Сабақтың мақсаты: Күтілетін нәтиже 1 Өсімдік мүшелерімен таныстыру



Дата03.07.2016
өлшемі62.19 Kb.
#174129
түріСабақ
Тақырыбы: Өсімдік мүшелері.

Сабақтың мақсаты:

Күтілетін нәтиже

1 Өсімдік мүшелерімен таныстыру

2 Өсімдік туралы білімін дамыту.Өсімдік мүшелерін ажырата білуге үйрету.

3. Ұқыптылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Табиғатты қорғауға баулу.




Өсімдік мүшелерін ажырата біледі. Өсімдік топтары мен өсімдік мүшелерін танып біледі.Өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайларды біледі.

Түрі: саяхат сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап

Типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақта қолданатын модульдер:СТО, АКТ,

Негізгі деректер: АКТ, тақта, оқулық, суреттер, слайдтар





Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

-Балалар бүгін біз дүниетану сабағында Астанаға саяхатқа шығамыз.Астанаға бару үшін пойызға билет аламыз.

Көкөністердің, жемістердің, жидектердің, гүлдердің суреттерінен қалағандарын алады.Ал балалар әркім өз вагонына отырсын. Төрт вагонға жемістер, көкөністер, жидектер, гүлдер деп жазылған.

Алған суреттеріне байланысты әркім өз вагонына отырып, төрт топқа бөлінеді.


Баға критерилері

Кім жылдам? Сұрақ-жауапқа –

Үй тапсырмасына –

Жаңа сабаққа –



Қорытындыға –




Топ басшылары жауап берген оқушыларды белгілеп отырады

Психологиялық дайындық
Өткен тақырыпты еске түсіру


Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру



  • Балалар, Астанаға тез жету үшін, табиғат туралы білетін тақпақтарымызды айтайық.

Табиғат тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен көлсің, сен ормансың, сен бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа қызықтырған.
Ал, балалар Астанаға келіп жеттік, сендер Бәйтеректі көру үшін өтілген тақаырыптарға байланысты сұрақтарға дұрыс жауап берулерің керек.

        1. Бақта не өседі?

        2. Бақшада не өседі?

        3. Қандай жидектерді білесіңдер?

        4. Табиғаттың қандай түрлері бар?


ИИнтерактивті тақтадан Бәйтеректің суретін көрсету.Мағлұмат беру.( «Астана-Бәйтерек» монументі бейнелейтін негізгі ой – бұл Әлем Ағашы.«Бәйтерек» - өмір ағашы дегенді білдіреді, 300 тонна салмағымен шар 97 метр биіктікке көтерілді.)
Құстардың күзгі тіршілігі туралы түсініктерін сұрау, сұрақтарға жауап алу.

1.Өзің білетін жыл құстарын ата

2. Құстар немен қоректенеді?

3. Құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді?

4. Құстар табиғатқа қандай пайда келтіреді?
Интерактивті тақтадан "Ақ орда" суретін көрсету.Мағлұмат беру. Астана қаласының "Ақ орда" резиденциясында Елбасы дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесті. Қазіргі таңда Қазақстанда 70 дипмиссия мен мен елшіліктер жұмыс істейді..
Тірі табиғатқа нелер жатады?

Біз оларды неге тірі табиғат дейміз?

Балалар табиғат туралы тақпақ айтады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді


          1. Жемістер

          2. Көкөністер

          3. Таңқурай, құлпынай, бүлдірген, қарақат т.б.

          4. Өлі табмғат, тірі табиғат


Бәйтерек туралы білетіндерін айтады

Құстардың күзгі тіршілігі туралы түсініктерін айтып, сұрақтарға жауап береді.

Ақорда туралы білетіндерін айтады
Өсімдік, адам, құстар, жануарлар.Олар қоректенеді,

өседі, өнеді, өледі


Жаңа сабақ

Өсімдік топтары мен өсімдік мүшелерімен таныстыру

Өсімдік тірі табиғатқа жатады.Олар қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қурайды. Өсімдіктердің өсуіне топырақ, су, жылу, ауа, күн көзі жарық керек. Өсімдіктер үш топқа бөлінеді: ағаштар, бұталар, шөп тектес өсімдіктер.

Өсімдік мүшелерін интерактивті тақтадан көрсетіп таныстыру. Тақырыпты оқи отырып түсіндіру,көрсету.Кез келген өсімдіктің мүшелері болады. Ағаштың сабағын «дің» дейді.

Өсімдік топырақтың, тамырдың, сабақтың көмегімен қоректенеді.


  • Ал, балалар Астанадағы тағы бір әсем ғимаратымыз Бейбітшілік және келісім сарайы

Оқушылар тыңдайды, көреді

Сергіту жаттығу

Гүлзат көлден су алды,

Гүлдерді кеп суғарды.

Кіп-кішкентай гүлдер,

Тал шыбықтай ырғалды




Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Жаңа сабақты пысықтау

Әр топ өз өсімдіктерінің мүшелерін айтады.Өсімдіктердің қай тобына жататынын дәлелдейді.Сұрақтарға жауап береді.



Жемістер



Жидектер
Гүлдер
Көкөністер
Ал, балалар Астанадағы тағы бір әсем ғимаратымыз Ханшатыр ойын сауық орталығына саяхаттайық



Ағаш тектес өсімдік .Діңі болады

Бұта , шөп тектес өсімдік. Діңі болмайды, бұтағы болады

Шөп тектес өсімдік. Бұтағы болмайды, сабағы болады

Шөп тектес өсімдік. Бұтағы болмайды, сабағы болады


Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау

«І Ішіне және сыртына» стратегиясы

Өсімдіктің ішіне мүшелерін, сыртына өсімдіктің өсуіне не керек екенін жазады

-Өсімдік мүшелеріне нелер жатады?



-Өсімдік тіршілігіне не қажет?



Ө


Тамыр, сабақ, жапырақ
Су,ауа, жылу, жарық, қорек

Үйге тапсырма

Өсімдік әлемі. Өсімдік мүшелері.

Мәтінді түсініп оқу


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет