Білімділік:. өсімдіктер түрі көп болғанымен, негізінен бүкіл өсімдік үш
топқа бөлінетінін оқушыларлың жас ерекшелігіне лайықты деңгейде
түсіндіру;
Дамытушылық: өсімдіктер пайдасы және оны қорғау туралы ұғымдар беру, эстетикалық тәрбиеге негіз салу
Тәрбиелік:. оқушылардың жыл мезгілдеріне байланысты өсімдіктер тіршілігіндегі өзгерістерді бақылауына жағдай жасау,оқушылардың қоршаған орта туралы ұғымдарын дамыту.
Көрнекілік: Интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
1.Топырақ деген не?
2.Топырақтың құрамын ата.
3.Адамдар топырақты қалай пайдаланады?
4.Топыраққа нелер зиян келтіреді?
ІІІ.Кіріспе .
Табиғат деген не?
Тірі табиғатқа не жатады.
Сыныпта тірі табиғатқа жататын не бар.
Гүл ол неге жатады.
ІҮ.Жаңа сабақ.
Тірі организмдер өседі,дамиды және өледі.Өсімдіктер тұқымнан таралады.Тірі организмдер өскен сайын өзгереді.Ғалымдардың есептеуінше Қазақстанда 6000 өсімдіктің түрі бар.Шетелден әкелген 500түрі тағы бар.Өсімдік-табиғат байлығы, халық қазынасы болып табылады.
Өсімдікті біз үш топқп бөлеміз: ағаштар,бұталар,шөптер.
Таралу жолдары
Өсімдіктер жер шарына кең таралған. Олардың құрғақшылыққа төзімді вегетативті органдары бар және қолайсыз климаттық жағдайда өсуге бейімді. Олар жәндіктер арқылы тозаңданып, тұқымдары мен жемістеріжануарлар арқылы таралады.
Маңызы
Өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі.
қорек, әр түрлі тағамдар
дәрі-дәрмек
құрылыс материалы
баспана
әдемілік
мал азығы
отын, жылу береді
Ү.Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма.Өсімдік-тірі организм екенін дәлелде.
2-тапсырма.Ағаштарды қызыл түспен,бұталарды көк түспен, шөптерді жасыл түспен боя.
«Не қайда болады»тест.
Алма масақта
Дән шөпте
Шие бұтақта
Бақбақ ағашта
ҮІ.
Сайф Сарай: - “Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа…” - деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсінеді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде, олар олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып, хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді.