

4. Синтаксистік талдау жасау
ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Оқу

2. ауыз әдебиеті үлгілерінен үзінді жаттау




Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті халықтың әдет-ғұрпы мен тіл өнерінде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Халықтың әдет-ғұрпы мен шешендік сөздерінің, халықтың ауыз әдебиетінің тіл мәдениетін қалыптастырудағы орны жайлы алған білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: Оқушыларды парасаттылыққа, достық, жолдастық қатынастарды құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың ойын, қиялын, тілін, сөздік қорын дамыту

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: Жұмбақ сайысы, мәнерлеп оқу, талдау, ауызша тіл дамыту


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге шешендік сөздер жаттап келуге берілген бюолатын. Үй тапсырмасын сұраймын.


ІІІ. Өткен сабақты пысықтауға арналған жаттығу жұмыстары
292-жаттығу

1. Жұмбақтарды мәнерлеп оқып, шешуін табу

2. Жұмбақ мәтінінің құрамында кездесетін бейнелеуіш сөздерге мән беру, олардың көркемдегіш қызметін аңғару

2-тапсырма

Үйге жұмбақ жаттап келуге берілген болатын. Үш қатардың оқушылары бір-бірімен жұмбақ айтып, шешуін тауып жарысады.


293-жаттығу


  1. Мәтінді мәнерлеп оқу

  2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау


294-жаттығу Ауызша


  1. Мәнерлеп оқу

  2. Әңгімелеу

  3. «Азамат» сөзінің қандай жағдайларда қолданылатынын анықтау

  4. Жиреншенің төрт жасар баласын «азаматым» деп атауының себебін түсіндіріңдер


295-жаттығу
1. «Байлық пен ақыл» және «Достық туралы» әңгімелерін мәнерлеп оқу

2. Мазмұнын әңгімелеу

3. Сөзге тоқтау, сөзден жеңілу деген сөздердің мағынасын ажыратып айту

4. Адамның сырт тұлғасын бейнелейтін сөздерді тауып, сөз таптарына, тұлғасына ажырату




ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Бағалау

Ү. Үйге тапсырма: 1. Оқу

2. Шешендік сөздерден үзінді жаттау




Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті халықтың әдет-ғұрпы мен тіл өнерінде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тіл мәдениеті, тіл тазалығы туралы түсінік беру, дұрыс жазу, сөйлеуге, қосымшаларды нормаға сай орынды қолданып, ұтымды сөйлей білуге үйрету

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы халықтық дәстүр, салт-сана, сөз өнерін қрметтеуге, дұрыс, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Мәнерлеп оқып, мәтінге өз көзқарасын жеткізе білуін, ойын, тілін дамыту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, талдау


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ
Тіл мәдениеті деп - сөйлегенде, жазғанда тіл құралдарын ( сөз, сөз тіркесі, сөйлем) дұрыс қолдануды айтамыз.

Олқылықтары:



  • басқа тілді араластырып сөйлеу

  • қосымшаларды дұрыс қолданбау

  • сөз аяғын жұтып қою

  • керексіз қыстырма сөздерді жиі пайдалану


ІІІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығу жұмыстары
298- жаттығу Ауызша


  1. Мәнерлеп оқу

  2. Мазмұндау

  3. Теңеу сөздердің мәнін ашу

  4. Қарашаштың өлгенін Жиренше қалай білді?


299-жаттығу
1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Исатайға сипаттама беру

3. Сөз тіркесінің түрлеріне талдау
300-жаттығу

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Әбдірахман туралы не біледі?

3. Тапсырма бойынша жұмыс

4. Синтаксистік талдау жасау
ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Оқу

2. ауыз әдебиеті үлгілерінен үзінді жаттау


Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасы – тауып сөйлеудің кілті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тіл мәдениеті жайлы алған білімдерін толықтыра отырып, сөз мағынасы, шешендік сөздер мен ұтымды сөздерді орынды қолдана білуге үйрету

Тәрбиелік: Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, адамгершілікке, ұстамдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын, шығармашылықпен жұмыс жасай білуін дамыту

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, жатқа оқу, мазмұндау, талдау, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге жаңылтпаш жаттап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын сұраймын.


ІІІ. Жаттығу жұмыстары

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасы – тауып сөйлеудің кілті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұтымды сөздер, жұмбақ, мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды сөйлеу мәдениетінек, дұрыс сөйлеп, сөздерді орынды қолдана білуге үйрету

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, пайымдылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту



Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жұмбақ, сұрақ-жауап, ойын, талдау, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге жаңылтпаш жаттап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын сұраймын.


ІІІ. Жаттығу жұмыстары
1-тапсырма Жұмбақ – мақалдар

Тамақ ішіп-жемесе адам семіре ме? – деп сұрайды Базарбай. Балалардың кейбіреулері «семіреді» десе, кейбіреулер «семірмейді» деп таласып жатыр.



  • Семірмек түгілі, тамақ ішпесе, адам өліп те қалады, - дейді Амантай. Оған да бір күлісіп алған балалар:

  • Шынында да қалай болады екен? – деп ойласып жатыр. Бұл сұраққа қандай мақал жауап береді?

Арымақ, семірмек көңілден,

Адам құлақтан азады,

Көңілден семіреді.




  1. Қандай ас тәтті?

Ағайынмен ішкен ас тәтті.

2. Аурудың жаманы не?

Жалқаулық жаман ауру


  1. Нені жасыруға болмайды?

Жамандық жасырылмас.

  1. Адамды көкке жеткізетін не?

Өнер адамды көкке жеткізер.

  1. Кім қартаймайды?

Халық қартаймайды.

  1. Ердің атын не шығарады?

Ердің атын еңбек шығарады.

  1. Ненің көркі не?

Сөздің көркі не? Мақал

Беттің көркі не? Сақал

Ауылдың көркі не? Қыз –ауылдың көркі.

Жігіттің көркі не? Өнер – жігіттің көркі

Өзен көркі не? Тал

Кісінің көркі не? Кішіпейілділік – кісінің көркі.



  1. Ненің түбі не?

Еңбек түбі не? Береке

Көптің түбі не? Мереке

Кәсіп түбі не? Нәсіп

Бейнет түбі не? Зейнет

Ынтымақ түбі не? Игілік

Тірлік түбі не? Бірлік

Ұрлық түбі не? Қорлық

Уайым түбі не? Тұңғиық

Тәуекел түбі не? Жел қайық.
2-тапсырма. Өлеңдерді қара сөзге айналдырып жазу.


  1. Отыруға уақыт жоқ үзбей жағып

  2. Қақты қанат жаңадан,

Кең даламда домбырам.

  1. Құмарланып сүюші еді,

Отанын балап жанына.

  1. Өкпемнен барады өтіп күзгі суық.

  2. Күресте жігіт емес беті қайтқан,

Еш қауіп жоқ жүрегін оның шайған.

  1. Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сароай салғызды.
3-тапсырма Бұларды кім дейді? Ауызша


  1. шешенің туыстары?

  2. Ағаңның жұбайы

  3. Әпкеңнің күйеуі, баласы (жезде, жиен)

  4. Шешеңнің апасының баласы

  5. Жездеңнің балдызы саған кім болады (апа)

  6. Сенің шешеңнің сіңлісінің жездесі саған кім болады? Ол алыс адам ба, жақын адам ба? (әке)


4-тапсырма Кім дұрыс түсіндіре алады?


  1. Жұмысқа илікпейтін, еш нәрсеге икемі жоқ адамды (оқтау жұтқан)

  2. Отбасынсыз жалғыз басты адам ( салт басты; салт атты, сабау қамшылы)

  3. Жөнімен істейтін істі бүлдіріп, қырып-жойып келетін адам. (шаш ал десе, бас алады)

  4. Қауіп-қатер ойлап сақтандыру ( сақтықта қорлық жоқ, жаман айтпай жақсы жоқ)

  5. Қалай істесе де ешбір жөні, қисыны келмейтін іс ( былай тартса өгіз өледі, былай тарса арба сынады)

  6. Көрге-білгенін жоққа шығарып, бар болса да жоқ дейтін адам ( аузын қу шөппен сүрту)

  7. Молшылыққа кездесіп, мол олжаға бату (шаша етектен бату)

  8. Біреуді өзіне тәуелді етіп алу (ашса алақанында, жұмса, жұдырығында)

  9. Мардымсыз іс, болымсыз тіршілік туралы ( құрыққа сырық жалғап)

Осы тіркестерді қатыстырып, сөйлем құрау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет