Сабақтың мақсаты: Білімділік: Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін арнайы енгізілген шама ток күші туралы түсінік беру



Дата12.07.2016
өлшемі121 Kb.
#195078
түріСабақ
Қарасақал Ерімбет атындағы № 96 мектеп




8 класс



Пән мұғалімі: Кәдірбаев Оңдаш


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бозкөл ауылы

Қарасақал Ерімбет атындағы № 96 мектеп




Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін арнайы енгізілген шама ток күші туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін , қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа ,алғырлыққа, жинақы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ,демонстрациялық

Сабақтың көрнекілігі: Кодоскоп, экран, амперметр, кілт, электр шамы, аккумулятор, плакаттар, суреттер, кестелер.

Сабақтың әдісі: Топтық, баяндау, сұрақ-жауап, ақпарат жинау, демонстрациялау, бағалау.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Қорытындылау

4. Жаңа сабақ өту

5. Жаңа сабақты бекіту

6.Оқушыларды бағалау мадақтау.

7. Үйге тапсырма беру


І. Сұрақ-жауап

1. Электр тогы дегеніміз не ?

2. Қандай құрылғыларды ток көзі деп атайды?

3. Электр тогының пайда болуыжәне ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарға нелер жатады?

4. Электр қозғаушы күш деп нені атайды?

5. Ток козінің шартты белгілері қандай?




ІІ. Ақпарат жинау: «Бинго ойыны»


Электр тогы дегеніміз не

Ампер қай елдің ғалымы?

Ток көзіне нелер жатады?

Ток көзінің шартты белгілері

Токтың магниттік әрекеті

Электр қозғаушы күш деп нені айтады?

ЭҚК-ң бірлігі қандай?

Бөгде күштер деп нені айтады?

ЭҚК-ң формуласы

Волта тұрақты ток көзін нешінші жылы ашты?

Генератордың полюстеріне қандай таңбалар қойылады?

Тұрақты ток көзін алғаш алған ғалым кім?

Токтың жылулық әрекеті

Токтың химиялық әрекеті

Токтың физиологиялық әрекетә



ІІІ.Жаңа сабақ
1. Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі.Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды.



2 І =q/t

Амперметр

1Ма =10-3 А


1 А = 1 кл/1с
3. Амперметр ток күшін өлшейтін құралмен тізбектей қосылады.

Амперметрдің шартты белгісі





4. Демонстрациялық кезең

Амперметрді электр тізбегіне қосу:

Тізбектің тармақталмаған әртүрлі учаскелеріндегі ток күшінің тұрақтылығын бақылау.Аккумулятор батареясынан, ажыратқыштан, екі лампыдан және амперметрден тұратын электр тізбегі құрастырылады.

Электр тізбегінің тізбектеп жалғастырылған барлық учаскелеріндегі ток күші бірдей болады және ол электр тізбегін құраушы приборлардың қандай ретпен қосылғанына байланысты емес екендігін көрсетеді.


5. Токтың магниттік әсері , яғни токтың өзара әсерлері.

Осы мақсатта екі станиол лентасын бір –біріне параллель орналастырып, олардың бойымен ток жүргізіледі. Ленталардағы токтардың бағыты бірдей болғанда олар бір –біріне тартылады, ал бағыттары әр түрлі болғанда бір-бірінен тебіледі.




Тұрмыстық приборлар

Ток күші


Қалта фонарының лампасында

Үстел үсті лампасында

Электр плиткада


0,25А

0,5 А




6.

7. Ампер-Андре Мари (1775-1836 ) өмірімен таныстыру

8. Жаңа сабақты бекіту

Кесте толтыру:


Физикалық шама

Белгіленуі

өлшем бірлігі

формуласы

Өмірде

Ток күші

І

1А,1мА, 1мкА, 1кА

І =q/t


Тұрмыста

Техникада

өндірісте

Ток күші сенің арқаң өмір сүргеніміз

Сабақ оқу, кір жуып кино көргеніміз.

Қымбат қылып бағаңды өсірсең де,

Қиналсақ та уақытыңда төлейміз біз

Елімнің жетістігі сенің арқаң,

Бай қылдың егініңмен, қылдың дархан.

9 . Оқушыларды бағалау, мадақтау

10Үйге тапсырма 30 Ток күші. Амперметр

Эксперименттік тапсырма: Үйдегі зертхана «Электр тогын қалай алуға болады



А) «Тізбек »деп аталатын маршрут

Б) Электр шамын патронына орналастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет