Сидиков Нурбек Сансизбаевич,
№ 90 жалпы орта мектебі алғашқы әскери дайындық
пәнінің мұғалімі.
ОҚО, Шымкент қаласы
Тақырыбы: Ерлікке тағзым - елдігіміздің белгісі
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу . Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, бейнетаспа, суреттер.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, оқытушылар және білімгерлер! Бүгін Қазақстан халқы Жеңіс күнін тойлауда. Бұл күн біздің еліміздің тарихында, халқымыздың тағдырында ерекше орын алады. Бұл - бүкіл халықтық мереке. Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан аға ұрпақ алдында әрдайым тағзым етуге міндеттіміз.
ҚР Әнұраны орындалады.
2-жүргізуші: Адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыстың аяқталғанына 70 жыл болды. Сол бір отты жылдар бізден қаншалықты алыстаған сайын Отанымызды қорғаушылардың ерлігі одан сайын маңызды бола түседі.
Соғыстың сұрапыл жылдарында қаза тапқан ерлерді еске алып, бір минут үнсіздік жариялаймыз.
Ән «Атамекен»
1-жүргізуші: Майдангерлер,
Бірін бірі іздейді қайран ерлер,
Қайран ерлер - кешегі майдангерлер.
Қанын, жанын қимаса жанталаста,
Мына Жеңіс біздерге қайдан келген?!-, демекші бүгінгі кештің қадірлі қонағы, Ұлы Отан соғысы ардагерімен таныстырып өтейік.
(Ардагермен таныстырып сөз беріледі) Ұлы Отан соғысы ардагері Жақсыбаев Сұрап Жақсыбайұлы атамыз.
2-жүргізуші: Осы ардагерлердің құрметіне арнап, «Қызғалдақтар» хорының орындауында «Бейбіт күн тілегі» әні орындалады.
Көрініс «Соғыс майданында»
1-оқушы: Өлең «Ұрпақ оны көрмесін»
Отты жылдар басты жер үстін мұң,
Сан бозадағым көрмеді-ау жеңіс күнін.
Құрысын соғыс! Ұрпақ оны көрмесін,
Амандығын тілеймін Жер үстінің.
От кешкен Отан үшін ардагерлер,
Ел үшін ту ұстаған кемеңгерлер.
Ішінде қызыл-жоса қанды шайқас,
Ерлікпен құрбан болды талай ерлер.
2-оқушы: Өлең «Отанды қорғау»
«Отан қорғау!»-сын сағатта серт болды!
Құрысын соғыс! Далам жалын өрт болды.
Жанын түйіп шүберекке ерлерім,
Сұм соғыста қанша боздақ мерт болды?
Ыза кернеп, көкірекке дерт толды,
«Отан үшін жаным пида!»-серт болды.
Күңіреніп, құлазыды құба бел,
Сұм соғыста қанша боздақ мерт болды?!
Зарлы аналар, мұң басқан жас пен кәрің,
Арысыңнан айырылдың боздап бәрің,
Елі мен жері үшін бақи көшкен.
2-жүргізуші: Сүйікті Отанға қауіп төнген кезде елін, жерін, бостандығын қорғап, бүкіл ел үлкен демей, кіші демей қолдарына қару алып, теңдесі жоқ ерлік жасады. Ер азаматтар мен бір қатарда қыздар да соғысқа аттанды. Қазақ халқының көзінің ағы мен қарасындай болып, Шығыстың қос шынары атанған батыр апамыз: Әлия Молдағұлова және Мәншік Мәметовалар солардың қатарында.
1-жүргізуші: Келесі орындалар «Сарбаздар» әні сұрапыл соғыста опат болған, Жеңіс туын желбіреткен батыр аналарымызға арналады.
2-жүргізуші: Осы ата-апаларымыздың ұрпақтары болашақ сарбаздарымызды қарсы алайық. (Взвод шығады)
3-оқушы: Күллі әлем тағатсыз күткен Жеңіс жалауы Рейхстагта желбіреді.1945 жылы 9 мамырда Берлин іргесіндегі Карлхарсте фашистік Германияның қарулы күштерінің сөзсіз тізе бүккені туралы актіге қол қойылды. Сөйтіп, барша адамзат жүрегі қуанышқа толып шаттанды. Фашистер өз жерінде тұншықтырылды. Совет халқы адам айтқысыз зардаптар шегіп, қисапсыз құрбандықтарға төзіп, жеңіс тұғырына шықты.
Ән «Катюша»
4-оқушы
Әуелі Отан – Ана алды, аттың басы,
Ауыл алды, аулаған шөптің басы.
Сағынғанда, тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен,
Биік тау, орман тоғай көлімді.
5-оқушы
Отан үшін өлімге
Белді байлап бас тігіп,
Жапанда жанын тапсырды,
Жалындап жанып жас жігіт.
Толқын шашып от шалып,
Ақша беттен нұр кетті.
Жаз шағының жазынан
Айырылатын күн жетті.
2-жүргізуші: «Бейбіт күннің бәрі де-Жеңіс күні»-демекші, барлықтарыңызды осы Жеңіс мейрамымен құттықтай отырып, ашық аспан, денсаулық тілеп сіздермен қош айтысамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |