Вирустар
-
тек тірі, сезімтал жасуша ішінде көбеюге
қабілетті, өлі және тірі микроорганизмдердің аралық, өте
кішкентай субжасушалық құрылымдар. Вирустар берегей
геномға ие, себебі олар тек ДНҚ немесе РНҚдан тұрады
және гаплоидты болып келеді, яғни тек бір ғана гендер
жиынтығы бар.
Бұл сөзді алғаш рет темекі теңбілі зиянкесін зерттеген орыс
ғалымы Д.И.Ивановский 1892 жылы қолданады. Қазіргі
кезде жылыққанды омыртқалыларға, өсімдіктерге, тіпті
бактерияларға жұғатын вирус тудыратын аурулар бар.
Мысалы:
қызылша, тұмау, полиомиелит, құтыру, шешек,
сары безгек, трахома (жұқпалы көз ауруы), энцефалит
(мидың қабынуы), кейбір онкологиялық аурулар (қатерлі
ісік), СПИД, сүйел, ұшық.
Вирустардың түрлері:
Темекі теңбілі вирусы
тгк
Тұмау вирусы
Бактериофаг
СПИД вирусы
Вирустардың геномы жасушаға генетикалық паразиттілігін көрсете
отырып провирус түрінде жасушаның генетикалық аппаратына
қосылуға қабілетті. Кейбір вирустардың нуклейн қышқылдары
плазмидаға ұқсап зақымданған жасушаның цитоплазмасына
орналасуы мүмкін.
Қорытынды
Микробиология — микроскоппен көрінетін тірі ағзаларды зерттейтін ғылым
саласы.
Жасуша әр организмнің тіршілік етуін және оның өмірлік функцияларын қолдайды,
соның ішінде өсу, даму, көбею және қоршаған ортамен әрекеттесу. Эукариоттар
өмірдің әртүрлілігі мен күрделілігін қамтамасыз етеді және экосистемалардағы
көптеген маңызды функцияларды атқарады.
Қазір ғылымда бүкіл микробтар дүниесінің 10%-ақ проценті белгілі. Ал
қалғандарын тауып, олардың пайдалы жақтарын адам баласы игілігіне
кеңінен қолдану, зиянды түрлерімен тиімді жолдарымен күресу -
микробиология ғылымының бүгінгі таңдағы төл ісі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.
Қ.Ә. Сапаров. Цитология және гистология: оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті,
2019.
– 312 бет.
2.
Ибадуллаева С.Ж., Ауезова Н.С., Ажмолдаева К.Б., Раманова Л.Б. Жалпы биология.
Оқу құралы. Қарағанды: "Medet Group" ЖШС. 2021. – 154 бет.
3.
Д.К. Кирбаева. Микробология және вирусология негіздері. Оқу құралы. Алматы: Қазақ
университеті, 2017. –168 бет.
4.
Стамбеков С.Ж., Петухов В. Л.С. Молекулалык биология: Оқулық. ҚР Білім жоне ғылым
министрлігі. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. - Новосибирск: Семей
МУ, 2003. – 216 бет.
5.
Темірбекова Ж., Темірбекова Д. Микробиология. Оқу құралы. 1том. Астана: «Дарын»,
2011.
– 228 бет.
6.
Соловьев., 9 сынып, Атамұра, 2019. 272 бет.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |