Сабақтың мақсаты: Жеңгем сырласым 1-жүргізуші: (Зеилбек Сейітхан) Қош келіпсіздер құрметті қонақтар!



Дата15.06.2016
өлшемі49.21 Kb.
#137465
түріСабақ
Зеилбек Сейітхан Қалмаханбетұлы,

Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің қосымша білім беру педагогы

ОҚО, Мақтарал ауданы

Сабақтың мақсаты: Жеңгем – сырласым


1-жүргізуші: (Зеилбек Сейітхан) Қош келіпсіздер құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: (Балықбаева Айгүл) Армысыздар аяулы аналар, ұстаздар, ару қыздар! Бүгінгі «Жеңгем сырласым» атты мерекелік сайысымызға қош келіпсіздер!

1-жүргізуші: Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!

2-жүргізуші: Уақытты байқамаппыз зырғып өткен,

Қыс бітіп, келіп қапты нұрлы көктем.

Ақпанның аязынан шаршадым ба?

Аңсадым шуағы мол күнді көптен.

Алғашқы күні менен баршаңызды,

Құттықтап қояйыншы шын жүректен!

1-жүргізуші: Құтты болсын аналардың мейрамы!


Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

2-жүргізуші: Ал, олай болса Сейітхан қонақтарды көп күттірмей мерекелік кешімізді бастайық.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың Айгүл, олай болса мерекелік кешімізді ашып беруге мектебіміздің директоры Сейдалиев Маратбек ағайымызды ортаға шақырайық.
2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың мақсаты: Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі-өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қатынасты нығайту.

1-жүргізуші: Бүгінгі «Жеңгем-сырласым» атты сайысқа 5 аруымыз жеңгелерімен қатысады. Ал, олай болса Айгүл аруларымызды жеңгелерімен бірге ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: 1-жұп: Қайынсіңлісі – Төребек Айдана (9-сынып оқушысы) жеңгесі – Тұрсынқұлова Айгүл химия-биология пәні мұғалімі.

2-жүргізуші: 2-жұп: Қайынсіңлісі – Кемал Ақбота (11-сынып оқушысы) жеңгесі – Жұбаева Ұлбосын математика пәні мұғалімі.

1-жүргізуші: 3-жұп: Қайынсіңлісі – Орынтай Ақнұр (10-сынып оқушысы) жеңгесі – Исаева Гүлайна бастауыш сынып мұғалімі.

2-жүргізуші: 4-жұп: Қайынсіңлісі – Бектай Мақпал (11-сынып оқушысы) жеңгесі – Паташова Мадина мектеп лобаранты.

1-жүргізуші: 5-жұп: Қайынсіңлісі – Абылова Айнұр (11-сынып оқушысы) жеңгесі – Белисова Жәмила бастауыш сынып мұғалімі.

2-жүргізуші: Ия. Жиын тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған, жеңгелері де қайынсіңлілерінің атын атамай «Еркежан», «Бикеш», «Сұлуқыз» деп еркелеткен.

1-жүргізуші: «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» деп қызғалдақтай құлпырған қыздарымыз бен олардың жеңгелері сіздермен бірге реттік санымызды белгілеп алсақ.

2-жүргізуші: Олай болса бұл аруларымыз бен жеңгелерін бағалайтын әділ қазылармен таныстырайық.

1-жүргізуші: Дошманов Дінмұханбет - ДТІЖО

2-жүргізуші: Демеуова Алмаш - Математика пәнінің мұғалімі

1-жүргізуші: Жамединова Тамара - Бастауыш сынып пәні мұғалімі

2-жүргізуші: Нұрпейісова Бағила - Математика пәнінің мұғалімі 1-жүргізуші: Дүйсенов Мамыр - Мектеп психологы

2-жүргізуші: Таймырзаева Ақтолқын - Технология пәні мұғалімі
2-жүргізуші: Біздің сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

1. Кел танысайық. (сәлемдесу, таныстыру)

1-жүргізуші: 2.Білгенім бір тоғыз... (салт-дәстүрге байланысты сұрақтар

қойылады)

2-жүргізуші: 3.Сегіз қырлы, бір сырлы (өз өнерін көрсету)

1-жүргізуші: 4. Ас мәзірі (салат жасау)

2-жүргізуші: 5.Ситуациялық жағдаяттан шығу (көрініс)

1-жүргізуші: 6.Қол өнер.

2-жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

1-жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Жеңгесі мен аруларды сайыстырып,

Таныстырып өздерін өтер дейміз.

2-жүргізуші:Ендеше бірінші шартымыз бойынша аруларымыз жеңгелерімен бірге ортаға шығып өздерін таныстырады.
Ән: Орынбаев Асылбектің ағаймыздың орындауында «Аналарға ақ тілек» әні

Әділ қазылар алқасы осы жерде бірден бағасын беріп өтіңіздер. (Әр сайыс бойынша жауапты әділ қазы бағасын беріп өтеді)

1-жүргізуші: Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар

Жауаптарын таба ма екен сайыскерлер

Сол себептен қоятын сұрақтар бар – деп сайыскерлер «Білгенім бір тоғыз...» бөлімі бойынша салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қоюдан бастаймыз.


Ән: Балықбаева Айгүлдің орындауында «Ана» әні

Әділ қазылар алқасы осы жерде бірден бағасын беріп өтіңіздер.

2-жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Би-билеп, ал біреуі ән салыпты

Бүгінгі сайыста бәйге алуға

Арулар жеңгесімен аянбай-ақ жан салыпты.

1-жүргізуші: Ендеше Айгүл үшінші шартымыз бойынша аруларымыз жеңгелерімен бірге өз өнерлерін көрсетеді.
Ән: Бисен Нұрсұлтанның орындауында «Бол жанымда» әні

Әділ қазылар алқасы осы жерде бірден бағасын беріп өтіңіздер.

2-жүргізуші: Ас мәзірім өнер тамып қолымнан,

Жаңылмаған ата-баба жолымнан.

Балдай тәтті, дәмді етіп жасасын,

Біз айтайық төрелігін соңынан.

1-жүргізуші: Төртінші шартымыз бойынша аруларымыз жеңгелерімен біргелесіп отырып ас мәзірін дайындайды.
2-жүргізуші: Аяулысың ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

Ән: Есентай Ақеркенің орындауында «Ана-әке» әні

Әділ қазылар алқасы осы жерде бірден бағасын беріп өтіңіздер.

2-жүргізуші: Ситуациялық жағдаяттан шығу (көрініс) Десек те уақытпенен жарыспайды,

Қиялға- қиял менен қарыштайды.

Арулар шын жүректен тебіреніп,

Өнерін сіздерге бағыштайды.

Әділ қазылар алқасы осы жерде бірден бағасын беріп өтіңіздер.

1-жүргізуші: Қол өнер.(жеңге мен қайынсіңлі бірлесіп, көпшілік алдында жасайды)


Әділ қазылар алқасы осы жерде бірден бағасын беріп өтіңіздер.

Бұл сайыс басқа сайыстардан ерекшеленіп тұратын жақтарымен танылып тұрды. Әр бөлім 5-түрлі критерилермен бағаланып отырды. Дегенмен де сайыста жеңу бар, жеңілу бар демекші сайыс та өз мәресіне жетті. Барлық жұптардың бағалау тәсілдері ескеріліп бас жүлдені 5-жұп: ару Абылова Айнұр мен жеңгесі – Белисова Жәмила иеленді. Қалған 4-жұп ару қыздарымыз бен жеңгелерінің жинаған бағаларына қарап, түрлі номинациялармен марапатталды. Ару қыздарымыз бен жеңгелеріне мектеп директоры М.Сейдалиев жанынан ұйымдастырылған арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. «Жеңгем-сырласым» атты сайысқа мектеп ұжымымен қатар ауыл тұрғындары да қатысып, сайыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, өз бағаларын беріп жатты.

2-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.



Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осыменен «Жеңгем сырласым» атты сайысымыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет