Сабақтың тақырыбы: Балықшы мен бақалшы (ертегі)
Сабақтың мақсаты:
1.Ертегі мазмұны мен идеясын халқымыздың аталы сөздерімен байланыстыру арқылы талдауға негіз жасалды.
2.Оқушының шығармашылық дағдысы дамыды.
3. Туған жер табиғатын аялауды, табиғат пен адам қарым-қатынасындағы заңдылықты түсінді.
Сабақтың көрнекілігі:тақта, плакат, маркер, «Венн диаграммасы».
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру стратегиясы.
Сұрақ:
-Бесік жыры туралы не білемін деп ойлайсың?
Тақтада жазылған жырды іштей оқу.
1 2
Әлди,әлди,әй айым, Әлди,әлди, жаманым,
Атқа тоқым жабайын. Оңай менің тамағым.
Айдын кезген анаңды, Іске асса амалым,
Шақырайын, табайын. Лезде байып аламын!
Ойнақташы құлындай,
Еркелеші ұлымдай.
Менің балам бола ғой,
Жылағанды қоя ғой!
Сұрақ:
-Жырдың қайсы ұнады? Жырды кім айтып отыр деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың пікірлерін тыңдау.
ІІ. Мағынаны тану. Адасқан жолдар, болжау стратегиялары.
Тақырыпты жазу (Оқушылар топқа бөлініп отырды).
Ертегінің бір жартысы (Мысалы «Бақан ата тұңғиыққа батып кетеді» деген жерге дейін үш бөлімге бөлініп, жеке парақтармен оқушылардың алдына үлестіріліп берілді.)
Тапсырма.
1.Мәтін бөліктерін оқи отырып, мазмұнына қарай ретімен орналастыру. Орналастыру себебін дәлелдеді.
2.Ертегі мазмұнын айтуға дайын болды.
1-топ.1-бөлікті әңгімелейді.
2-топ.2-бөлікті әңгімелейді.
3-топ.3-бөлікті әңгімелейді.
Тапсырма.
Сабақ барысында оқушылар айтқан бесік жыры туралы болжамды талдай келіп, Балықшыны сипаттайды. (Балықшының сипаты «Венн диаграммасына»толтырылады.Кейін тағы да жалғастырылады.
Сұрақ:
-Балық өзінің балаларын неліктен бақалшыға тапсырмай,балықшыға тапсырды?
Тапсырма.
Оқыған үш бөлікке ат қою, яғни жоспар жазу. Бұл тапсырмамен жұмыс барысында оқушы мәтінді тағы бір рет зерттей оқуға мүмкіндік алады?
Мысалы:
1.Балықшы Бақан.
2.Бақалшы саудагер.
3.Қамқорлық.
Сұрақ:
-Ертегідегі кейіпкерлер қандай жақсы қылығымен көрінді?
-Балық пен балықшының бір-біріне жасаған жақсылығын қандай мақалмен түсіндірер едің?
Сұрақ:
-Балалар, Балықшыны сендер қимай отырсыңдар ма? Оны құтқару жолдарын қарастырайық.Оқушылардың ұсыныстары тыңдалады.
Тапсырма.
Ары қарай ертегіні іштей оқу тапсырылады.
Сұрақ:
-Бақалшы өзінің Бақан атынан қалай айырылып қалды?
-Бақалшы қандай адам?(Балықшымен салыстыра отырып, бақалшының сипатын «Венн диаграммасына» толтыру).
-Бақалшының жағымсыз адам болуына не себеп болды деп ойлайсыңдар?
Жаман қылықтың зияны адамның өзіне қайтып келетіні ертегінің негізгі идеясы екенін сезіну үшін «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» деген мәтел мағынасымен түсіндіріледі.
ІІІ.Ой толғау. Венн диаграммасы.
1-топ.Балықшы Бақан туралы
2-топ.Бақалшы туралы
3-топ.Ортақ қасиеттері туралы
Үйге тапсырма:
Тапсырма.
Жоспарды ары қарай жалғастырып жаз.
Тапсырма.
1.Ертегінің аянышты сәттерін оқы.
2.өзің үшін ертегінің өкінішті сәтін тауып оқы.
ІҮ.Бағалау.
Топтағы оқушыларға парақтар таратылады.
Балықшы мен бақалшы
(Ертегі)
Ертеде Атырау бойы тұрғындарының батагөй ақсақалы-Бақан дейтін балықшы қарт болыпты. Күн райын бақылап, дауыл мен жауын-шашын болатын күндерді алдын ала болжап отыратын көреген кісі екен.
Күндердің күнінде Атырау бойына бір саудагер шал келіп, сол арада қоныс тебеді. Оның да аты бақан екен. Әлгінің қулық-сұмдығын байқаған жұрт:
-Саудагер Бақан аттан садаға кетсін. Бақан емес, бақалшы,-депті де, солай атап кетіпті.
Бақалшы базар кезіп, сауда жасап, байи бастапты. Ол оңашада өзінше әндетеді екен:
-Мен ақылын табамын,
Арзан балық аламын.
Ел үстінде тағамым,
Оңай байып барамын!
Бір күні теңіз жағасында Бақан қарт балаларды ойнатып жүрсе, бір Балық екі-үш баласын арқалап келеді.
-Мейірімді ата, менің де балаларымды жұбатып бермес пе екенсіз?Өзім өрге жүзбекші едім, балаларым жылап қалатын болып тұр,-деп жалбарынады.
-Жарайды,-дейді балықшы қарт.-Сенің де талай жақсылығыңды көріп едім.Ел-жұртты аштықтан құтқарып едің. Сол жақсылығың үшін балаларыңды қарай тұрайын. Алаң болма., өрлеп қайт.
-Рақмет,ата,-деп, балық жүзіп кетеді. Балықшы балықтың балаларын әлдилеп, жұбата бастайды:
Әлди,әлди,әйайым, Оңай менің тамағым.
Айдын кезген анаңды, Лезде байып аламын!
Ойнақташы құлындай,
Еркелеші ұлымдай.
Менің балам бола ғой,
Жылағанды қоя ғой!
Қарттың қайырымдылығын көрген Балық Бақан атаға бір қап көксерке әкеліп берді. Алғысын айтып, балаларын алады да, теңізге қайтып кетеді. Қарт балықшы қараса, әлгі балықтардың іші толған асыл тас екен.
-Ойпыр-ай, құдай саған берген екен, мұнша байлықты қайдан алдың?-деп жабысадымұны көрген Бақалшы.
-Балаларын жұбатқаным үшін бір балық сыйға тартты,-дейді Бақан қарт жасырмай.
-Е,е, мен ол балықты көрдім, балаларымен ауға түсіп жатыр,-дейді Бақалшы.
-Не дейді, обал-ай! Жүр, көрсетші, мен оны ажалдан құтқарайын,-дейді Бақан ата.
Арам ойлы Бақалшы Бақан атаны ертіп әкеліп, ағыны қатты иірімді көрсетеді. Бақан ата үңіле бергенде, Бақалшы арт жағынан итеріп жібереді.
Бақан ата тұңғиыққа батып кетеді.
Бақалшы әлгі асыл тастарды алайын деп келсе, дым жоқ, бәрі ғайып болыпты. Сонан соң залым Бақалшы Бақан атаның киімдерін киіп, әлгі Балықтың қайта оралуынп келуін тосады.
Әлгі Балық суға батып бара жатқан Бақан атаны құтқарып алады. Балықшылардың оңаша бір күркесіне жеткізеді. Сонан соң балаларын шұбыртып, манағы қарт балықшыға балаларын қалдырған жерге келеді.
-Қайырымды қарт,-дейді ол сонда отырған кісіге.-Мен өрге жүзіп қайтайын деп едім, мына балаларыма бас-көз бола тұршы!..
-Әрине, жомарттың жолын тосқан құр қалмас деуші еді,-деп, Бақалшы өз емеуірінін сездіреді. Анасы кетісімен Балықтың балаларын ұрып-соғып, ауыздарына құм құйып, есін шығарады. Өзінше әндетіп те қояды:
Әлди,әлди, жаманым,
Оңай менің тамағым.
Іске асса амалым,
Лезде байып аламын!
Бір кезде Балық бір қап арқалап оралады.
-О, жомартым, балаларының тым ерке екен,уатам деп әбден шаршап отырмын, Тез қайтқаның жақсы болды,-деп, қапқа қарап ынтыға түседі Бақалшы.
-Қаптың аузын қараңғы шоланға кірмей ашпа! Айласы көп шортандар қашып кетуі мүмкін. Шоланның есік-терезесін мықтап жауып ал да, сонан соң аш!Асығыс едім, айыпқа бұйырма!-деп, Балық балаларын ертіп, теңізге шығып кетеді.
Бақалшы шоланға кіріп, есік-терезесін тарс жауып алады да, қаптың аузын ашады. Сол кезде қара шұбар оқ жылан, тоқпақ басты топ жылан, алты құлаш су жылан, ала бауыр у жылан атып шығады қап ішінен. Бақалшы лақтай бақырады, бірақ ешкім арашалай алмайды.
Сабақтың тақырыбы: Аңыз арнасы.Бекболат Әдетов
Сабақтың мақсаты:
1.Домалақ ана туралы түсінік берілді,өз аналарына деген сыйластық,құрмет,аялау қасиеттері дарыды, аңыздың мазмұны ашылды.
2.Оқушылардың сөздік қоры молайды, ойлау қабілеттері,көркем әдеби тілде сөйлеу қабілеттері дамыды.
Сабақтың көрнекілігі:ақ парақтар,маркерлер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:СТО стратегиялары.
Сабақтың барысы.
І.Қызығушылықты ояту.Ой шақыру, INSERT стратегиялары.
Сұрақ:
1.Аңыз туралы не білемін деп ойлайсыңдар?
2.Сендерге ең жақын адам кім?
3.Ана сөзіне қандай сөз қосып айтар едің?
«Ү»-мен білемін
«-»-көршімнен толықтырдым
«+»-мен үшін жаңа
«?»-сұрағым бар
Оқушылар жеке дәптерге толтырады.
Топта пікір алысады, әркім өзіне толықтыру енгізеді.
(Кестенің 1,2 тарауларына жазады)
«Ү»
|
«-»
|
«+»
|
«?»
|
-Ауыз әдебиетіне жатады
- бұрынғы заманда болған адам жайлы
- Жан ана
-Аяулы ана
|
-Сүйікті ана
-Қымбатты ана
-Құрметті ана
|
-Домалақ ана
-Аққошқар батыр
-айыпты болды
-Сары айғыр табын жылқының қазығын қалап алды
-Бәйдібек батырдың ұлдары
- Домалақ ана басу айтты
-жылқы таң ата қайтып келді
-қырғыз барымташылары келген жоқ
- Домалақ ана
екі елді бітістірді
|
-Шынында сиқыры бар ма?
-Неге асау жуасыды?
-Неге жібермеді?
-Өздері қайтара ма?
-Көп жылқы бұларды қалай табады?
-Қырғыз барымташылары не істейді?
|
ІІ.Мағынаны тану.Болжау стратегиясы(кестенің 3,4, бөлігі толтырылады)
Мәтінді оқиға желісіне қарай бөліктерге бөліп оқу.
Сөздік жұмыс
Мазмұнымен жұмыс
Бөлімдерді қортындылау
Жоспар құру
1.Барымташылар
2.Айып төлеу
3. «Малыңның қазығы қолда»
4.Домалақ ана-бітімгер
Сергіту сәті
Гүл суретін салу
Түстерге психологиялық сараптама жасау
ІІІ.Ой толғау.
Бес жолды өлең
Мақал-мәтелдер айту
Үйге тапсырма
Сабақтың тақырыбы:Хайуанаттар дүниесі.Бейсебай Кірісбаев
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылар төрт түлік, мал шаруашылығы және малшының тұрмыс-тіршілігітуралы алған білімдерін тиянақтады.
2.Тіл байлықтарын, сөздік қорын молайтты.
3.Төрт түлік малды құрметтеуге малшы еңбегі мен ауылшаруашылық еңбектің құндылығын сезді, ұлттық тәрбие алды.
Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік малдың суреттері.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.Топтастыру стратегиясы
1-топ. Төрт түлік малды суреттеу
2-топ. Төрт түлік малды зерттеу
3-топ. Төрт түлік малдың пайдасы
Оқушыларды топқа бөлу жұмысы
«Түйе», «Жылқы,сиыр», «Қой,ешкі» топтарына бөлу осы сөздердің мағынасын ашады.
Сергіту сәті
Жүнім менің сабалақ, Бөрідейін тиемін,
Барақ итпен бірдеймін. Бөрілерге азулы.
Бірақ та мен абалап, Ал ықылас, ниетім,
Көрінгенге үрмеймін. Көкейімде жазулы.
Төрт түлік малға иттің қатысы жайлы айту.
ІІ.Мағынаны тану.
INSERT стратегиясы
Әр топ өз тобының атауына байланыстыбілгендерін қағаз бетіне түсіреді.
(Ақ парақ, маркер таратылады)
«Ү»білемін
|
«-»ойым бөлек
|
«+»жаңа ақпарат
|
«?»білгім келеді
|
|
|
|
|
Ақ параққа тізеді
Әр топ шумақтарын мәнерлеп оқиды
Жазған ойы көршісімен сәйкес келе ме? (Өз ойларын айтады)
Не білгісі келетінін топта айтып, кестеге түсіреді
Төрт түлік малды бағушы малшы еңбегі, тұрмыс-тіршілігі, мекені т.б.
ІІІ.Ойтолғау
«Кубизм» стратегиясы бойынша тапсырмаларын анықтау
Жеке жұмыс
Топта жұмыс
1.Ақындар. «Төрт түлік» 5 жолды өлең
2.Суретшілер. «Венн диаграммасы» ауыл мен қала өмірін салыстыру.
3.Мал өсіруші ферманың директоры. «РАФТ» стратегиясы:
Р-директор
А-малшы
Ф-әңгіме
Т-төрт түлік малдың қорасы
4.Зоотехник. «Малда кездесетін түрлі жұқпалы аурулардан қорғанудың алғышарттары». «Т кестесін» құру.
5.Жазушы. «Төрт түлігім-асыл қазынам». Эссе.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау
Сабақты қортындылау
Үйге тапсырма
«Ү»білемін
|
«-»ойым бөлек
|
«+»жаңа ақпарат
|
«?»білгім келеді
|
|
|
|
|
«Ү»білемін
|
«-»ойым бөлек
|
«+»жаңа ақпарат
|
«?»білгім келеді
|
|
|
|
|
1.Ақындар. 1.Ақындар.
2.Суретшілер 2.Суретшілер
3.Мал өсіруші ферманың директоры.
4.Директор
5.Малшы
3.Мал өсіруші ферманың директоры.
4.Директор
5.Малшы
6.Зоотехник. 6.Зоотехник.
7.8.Жазушылар.
7.8.Жазушылар.
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Қанай би ауылы
Қарабұлақ негізгі мектебі
Ашық сабақ
4-сынып
Әдебиеттік оқу
Өткізген:бастауыш сынып мұғалімі
Тасымбекова Ж.Қ
2013-2014 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |