Менің мамандығым. Дыбыстардың үндесуі. Үндестік заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үндестік заңы тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Таңдаған мамандықтары бойынша ой бөлісу, өз ойларын қазақша жеткізуге, дұрыс сөйлем, сұхбат құрастыруға үйрету.
Дамытушылық: Қарым-қатынас жасау қасиеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: ұлтжандылыққа, достыққа, жауапкершілікке, бір-біріне кез келген уақытта қол ұшын беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, сұхбат жасау, түсіндіру, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, бейнематериалдары, кәртішкелер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Кезекшінің сөзі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
IIІ. Жаңа сабақ.Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Үндестік заңы – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолдануы.
Үндестік заңының 2 түрі бар:
-
Буын үндестігі (сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі)
-
Дыбыс үндестігі. (қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі.
Оның 3 түрі бар:
-
Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы.
-
Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың соңғысының өзінің алдындағы дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы.
-
Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.
-
Ереже бойынша мысалдар келтіріп, оқушылармен бірге талдау жасау.
Топпен жұмыс жасау. «Менің мамандығым»
Тапсырма:1. Берілген сұхбатты оқыңыз және мазмұнын орыс тіліне аударыңыз.
-Сәлеметсіздер ме! Қазақ тілі орталығы осында ма?
- Иә, осында. Сізге кім керек?
- Мен қазақ тілі орталығына жазылайын деп едім.
- Келіңіз. Отырыңыз. Мен атым Әлішер Нұғман. Мен осы орталығының директорымын.атыңыз кім?
- Мен Мартина Эчеварриямын.
- Қай жерденсіз?
- Мен Аргентинаданмын.
- Қазақстанда не істеп жүрсіз?
- Мен ғалыммын, тіл зерттеушімін. Қазақ тілін зерттеп жүрмін.
- Тақырыбыңыз қандай?
- Тақырыбым: «Күрделі етістіктер»
- Өте жақсы. Жасыңыз нешеде?
- Жиырма алтыдамын.
- Алматыда қайда тұрасыз?
- Абай даңғылы, 135 пәтердің нөмірі – 17
- Рақмет, сәрсенбі күні сізді күтеміз.
- Рақмет, келейін. Сау болыңыз.
2.«Кім жылдам». Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Тегі, аты-жөні кім?
2. Мартина қайдан?
3. Оның мамандығы қандай?
4. Ол Алматыда не істеп жүр?
5. Зерттеу жұмысының тақырыбы қандай?
6. Оның жасы нешеде?
7. Алматыда Мартина қайда тұрып жатыр?
3. «Жорға» - өз мамандығына байланысты термин сөздерді тауып, қазақша аудармасын айту.
Дегустировать, товар, айвовый сироп, покупатель, инфляция, тушенка, экономика, кредит, мощность, бегунок, ставки, процент, каменщик, налоги, творчество, кризис, предприятие, цена, рынок, воздвигать, лицензия, архитектура, доход, адаптор.
-
Жарнамалық ролик: «Менің мамандығым» (өз таңдаған мамандығын сипаттау)
-
Рольдік ойын:
1 топ: Жұмысқа орналасу (таңдаған мамандығы бойынша)
2 топ: Маркетолог және сатып алушы (сатылып жатқан тауарды сатып алушыға ұсыну)
Қорытындылау: Тест.
-
Үндестік заңының неше түрі бар?
А) 3
Ә) 5
Б) 2 +
В) 4
2. Дыбыс үндестігі деген не?
А) Соңғы буынның жуан болуына қарай қосымшаның жуан жалғануы.
Ә) Сөзде жуан-жіңішке дауыстының араласып келуі.
Б) Соңғы буынның жуан болса да, қосымшаның жіңішке жалғануы.
В) қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі. +
3. «Мен мамандық таңдаймын» сөйлемнің орысша баламасын табыңдар.
А) Моя будущая профессия
Ә) Я выбираю профессию +
Б) Я профессионал
В) Я будущий специалист
4. Сөз ішінде кейінді ықпалды табыңыз
А) Бір-біріне алшақ салынған он шақты үй тұр.
Ә) Жерұйықты іздеп жөнелді.
Б) Аманғалидің мазасы болмай тұр.+
В) Ғабиденнің «Өмір мен өлім» романы жарық көрді.
5. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды.
А) Көмектес септік
Ә) Табыс септік
Б) Жатыс септік
В) Барыс септік
Достарыңызбен бөлісу: |